Метка: Қазпошта

  • «Қазпошта» Қытаймен бірге маркетплейс іске қосады

    «Қазпошта» Қытаймен бірге маркетплейс іске қосады

    «Қазпошта» АҚ электрондық коммерция мен цифрлық технологиялар саласындағы Қытайдың жетекші компанияларымен екі стратегиялық келісімге қол қойды.

    Жоспарға сәйкес, Қазақстанда трансшекаралық маркетплейс іске қосылады. Платформа JD.com International сынды ірі қытайлық ритейлерлердің жеткізу тізбегін пайдаланып, тауарларды тікелей Қытай фабрикаларынан жеткізуге мүмкіндік береді. Жобаны 2025 жылдың IV тоқсанында іске қосу көзделген.

    Президент тапсырмасына сәйкес, трансшекаралық сауданы дамыту үшін «Қазпошта» 2025 жылдың 14 тамызында China Poly Group (CITIC Poly Fund) компаниясымен бірлескен кәсіпорын құрды.

    Жоба аясында шағын және орта бизнеске халықаралық нарыққа шығуға және тиімділігін арттыруға көмектесетін жаңа цифрлық шешімдер енгізіледі.

    Сонымен қатар, Alipay Labs және Whale Cloud Technology компанияларымен келісім жасалды. Ол трансшекаралық саудаға арналған ашық цифрлық экожүйені дамытуға бағытталған. Бұл платформа 2026 жылы іске қосылады.

    Әлемдегі ең ірі төлем жүйелерінің бірі — Alipay, онлайн және оффлайн төлемдерді бірыңғай экожүйеге біріктіру мүмкіндігін ұсынады.

    «Трансшекаралық электрондық сауданы дамыту және бизнеске арналған заманауи сервистер құру — «Қазпоштаның» стратегиялық міндеті. Қытайлық серіктестердің қолдауын жоғары бағалаймыз және бұл жобалар ұзақ мерзімді әріптестіктің негізіне айналады деп сенеміз», — деді «Қазпошта» АҚ басқарма төрағасы Бекежан Жәкеев.

  • «Қазпошта» кассирлері 80 млн теңгеден астам қаржы жымқырған

    «Қазпошта» кассирлері 80 млн теңгеден астам қаржы жымқырған

    Алматы облысының прокуратурасы көрсетілген мемлекеттік қызметтер үшін қаражаттың түсуіне жүргізілген талдау қорытындысы бойынша «Қазпошта» АҚ-да бюджет қаражатын жымқыру фактілерін анықтады.

    Осы факті бойынша прокуратура сотқа дейінгі тергеп-тексеруді бастады, іс жүргізу Алматы облысының Экономикалық тергеп-тексеру департаментіне берілді.

    (далее…)