Қостанай облысының Рудный қаласындағы диірмендердің бірінде төрт адам қаза тапты. Олар тереңдігі 5 метрлік бункерді тазалауға түскен. Қайта шықпай қалған. Бункерде ес-түссіз жатқан жұмысшыларды төтенше жағдай қызметкерлері алып шықты. Қазір жұмысшылардың өліміне нақты не себеп болғаны анықталып жатыр.
Метка: Қостанай облысы
-

Үш бала зорлаған 5 жасар қыздың анасының үстінен қылмыстық іс қозғалмақ
Қостанай облысында 8, 12 және 13 жастағы балалар зорлаған бес жасар қыздың анасының үстінен қылмыстық іс қозғалмақ. Әйелге желіде қызына қастандық жасағандар туралы ақпаратты айтқаны үшін айып тағылды.
Оқиға туралы қыздың анасы “Не молчи” қорына айтып берген. Деректерге сүйенсек 6 шілде күні анасы 5 жасар қызына жаңа велосипед әкеліп қуантпақ болған. Ойнап жүрген қызын біраз іздеп таба алмаған. Кейін қызы алба-жұлба киіммен қолында бір қап ойыншықтармен өзі үйге қарай келген.
– Анасы қатты қорққанынан қызына ұрысқан. Қазір сол әрекетіне қатты өкінеді. Себебі ол кезде қыздың да жағдайы нашар болған. Ол ештеңе айтпаған және тұйықталып қалған. Кейін біраз күннен соң ғана болған жайтты атасына айтып берген.
Анықталғандай үш бала бүлдіршінді қамыс арасына әкетіп екеуі ұстап тұрып, қыздың жыныс мүшелерін ұстаған. Қарсыласып жылағанда таспен ұрған. Үш ұл да қызға зорлық көрсеткен. Кейін ешкімге айтпауы үшін бір қап ойыншық берген, – делінген жазбада.
Астана адвокаттар алқасының адвокаты Илья Лунев бұл оқиғаның күтпеген жалғасы болғанын жазды.
– 14 жасқа дейінгі балалар қылмыстық жауапкершілікке тартылмайтыны белгілі, сәйкесінше қылмыс жасағандар ешқандай жазаға тартылмады. Мұны жақсы түсінсе де тергеу әлі де шексіз сараптамалар жасап, жауап алуда. Жәбірленуші қыздың жанын одан әрі жаралауда. Енді бес жасар жәбірленушінің анасының үстінен чаттардың бірінде ұлдардың есімдерін атағаны үшін қылмыстық іс қозғағысы келеді, – деп жазды заңгер Instagram желісінде.
Лунев Қылмыстық кодекстің 423-бабы «сотқа дейінгі іс жүргізу немесе жабық сот талқылауы туралы мәліметтерді жария ету» туралы айтып отырғанын түсіндірді. Қыздың анасы екі жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін.
-

Қостанайда үйі жоқтардың мекемесін басқарған басшының ісі сотқа жолданды
Қостанай облысының прокуратурасы Бюджет қаражатын жымқыру туралы іс сотқа жолданды.
«Ағымдағы жылдың 9 қыркүйегінде Қостанай облысының прокуратурасы бюджет қаражатын жымқыру туралы қылмыстық іс бойынша айыптау актісін жасады.
Тергеу барысында 2017 жылдың қазан айынан 2024 жылдың тамыз айына дейінгі кезеңде «Қостанай қалалық тұрғылықты мекенжайы жоқ адамдарға арналған әлеуметтік бейімделу орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің басшысы өзінің қызметтік жағдайын пайдалана отырып, адамдарды әртүрлі лауазымдарға жалған жұмысқа орналастырғаны анықталды», — делінген Қостанай облысы прокуратурасының хабарламасында.Ведомствоның ақпаратына сәйкес, жұмыспен қамтылғандар жұмыс орындарына іс жүзінде келмеген, функционалдық міндеттерін орындамаған, ал басшы олардың шоттарына жалақы түрінде түскен ақшалай қаражатты иемденген.
Күдіктінің заңсыз әрекеті нәтижесінде мемлекетке 11 миллион теңгеден астам шығын келтірілген.
Оның әрекеті қылмыстық кодекстің 189-бабы 3-бөлігі 1), 2) тармақшасы бойынша сараланған (мемлекеттiк функцияларды орындауға уәкiлеттi адамға теңестiрiлген адамның сенiп тапсырылған бөтен мүлiктi қызмет бабын пайдалана отырып, iрi мөлшерде жымқыруы).
Жоғарыда көрсетілген баптың санкциясында мүлкі тәркіленіп, белгілі бір лауазымдарды атқару немесе белгілі бір қызметпен айналысу құқығынан өмір бойына айыра отырып, 7 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы қарастырылған.
Қылмыстық істі Қостанай қаласының № 2 соты қарайды.
-

Қостанай облысының бас имамы мас күйде көлік жүргізіп, УҰИ-ға қамалды
Мәлім болғандай, полицейлер бас имамды көлікті мас күйде жүргізгені үшін ұстаған. Ол Toyota Highlander көлігін басқарып келе жатқан. Автокөлікті тоқтатқан соң жол сақшылары оның ішімдікке сылқия мас болғанын анықтаған. Кейіннен мұны медицина қызметкерлері де растаған.
Аталған жайт қоғамда қызу талқыланып жатыр.
