Метка: ҚМДБ

  • ҚМДБ жасанды интеллектке негізделген IMAM AI қосымшасын іске қоспақ

    ҚМДБ жасанды интеллектке негізделген IMAM AI қосымшасын іске қоспақ

    Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы (ҚМДБ) жасанды интеллект негізінде жұмыс істейтін IMAM AI атты жаңа цифрлық қосымшаны іске қосуды жоспарлап отыр, деп хабарлайды Sona.kz.

    Бұл туралы Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы 2026 жылға арналған бағдарлық баяндамасында мәлімдеді.

    Діни басқарманың мәліметінше, жобаның негізгі мақсаты – дін саласына заманауи технологияларды енгізу арқылы имамдардың жүктемесін азайту және жамағаттың сенімді, жүйеленген діни ақпаратқа қолжетімділігін арттыру.

    Жоспарға сәйкес, IMAM AI күнделікті өмірде туындайтын діни сұрақтарға нақты уақыт режимінде жауап беріп, шариғат нормаларын түсіндіруде бірыңғай әрі дұрыс ұстанымды қалыптастыруға көмектеседі. Сондай-ақ қосымша дін мәселелері бойынша қате ақпараттың таралуының алдын алуға бағытталмақ.

    ҚМДБ өкілдері аталған бастама имамдардың қызметін толық алмастырмайтынын, керісінше, олардың жұмысын жеңілдететін қосымша құрал ретінде қолданылатынын атап өтті.

  • 2026 жылы Ораза қашан басталады және мұсылман мерекелері қашан өтеді

    2026 жылы Ораза қашан басталады және мұсылман мерекелері қашан өтеді

    Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы 2026 жылға арналған мұсылмандық діни мерекелер мен маңызды күндердің күнтізбесін жариялады, деп хабарлайды Sona.kz ҚМДБ-ға сілтеме жасап.
    ҚМДБ мәліметінше, шариғат және пәтуа бөлімі хижра айларының басталуын халықаралық астрономиялық зерттеу орталықтарының деректеріне сүйене отырып бекіткен. Сонымен қатар, жаңа айдың көрінуіне байланысты мерекелік күндер бір күнге алға немесе артқа жылжуы мүмкін екені ескертілді.
    Бекітілген күнтізбеге сәйкес:
    •Ораза айы 19 ақпанда басталады;
    •Қадір түні 16-нан 17 наурызға қараған түні өтеді;
    •Ораза айт мерекесі 20 наурызда аталып өтеді;
    •Құрбан айт 2026 жылы 27–29 мамыр аралығында тойланады.
    ҚМДБ өкілдері діни күндердің нақты даталары ай күнтізбесіне сәйкес нақтыланатынын атап өтті.
  • ҚМДБ: әйелге күш көрсету – шариғатқа да, заңға да қарсы

    ҚМДБ: әйелге күш көрсету – шариғатқа да, заңға да қарсы

    Әлеуметтік желіде дінтанушы Ризабек Батталұлының 9 жыл бұрынғы видеосы қайта тарап, қоғамда наразылық тудырды. Оған қатысты Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы (ҚМДБ) ресми мәлімдеме жасады, деп хабарлайды Sona.kz Informburo.kz-ке сілтеме жасап.

    Аталған бейнежазбада Батталұлы әйелдерге қатысты орынсыз пікір айтқан. Кейін, 2018 жылы ол өз қателігін мойындап, кешірім сұраған.

    «Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы бұл пікірлерді қолдамайды. Исламда әйелге құрметпен қарау, ар-намысын қорғау, зорлық-зомбылықтан сақтау – басты талаптардың бірі. Әйелге күш көрсету – шариғатқа да, еліміздің заңдарына да қарсы әрекет. ҚМДБ әйелдердің құқығын қорғауды, отбасындағы өзара сыйластық пен мейірімділікті арттыруды қолдайды», – делінген мәлімдемеде.

  • ҚМДБ әйелдердің мешітте намаз оқуына қатысты мәлімдеме жасады

    ҚМДБ әйелдердің мешітте намаз оқуына қатысты мәлімдеме жасады

    Қазақстан мұсылмандар діни басқармасы әйелдердің мешітке барып жамағатпен намаз оқуыны тыйым салынбайтынын, бірақ үйінде оқығаны абзал екенін айтты.

    «Алла Елшісі (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын): «Әйел­деріңе ме­шіт­ке ба­руға тыйым салмаңдар. Бі­рақ үйле­рі олар үшін ме­шіт­ке ба­ру­дан да қайырлы» деген. Ханафи мәзһабының ғалымдары фитнаға (бұзақылық) түсіп қалу қаупі болғандықтан, жас әйелдердің мешітке барып жамағатпен намаз оқуын мәкруһ санаған. Себебі Алла Елшісі (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын): «Үйле­рі олар үшін ме­шіт­ке ба­ру­дан да қайырлы» деген. Ал жасы үлкен, қарт әйелдердің таң және ақшам мен құптан намаздарында мешітке баруына болады. Бұл – имам Әбу Ханифаның көзқарасы. Өйткені ниеті бұзақылар бесін мен екінті намазында қаптап жүреді. Ақшам намазында кешкі асын ішумен әлек, таң намазы мен құптанда ұйқыда болады дейді. Әбу Юсуф пен Мұхаммедтің пікірі бойынша қарт әйелдер барлық парыз намазда мешітке бара алады», – деп жазылған хабарламада.

    ҚМДБ Шариғат және пәтуа бөлімі мәліметінше, мешітте әйелдерге арналған бөлек жер болса және ол жерге барар жол да көпшілікке көрінбейтіндей болса, оқасы жоқ.

    «Басты мақсат – әйелдің абыройы мен қоғамда түрлі бүліктердің тууына жол бермеу», – деді ҚМДБ өкілдері.

  • ҚМБД: Тұрмысқа шыққан қыздың тегін өзгертуі – харам

    ҚМБД: Тұрмысқа шыққан қыздың тегін өзгертуі – харам

    Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы тұрмысқа шыққан қыздың тегін ауыстыруына қатысты пәтуа шығарды.

    ҚМБД-ның шариғат және пәтуа бөлімінің мәлімдеуінше, негізінде әр адам өз тегімен аталуы керек. Тіпті шариғат асырап алған баланың тегін өзгертуге рұқсат бермейді.

    «Әр адам әкесінің атымен аталуы керек. Тұрмысқа шыққан әйел де өз тегінде қалғаны дұрыс. Оны өзгерту – харам болып саналады. Ал күйеуінің тегіне ауысуы не ауыспауы әйелдің өз еркінде, бірақ міндетті емес. Күйеуі де оны өз тегіне ауыстыруға міндеттемеуі керек» деп жазылған ҚМБД пәтуасында.

  • Соңғы бес жыл ішінде 359 жаңа мешіт ашылған

    Соңғы бес жыл ішінде 359 жаңа мешіт ашылған

    Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының ресми ақпаратына сүйенсек, елімізде 2020-2024 жылдар аралығында барлығы 359 жаңа мешіт бой көтерген.

    Қазір еліміздің ауыл-аймақтарында 2 888 мешіт жұмыс істейді. Олардың бәрі «Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы» республикалық ислами діни бірлестігінің филиалы саналады. 2 888 мешіттің 359-ы соңғы бес жыл ішінде салынған.

    «2 888 мешіттің 1-уі – республикалық, 3-і – мегаполистік, 17-сі – облыстық, 434-і – қалалық, 162-сі – аудандық, 2275-сі – ауылдық мешіт. Еліміз бойынша соңғы бес жылда жаңадан ашылған мешіттердің саны: 2020 жылы – 44 мешіт, 2021 жылы – 68 мешіт, 2022 жылы – 77 мешіт, 2023 жылы – 88 мешіт, 2024 жылы 82 жаңа мешіт іске қосылды», – деп мәлімдеді ҚМДБ. 

  • ҚМДБ Ғұламалар кеңесі квадроберлерге қатысты үкім шығарды

    ҚМДБ Ғұламалар кеңесі квадроберлерге қатысты үкім шығарды

    Қазақстан мұсылмандары діни бірлестігінің Ғұламалар кеңесі соңғы уақытта танымал болып тұрған квадробикаға қатысты шариғат үкімін жария етті.

    Түсіндіре кетейік, квадроберлер – жануардың сыртқы түрін (бейнесін) көрсететін бетперделерді, құйрығы мен құлақтарын тағып алып, жануардың іс-қимылдары мен әдеттеріне еліктеп, солар сияқты өмір кешетіндер.

    Құранда: «Біз Адам балаларын ардақты етіп, құрлықта да, теңізде де (емін-еркін) жүргіздік. Һәм таза (адал) азықтарды ризық етіп бердік. Сондай-ақ оларды жаратқан нәрселеріміздің көбінен әлдеқайда үстем еттік», – деген. Келесі аятта: «Шын мәнінде, біз адам баласын ең көркем бейнеде жараттық», – делінген. Демек, бұл аяттардан адам баласының жануарға еліктеп, сол дәрежеге түсуі, төрт аяқтап жүруі, өзін ардақтау емес, қорлау болып саналатынын түсіндіреміз, – делінген ҚМДБ Ғұламалар кеңесінің мәлімдемесінде. 

    Ғұламалар адам баласының жануарға еліктеуі түгілі әйел кісінің ер адамға, ер кісінің әйелге еліктеуіне де шариғатта тыйым салынғанын да еске салды.

    Сондықтан жануарларға тән сипаттарға (ит сияқты үру, есек сияқты ақыру т.с.с.) әдейі еліктеу, төрт аяқтап жүріп, олардың тамағын жеу, іс-қимылдарын істеу Алла Тағаланың жаратқан жаратылысын өзгерту болып табылады. Ал батырды арыстанға, айлакерді түлкіге, сабырлыны түйеге теңеу, сол секілді театрлық қойылымдар, балаларға арналған ойындар және тағы басқа «квадробердің», яғни адамның жануарға еліктеуіне жатпайды, – делінген ҚМДБ Ғұламалар кеңесінің мәлімдемесінде. 

    ҚМДБ Ғұламалар кеңесінің шешімі: Квадроберге, яғни жануарлардың деңгейіне түсіп, оларға еліктеп дауыс шығаруға, іс-қимылдарын жасауға шариғат бойынша қатаң тыйым салынады.

     

  • Мүфтият энергетикалық сусындарға қатысты пәтуа шығарды

    Мүфтият энергетикалық сусындарға қатысты пәтуа шығарды

    Қазақстан Мұсылмандары діни басқармасы энергетик сусындарды ішу-ішпеуге қатысты пәтуа шығарды.  Мүфтият энергетикалық сусындар алкогольсіз және алкогольді болып екіге бөлінетінін атап өткен.

    «Энергетикалық сусындардың құрамында алкоголь аз мөлшерде болса да оны ішуге тыйым салынады», — деп хабарлады мүфтият.

    Ал, алкогольсіз энергетикалық сусындарға тоқталған ҚМБД «кез келген сусынның құрамында алкоголь, зиянды заттар, харам, нәжіс нәрселер болмаса оны қолдануға рұқсат» дейді.

    «Ал құрамында адам баласының денсаулығына зиян беретін заттар болса (алкоголь, қауіпті заттар, харам, нәжіс т.б.) қолдануға тыйым салынады. Энергетикалық сусындарды жиі қолдану ағзаға (жүрекке, жүйке жүйесіне, қан қысымының жоғарылауына, қант диабетіне, семіздікке, аяқ-қолдың діріліне, т.с.с.) қауіпті екені медицина тұрғысынан нақтыланған. Сондықтан мұсылман адамға мұндай сусындардан аулақ болғаны дұрыс», — деп атап өткен зерттеулерге сүйенген ҚМБД-ның баспасөз қызметі.