Метка: Қорғаныс министрі

  • Қорғаныс министрі самбо федерациясын басқарады

    Қорғаныс министрі самбо федерациясын басқарады

    Руслан Жақсылықов Қазақстанның спорттық және жауынгерлік самбо федерациясын басқаратын болды.   

    Қорғаныс министрлігінің хабарлауынша, сайлау Астанадағы федерацияның кезектен тыс отырысында өтті, онда Жақсылықовтың кандидатурасы бірауыздан қолдау тапты.

    «Қоғамдық бірлестіктің жаңа басшысы Руслан Жақсылықов – дзюдодан КСРО спорт шебері, бірнеше дүркін чемпион, самбо мен дзюдодан республикалық және халықаралық жарыстардың жүлдегері» деп қорғаныс ведомствосы министрдің жаңа лауазымын түсіндірді.

    Генерал-полковник алдағы жылдарға арналған жоспарларын жариялады. Жақсылықовтың айтуынша, ол самбоны әскери қызметшілер мен құқық қорғау органдары қызметкерлерін даярлауға енгізгісі келеді.

    «Алда көп жұмыс бар. 2025 жылы самбо ТМД әскери-спорттық ойындары мен ҚР Қарулы Күштерінің спартакиадалары бағдарламасына енгізіледі. Сондай-ақ Бауыржан Момышұлы атындағы Алматы әскери-спорт колледжінде бөлімше ашу жоспарлануда, онда көп балалы отбасылардан, әскери қызметшілерден және ауылдық жерлерден келген балалар басымдыққа ие болады. Жаппай даму мақсатында әскер қатарына маман-нұсқаушыларды шақырамыз», – деп министрлік басшысы мәлімдеді.

  • Қорғаныс министрі Жақсылықов үстелді ұрып, генералдарға шүйлікті

    Қорғаныс министрі Жақсылықов үстелді ұрып, генералдарға шүйлікті

    Себебі,   әскери қызметкердің, сарбаздың өлімі туралы ақпарат жиілеп кетті. Ал министр бұған генералдарды кінәлап, үстел ұрып, зекіп сөйледі.

    «Біз Беларусияға айналып барамыз ба? Әлде жоғары лауазымға қол жеткізіп алған соң босаңсып қалдыңдар ма? Дегендеріңе қол жеткіздіңдер, болды ма? Бірінше кезекте, қоғам сендерден нені талап етеді? Жастардың өмірін сақтап қалу. Сендер алдымен қол астындағы адамдардың өміріне жауаптысыңдар. Олардың жұмыс істеуіне барлық жағдайды жасауларың керек», – деді Жақсылықов. 

    Қорғаныс министрі Жақсылықов үстелді тоқпақтап, генералдарға айқай салды

    Ол Әуе қорғанысы күштері бас қолбасшысының орынбасары полковник Талғат Сыздықовқа ескерту жасап, әуе шабуылына қарсы қорғаныс әскерлерінің қолбасшысы генерал-майор Нұртас Қабақовты лауазымынан алу туралы өтініш беретінін айтты.

    Айта кетейік, елімізде 2020 жылдан бері әскерде қаза тапқан сарбаздардың саны 310 адамға жеткен.

     

    Посмотреть эту публикацию в Instagram

     

    Публикация от SONA.KZ — НОВОСТИ КАЗАХСТАНА (@sonanews.kz)