Метка: Қорғас

  • Жетісу прокуратурасы «Қорғас» инвесторларынан ҚҚС-ның заңсыз алынғанын анықтады

    Жетісу прокуратурасы «Қорғас» инвесторларынан ҚҚС-ның заңсыз алынғанын анықтады

    Жетісу облысының прокуратурасы «Қорғас» халықаралық шекара маңы ынтымақтастығы орталығының басқарушы компаниясы тарапынан орын алған өрескел заң бұзушылықтарды әшкереледі, деп хабарлайды Sona.kz Фонд-бюро расследованиеге сілтеме жасап.

    Тексеріс барысында анықталғандай, соңғы екі жыл ішінде жалпы құны 70 миллиард теңгеден асатын жобаларды жүзеге асырып жатқан 19 инвесторға сумен жабдықтау тарифтерін есептеу кезінде қосылған құн салығы заңсыз қосылып келген. Салық кодексіне сәйкес, арнайы экономикалық аймақтардағы қызмет мұндай салық түрінен босатылғанымен, басқарушы компания бұл талаптарды жүйелі түрде елемей келген.

    Прокурорлық қадағалау актісінің нәтижесінде заңсыздықтар толығымен жойылды. Қазіргі уақытта инвесторларға негізсіз өндірілген 1 миллион теңге көлеміндегі қаражат қайтарылды, ал кінәлі тұлғалар тиісті жауапкершілікке тартылды. Облыстық прокуратура өкілдері кәсіпкерлерге жасалатын кез келген қысым мен әкімшілік кедергілердің жолы кесілетінін қатаң ескертті. Ведомство инвесторларды өз құқықтары бұзылған жағдайда арнайы Call-орталықтарға хабарласуға шақырды. Бұл оқиға 2026 жылы Қазақстанның инвестициялық климатын жақсарту жолындағы маңызды қадамдардың бірі ретінде бағалануда.

  • «Қорғас – Шығыс қақпасы» АЭА-да 28 жоба пайдалануға берілді

    «Қорғас – Шығыс қақпасы» АЭА-да 28 жоба пайдалануға берілді

    Жетісу облысының Қытаймен шекаралас аумағындағы «Қорғас – Шығыс қақпасы» арнайы экономикалық аймағында бүгінге дейін 28 жоба пайдалануға берілді, тағы 40-тан астамы іске асырылу сатысында.

    Тартылған инвестициялардың жалпы көлемі 113,3 млрд теңгеден, ал белгіленген жобалардың жиынтық құны 682 млрд теңгеден асады. Аймақта қазірдің өзінде 1000-нан астам тұрақты жұмыс орындары құрылды. Бұл туралы жуырда Панфилов ауданында ұйымдастырылған пресс-тур барысында белгілі болды.

    Журналистер «Қорғас-Шығыс қақпасы» АЭА-дағы инвестициялық жобалармен танысты. Оның аумағында күн панельдерін, болат бұйымдарын, тоқыма өнімдерін, құрама жем, подгузник, кофе және тағы басқаларын шығару өндірісі жолға қойылғалы бірнеше жыл болған.

    «Қорғас – Шығыс қақпасы» АЭА-да Сингапур брендімен танымал «MacCoffee» 3х1 шай және кофе шығаратын «Empire Manufacturing Kazakhstan» ЖШС компаниясы 6 млрд теңгеден астам сомаға инвестициялық жобаны іске асыруда. Дайын өнім Қазақстанның ішкі нарығына жеткізіледі, содан кейін бірқатар таяу шетелдерге экспортталады.

    Ал «Майами Solar» ЖШС компаниясы күн батареяларын өндіруге 1,260 млрд теңге инвестиция салды. Зауытта 67 адам жұмыспен қамтылған. Күн панельдерін шығаруда еуропалық ең озық технологиялар мен жабдықтар қолданылады. Жобаның қуаттылығы жылына 100 Мвт күн панелін өндіруге жетеді. Барлық өнім АҚШ пен Еуроодаққа мүше елдерге экспортталады. Алғашқы дайын тауар легі наурыз айында АҚШ-қа жөнелтілді.

    Арнайы экономикалық аймақта орналасқан нысанның бірі – жылдық қуаты 60 мың тоннадан асатын «SSA Feed Mills» ЖШС құрама жем зауыты. Бір айда мұнда жүгеріден, бидайдан, бидай кебегінен, арпадан, соядан және т. б. 20-дан астам шикізат түрінен 250 тоннадан астам сапалы өнім шығарылады.

    «Standard Steel KZ» ЖШС металл плиткаларын, гофрленген тақтайшалар мен металлосайдинг шығарады. Жобаның құны — 37 млрд теңге. Толық қуатына шыққанда зауыт тәулігіне 10 тонна металл бұйымдарын өндіреді деп жоспарланып отыр.

    Баспасөз турының соңында тілшілер қауымы Қазақстан-Қытай шекарасындағы Алтынкөл теміржол станциясына барды. Бұл теміржол магистралі – еліміздің көлік саласының халықаралық маңызы бар орасан зор жобасы, әрі Қазақстан мен Қытай арасындағы екінші теміржол өткелі. Станция тасымалдау көлемін ұлғайта отырып, Қытайдан Еуропаға, Парсы шығанағы мен Орталық Азия елдеріне мыңдаған контейнерлер жібереді.

    Атап өтсек, бүгінгі таңда «Қорғас — Шығыс қақпасы» арнайы экономикалық аймағында 70 қатысушы тіркелген. Оның ішінде 28 жоба пайдалануға берілді, тағы 40-тан астамы іске асырылу сатысында. Тартылған инвестициялардың жалпы көлемі 113,3 млрд теңгеден, ал белгіленген жобалардың жиынтық құны 682 млрд теңгеден асады. Аймақта қазірдің өзінде 1000-нан астам тұрақты жұмыс орындары құрылды, жаңа өндірістер іске қосылғаннан кейін олардың саны 5000-нан асады деп күтілуде. Өндірілген өнім көлемі 81,6 млрд теңгені, ал түрлі деңгейдегі бюджеттерге түсетін салық түсімдері 9 млрд теңгеден асты.

  • Қорғаста жүк-жолаушылар әуежайы салынады

    Қорғаста жүк-жолаушылар әуежайы салынады

    «SKYHANSA» Қазақстан-Германия консорциумы жаңа жүк-жолаушылар әуежайын салады

    Германияның федералды канцлері Олаф Шольцтың Қазақстанға ресми сапары аясында Көлік министрлігі мен «SKYHANSA» компаниясы арасында «Қорғас – Шығыс қақпасы» арнайы экономикалық аймағында жүк-жолаушылар әуежайын салу жобасын іске асыру туралы негіздемелік келісім жасалды.

    Жоба қуаты 500 адам/сағ дейін жолаушылар терминалы бар әуежай инфрақұрылымын, сыйымдылығы жылына 550 000 тоннаға дейінгі отын қоймасын, жылына 250 000 тоннаға дейін жүктерді толық өңдейтін жүк терминалын салудың, әуе кемелеріне қызмет көрсету үшін авиациялық-техникалық орталық құрудың, сондай-ақ басқа да туристік және сауда-ойын-сауық қызметтерін дамытудың үш кезеңдік бағдарламасын көздейді.

    Жетісу облысының әкімдігі әуежай салу үшін жер телімін бөлді.