Метка: Қазақстан темір жолы

  • Шамалған стансасында темір жол өткелі жабылды

    Шамалған стансасында темір жол өткелі жабылды

    Алматы облысы Қарасай ауданы Шамалған стансасы маңында 19 наурыздан бастап автокөліктер қозғалысы өзгереді.  Бұл туралы «ҚазАвтоЖол» баспасөз қызметі мәлімдеді.

    «ҚазАвтоЖол» ҰК» АҚ республикалық маңызы бар KAZ01 «Астана-Қарағанды (айналма жол) – Алматы» автожолының «Шамалған стансасының айналма жолының» 2453-2446 шақырым (42-49 шақырым) аралығындағы учаскесінде құрылыс жұмыстарының аяқталуына және қолданысқа берілуіне байланысты жол пайдаланушыларға өзгерістер туралы ескертеді.  19 наурыздан бастап «Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ хаты негізінде Алматы облысы, Қарасай ауданы, Жібек жолы елдімекені арқылы өтетін аталған автожолдың 2448+900 шақырымында (46+100 шақырым) орналасқан теміржол өткелі жабылады. Көлік құралдарының үздіксіз қозғалысын қамтамасыз ету мақсатында барлық қауіпсіздік талаптарына сәйкес келетін жаңа айналма жол ұйымдастырылды», – делінген хабарламада. Яғни, бұл жолға шектеу қойып отырған – «Қазақстан темір жолы» АҚ. «Қазавтожол» тек балама жол ұсынғанын айтты.

    Қазіргі уақытта барлық қажетті жол белгілері мен қозғалысты реттейтін құралдар белгіленген аймаққа орнатылған.

    Sona.kz тілшісі Қарасай ауданы әкімдігіне хабарласып, мән-жайды сұрап көрді. 

    «19 наурыз күні Жібек жолы ауылы Р.Байжарасов көшесінде орналасқан темір жол өткелі толықтай жабылды. «Қазавтожол» АҚ тарапынан бетондар және арнайы жол белгілері қойылып, «Қазақстан темір жол» АҚ темір жол өткелінде торлы қоршау орнатып, демонтаж жұмыстарын жүргізуде», – деп жауап берді.

  • Қазақстан темір жолы қызметкері есірткімен ұсталды

    Қазақстан темір жолы қызметкері есірткімен ұсталды

    Жедел іздестіру кешенін өткізу барысында есірткі өткізумен айналысқан қаланың екі тұрғыны қолға түскен.

    Ұсталғандардың бірі «ҚТЖ — Жүк тасымалы» ЖШС қызметкері екені белгілі болды. Тінту барысында шамамен 700 грамм есірткі тәркіленді, электрон таразы, электрошокер, пневматикалық мылтық, 2 мылтық және оқ-дәрі алынды.

    Қылмыстық кодекстің екі бабы бойынша полиция қылмыстық іс қозғады. Күдіктілер қамауға алынды, — деді Павлодар облысы Полиция департаменті өкілі.