Метка: Қазавтожол

  • Республикалық маңызы бар жолдарда KAZ және KZ жаңа индекстері бекітілді

    Республикалық маңызы бар жолдарда KAZ және KZ жаңа индекстері бекітілді

    Еліміздегі республикалық маңызы бар автомобиль жолдарында KAZ және KZ жаңа индекстері бекітілді.

    «Қазавтожол» ҰК» АҚ» ақпаратына сәйкес, KAZ индексі бірнеше өңір арқылы өтетін 23 автомобиль жолына берілген. Мәселен, Астана мен Алматыны жалғап, Қарағанды арқылы өтетін жол KAZ01 индексін еншілесе, «Астана-Көкшетау (айналма жолмен)-Петропавл-РФ шекарасы («Жаңа жол» өткізу пункті)» бағыты KAZ02 болып белгіленді.

    KZ индексі бір өңірдің шегінде орналасқан республикалық маңызы бар 88 жол үшін қолданылады. Мәселен, Ақтөбе облысындағы «Қандыағаш-Ембі-Шалқар-Ырғыз» тасжолы KZ04-02 индексін алды. Онда көрсетілген «04» нөмірі өңірді, ал «02» нөмірі облыс шегіндегі жолдың реттік нөмірін көрсетеді. Жамбыл облысындағы «Меркі-Шу-Бурылбайтал» автомобиль жолы KZ08-04 деп белгіленді, мұндағы «08» өңірді, ал «04» облыс шегіндегі жолдың нөмірін білдіреді.

    E және АН сияқты халықаралық келісімдер арқылы тағайындалған автомобиль жолдарының индекстері өзгеріссіз қалады. Бұл халықаралық көлік жүйесіндегі жүйелілік пен транзиттік қозғалыс жайлылығын қамтамасыз етеді, – делінген компания хабарламасында.

    Автомобиль жолдарының тізімі, атаулары және индекстері сілтемеде берілген.

  • «Қазавтожол» жүргізушілерге ескерту жасады

    «Қазавтожол» жүргізушілерге ескерту жасады

    «Қазавтожол» ҰК» АҚ ауа райының нашарлауына байланысты жүргізушілерге ескерту жасады.

    Компания мәліметінше, ертең Абай, Ұлытау, Қарағанды, Ақтөбе, Павлдар және Шығыс Қазақстан облыстарында қар аралас жаңбыр жаууы мүмкін. Шымкент қаласында, Алматы және Жамбыл облыстарында жаңбыр жаууы күтіледі.

    Ауа райының қолайсыздығына байланысты жүргізушілерге қауіпсіздік ережесін қатаң сақтау сұралады.

    Сондай-ақ, 1403 нөмірі бойынша байланыс орталығына хабарласып, тәулік бойы қосымша ақпарат алуға болатыны хабарланды.