Метка: «Қазавтожол» ҰК» АҚ

  • «ҚазАвтоЖол» компаниясының бұрынғы төрағасы сотталды

    «ҚазАвтоЖол» компаниясының бұрынғы төрағасы сотталды

    Астана қаласының қылмыстық істер жөніндегі ауданаралық соты «ҚазАвтоЖол» ҰК» АҚ-ның бұрынғы төрағасы мен бас мердігерге қатысты «Жақсы-Есіл-Бузулук» автожолын күрделі жөндеуге, соның ішінде Есіл өзені арқылы өтетін көпірді салуға бөлінген 200 млн теңге көлемінде мемлекет қаражатын жымқырғаны үшін үкім шығарды.

    Келісімшарттың бұзушылықтармен жасалғандығы және берілген аванстың ысырап етілгендігі дәлелденді. Жоба бойынша жұмыс басталмаған. Сотталғандар 8 жылға бас бостандығынан айырылды. Сонымен қатар, сот мемлекетке келтірілген залалды өндіріп алды.

    Сот үкімі заңды күшіне енген жоқ.

  • Төрт облыста жүргізушілерге ескерту жасалды

    Төрт облыста жүргізушілерге ескерту жасалды

    «2024 жылғы 9 желтоқсанда Абай, Алматы, Жетісу және Шығыс Қазақстан облыстарының кей жерлерінде қар күтілуде. Сол себепті жүргізушілерге қауіпсіздік ережелерін қатаң сақтап, жолдардағы ауа райының қолайсыздығын ескерулеріңізді сұраймыз», – делінген хабарламада.

    1403 байланыс орталығына хабарласып, тәулік бойы қосымша ақпарат алуға болады.

  • Республикалық маңызы бар жолдарда KAZ және KZ жаңа индекстері бекітілді

    Республикалық маңызы бар жолдарда KAZ және KZ жаңа индекстері бекітілді

    Еліміздегі республикалық маңызы бар автомобиль жолдарында KAZ және KZ жаңа индекстері бекітілді.

    «Қазавтожол» ҰК» АҚ» ақпаратына сәйкес, KAZ индексі бірнеше өңір арқылы өтетін 23 автомобиль жолына берілген. Мәселен, Астана мен Алматыны жалғап, Қарағанды арқылы өтетін жол KAZ01 индексін еншілесе, «Астана-Көкшетау (айналма жолмен)-Петропавл-РФ шекарасы («Жаңа жол» өткізу пункті)» бағыты KAZ02 болып белгіленді.

    KZ индексі бір өңірдің шегінде орналасқан республикалық маңызы бар 88 жол үшін қолданылады. Мәселен, Ақтөбе облысындағы «Қандыағаш-Ембі-Шалқар-Ырғыз» тасжолы KZ04-02 индексін алды. Онда көрсетілген «04» нөмірі өңірді, ал «02» нөмірі облыс шегіндегі жолдың реттік нөмірін көрсетеді. Жамбыл облысындағы «Меркі-Шу-Бурылбайтал» автомобиль жолы KZ08-04 деп белгіленді, мұндағы «08» өңірді, ал «04» облыс шегіндегі жолдың нөмірін білдіреді.

    E және АН сияқты халықаралық келісімдер арқылы тағайындалған автомобиль жолдарының индекстері өзгеріссіз қалады. Бұл халықаралық көлік жүйесіндегі жүйелілік пен транзиттік қозғалыс жайлылығын қамтамасыз етеді, – делінген компания хабарламасында.

    Автомобиль жолдарының тізімі, атаулары және индекстері сілтемеде берілген.