Метка: Қоғам

  • Астанада «Дубай» шоколадын сатамыз деп жұртты алдағандар ұсталды

    Астанада «Дубай» шоколадын сатамыз деп жұртты алдағандар ұсталды

    Астанада «Дубай» шоколадын сатамын деп, жұрттың ақшасын жинап алып, із-түссіз кеткендер ұсталды. Қалалық полиция департаментінің хабарлауынша, алаяқтар тәттіні нарықтағы бағадан арзанға ұсынып, әлеуметтік желі арқылы жарнамалаған. Полицияға арызданған азамат бір шоколадты 15 мың теңгеге сатып алмақшы болған. Алайда, ақшаны банк картасына аударған соң, алаяқтар ізін жасырған. Құқық қорғау органы осы іс бойынша 2 адамды қолға түсірді. Олар өз кінәсін мойындаған. Қазір өзге де жәбірленушілердің бар-жоғы анықталып жатыр.

    «Байқоңыр ауданының криминалдық полиция қызметкерлері жедел-іздестіру іс-шаралары барысында танымал дубайлық шоколадты сату желеуімен адамдарды алдап, пайда тапқысы келген жас жігіттерді ұстады.Тергеу барысында ұсталғандар өз кінәсін мойындады. Алаяқтық фактісі бойынша қылмыстық іс тіркелді. Қазіргі уақытта олардың осыған ұқсас басқа да қылмыстарға қатысы бар-жоғы тексерілуде», — делінген Астана қалалық полициясы баспасөз қызметінің  хабарламасында.

     

  • Ұлытау облысында жүк пойыздары соқтығысып, 4 адам зардап шекті

    Ұлытау облысында жүк пойыздары соқтығысып, 4 адам зардап шекті

    Ұлытау облысында жүк пойыздары соқтығысып, 4 адам зардап шекті. Жұмысшылар жедел ауруханаға жеткізілген. Жағдайлары орташа. Апат Жезқазған қаласынан 65 шақырым жерде болған.

    Барлығы 6 вагон зақымданған. Тіпті кейбірі релістен шығып, аударылып қалған. Қазір темір жол бойы тазартылып, қалпына келтіріліп жатыр. «Ешқандай пойыз қатынасына кедергі келтірмейді»,- дейді мамандар. Естеріңізге сала кетейік, 1 апта бұрын Ақмола облысында да жүк пойызы релістен шығып кеткен еді. Апат себебі әлі анықталуда.

  • Қазақстандықтар шенеуніктердің жалақысын қысқарта алады

    Қазақстандықтар шенеуніктердің жалақысын қысқарта алады

    Енді қазақстандықтар шенеуніктердің жалақысын қысқарта алады. Мұндай мүмкіндік келер жылдан бастап қолданысқа енеді. Яғни, қазақстандықтар мемлекеттік қызметкерлердің жұмысын онлайн бағалап, олардың жалақысына тікелей әсер ететін болады. Бұл туралы Жоғары аудиторлық палатасы жанындағы зерттеулер, талдау және тиімділікті бағалау орталығы мәлім етті. Ведомсвтоның ақпаратына сәйкес, 2029 жылға қарай еліміздегі барлық мемлекеттік органдардың жұмысы толықтай цифрландырылады. Рейтингі төмен шенеуніктердің жалақысы қысқарады. Мемлекеттік қызметкерлердің жұмыс сапасын арттыру, халықпен байланысын нығайту — жаңашылдықтың басты мақсаты.

  • 20 жастан әскерге: петицияға қол жинап жатыр

    20 жастан әскерге: петицияға қол жинап жатыр

    Қазақстандықтар әскерге шақыру жасын өзгерту туралы петицияға қол жинап жатыр. Бастамашы топ, азаматтарды армияға 18 жастан емес, 20 жастан бастап қабылдауды сұрайды. Бұдан әскери қызметтің тиімділігі артып, қорғаныс жүйесінде оң өзгерістер болады делінген құжатта. Яғни, оқу оқып, оң солын ажырата білген кезде, әскерге барғандардың ел алдындағы жауапкершілігі артады дегенді алға тартады. Сондай-ақ, бұл казармадағы әлімжеттік мәселесін де шешпек. Сонымен бірге, петицияда Швеция, Германия, және Австрия елдерінде әскерге шақыру жасы 19-20 жастан басталатыны жазылған. Бұл бастаманы қолдайтындар да, бұдан әскердегі бассыздық тыйылмайды дейтіндер де бар.

    E-Petition сайтында  https://epetition.kz/petition/ee8de9f5-fcb7-4eb7-bb37-b73a50b42be2?petitionDetailTab=SIGNERS&commentPage=0 «Мерзімді әскери қызметке шақыру жасын көтеру туралы» жаңа петиция жарияланды. Қазір петиция 50 дауыс жинап, модерациядан өтіп жатыр.

     

  • Ақтөбе облысында екі оқушы адам өліміне қатысты қамауға алынды

    Ақтөбе облысында екі оқушы адам өліміне қатысты қамауға алынды

    Ақтөбе облысында екі оқушы адам өліміне қатысы бар деген күдікпен қамауға алынды. Мектеп директоры қызметінен босатылды.

    «ҚР Қылмыстық процестік кодекстің 128-бабының тәртібімен кәмелетке толмаған 2 күдікті ұсталды. Темір аудандық соты 2 ай мерзімге қамауға алу түріндегі бұлтартпау шарасын санкциялады. Оқиға бойынша тергеп-тексеруді Ақтөбе облыстық полиция департаментінің жедел-тергеу тобы жүргізіп жатыр. Қадағалауды жүзеге асыру тәжірибелі процессуалдық прокурорлар тобына жүктелді. Облыстық прокуратура жергілікті атқарушы органның атына Темір ауданы әкімінің, облыстық Білім басқармасы және аудандық білім бөлімінің лауазымды тұлғаларының жауапкершілігін шешу жөнінде ұсыныс енгізді. Бүгінгі күні қадағалау актісімен Қопа ауылындағы мектептің директоры Р.Е.Қаржауов қызметінен босатылды. Басқа мәліметтер тергеу мүддесіне қатысты жарияланбайды», — деп хабарлады Ақтөбе облыстық прокуратурасының баспасөз қызметі.

    Айта кетейік, оқушы өлімімен аяқталған қайғылы жағдай 2 қыркүйек күні Темір ауданы Кеңесту ауылында болған. Оқушылар төбелескен.  Қайтыс болған 9 сынып оқушысы Қопа орта мектебінде оқыған.

     

  • «Сіз Қазақстанда атом электр станциясын салуға келісесіз бе?»: референдум сауалы бекітілді

    «Сіз Қазақстанда атом электр станциясын салуға келісесіз бе?»: референдум сауалы бекітілді

    АЭС салу бойынша референдумның датасы мен сауалы бекітілді

    Республикалық референдумды ұйымдастыру және оны өткізу Үкімет пен Орталық сайлау комиссиясына жүктелді.

    «Сіз Қазақстанда атом электр станциясын салуға келісесіз бе?» деген сұрақ референдум сауалы болып бекітілді.

    Жалпыұлттық референдум қазанның алғашқы жексенбісінде, яғни 6 қазан күні өтеді.

  • Жаңа жылдан бастап елімізде зейнетақы 8,5 пайызға өседі

    Жаңа жылдан бастап елімізде зейнетақы 8,5 пайызға өседі

    Жаңа жылдан бастап елімізде зейнетақы 8,5 пайызға өседі.

    Бұл туралы 2027 жылға дейінгі республикалық бюджетті жоспарлау туралы құжатта жазылған. Тиісті заң жобасы 31 тамызға дейін ашық талқылауға шығарылды.

    Қолдау тапса, 1 қаңтардан бастап айлық есептік көрсеткіш мөлшері 3 692 теңгеден 3 932 теңгеге көтеріледі. Ал ол түрлі әлеуметтік төлемдерді қайта есептеу үшін қажет.

    Осылайша, базалық зейнетақы 28 мыңнан 32 мыңға, ал ең төменгі зейнетақы мөлшері 57 мыңнан 62 мың теңгеге өседі. Ал ең төменгі жалақы көлемі өзгеріссіз қалады. Ол қазір 85 мың теңге.

  • Қазақстанда онлайн-кредитке тыйым салуға петиция жарияланды

    Қазақстанда онлайн-кредитке тыйым салуға петиция жарияланды

    «Хақ-Назар» қоғамдық қорының қызметкерлері елімізде онлайн кредит беруге тыйым салуды сұрайды. Петиция epetition.kz https://epetition.kz/petition/278e6e8c-e31d-4d12-9248-10b4189fe146?commentPage=0

    сайтында жарияланды.

    «Жоғары пайыздық мөлшерлемелер мен ашық, айқын емес несие шарттары көбінесе адамдарды қарызға батырады. Одан бөлек, онлайн-несие алаяқтық, ұрлық және бопсалау сияқты қарызды өтеу жолдарымен байланысты қылмыстардың көбеюінее алып келеді», — делінген хабарламада.

    Петиция әзірге 1233 қаралым жинаған. Бірақ, ешкім пікір қалдырмаған. 12 тамызда жарияланған петиция 6 қыркүйекке дейін көпшіліктің талқысына ұсынылып отыр.