Метка: ҚР Денсаулық сақтау министрлігі

  • ҚР Денсаулық сақтау министрлігі диабет пен ДЦП-нің әлеуметтік маңызы бар аурулар тізімінен неге алынып тасталғанын түсіндірді

    ҚР Денсаулық сақтау министрлігі диабет пен ДЦП-нің әлеуметтік маңызы бар аурулар тізімінен неге алынып тасталғанын түсіндірді

    Қазақстанның Денсаулық сақтау министрлігі қант диабеті мен детский церебральды параличті (ДЦП) әлеуметтік маңызы бар аурулар тізімінен алып тастау себебін түсіндірді, деп хабарлайды Sona.kz ведомствоға сілтеме жасап.

    Министрлік мәліметінше, 2026 жылдың 1 қаңтарынан бастап елде Бірыңғай медициналық кепілдіктер пакеті енгізіледі. Бұл созылмалы аурулары бар азаматтар бұрынғыдай тегін ем мен дәрі-дәрмек алуды жалғастырады дегенді білдіреді.

    «Ешқандай шектеу болмайды. Барлық созылмалы аурулары бар пациенттер бұрынғы тәртіппен көмек алады. Өзгерістердің мақсаты — денсаулық сақтау жүйесін әділ әрі тұрақты ету», — делінген министрлік хабарламасында.

    Бұған дейін ведомство әлеуметтік маңызы бар аурулар тізімін жаңартып, қант диабетін, ДЦП-ні, ревматизмді және дәнекер тіннің жүйелі ауруларын алып тастаған болатын. Оның орнына инсульт (1 жыл көлемінде) және эпилепсия енгізілді.

    Сонымен қатар, балалар, жүкті әйелдер, зейнеткерлер, студенттер, мүгедектер және жұмыссыздар бұрынғыдай тегін медициналық көмекпен қамтылады. Бұл шамамен 11 миллион қазақстандықты қамтиды.

  • МИНИСТРЛІК МАЙМЫЛ ШЕШЕГІНЕН ҚОРҒАНУДЫҢ  ЖОЛДАРЫН ҰСЫНДЫ

    МИНИСТРЛІК МАЙМЫЛ ШЕШЕГІНЕН ҚОРҒАНУДЫҢ ЖОЛДАРЫН ҰСЫНДЫ

    Денсаулық сақтау министрлігі маймыл шешегінен қорғанудың жолдарын ұсынды. Эндемиялық елдерге баратын туристер инфекциядан сақтану үшін осы талаптарды қатаң сақтауы тиіс.

    Ауырған адамдарға және инфекция жұқтырған жануарларға жоламау керек. Вирусты маймыл, егеуқұйрық, тиіндер мен басқада жабайы жануарлар тасымалдауы мүмкін.
    — Жануарлармен жұмыс істеу кезінде қорғаныш құралдарын пайдалану керек. Яғни, оларға күтім жасау кезінде, зертханалық жағдайда қорғаныш киімдерін, қолғаптар мен маскаларды қолдану маңызды.
    — Гигиенаны қатаң сақтау қажет. Қолды сабынмен жиі жуу керек.
    — Дезинфекциялық құралдарды қолдану ұсынылады. Себебі, бұл зат инфекцияның таралу қаупін азайтуға көмектеседі.
    — Маймыл шешегінің белгілері: дене бөртеді, қызу көтеріледі, бойда әлсіздік пайда болады, бас аурырады. Мұндай жағдайда жедел дәрігерге қаралу керек.

    Еске салайық, маймыл шешегі бірнеше ай бұрын Конго Демократиялық Республикасында өршіп, 500-ден астам адамның өмірін қиды. Жалпы алғанда, жұқпалы инфекция әлемнің 116 еліне тараған.

    «Бүгінгі күні Қазақстан Республикасында маймыл шешегіне күдікті аурудың бірде-бір жағдайы тіркелген жоқ.
    Осы инфекцияны Қазақстан Республикасының аумағына әкелуге жол бермеу бойынша профилактикалық шаралар қабылданды. Қазақстанның санитариялық-карантиндік пункттерінде (әуежай, теміржол, теңіз, автомобиль өту жолдары) аса қауіпті ауруларға күдікті науқасты мемлекеттік шекарада анықтау (әкелудің алдын алу) жөніндегі іс-шаралар жүргізіледі. Жағдайды Денсаулық сақтау министрлігі тұрақты бақылауға алып отыр», — делінген ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау комитетінің хабарламасында.

     

     

     

  • Маймыл шешегі: Астана мен Алматы әуежайларында сақтану бойынша оқу-жаттығу өтті

    Маймыл шешегі: Астана мен Алматы әуежайларында сақтану бойынша оқу-жаттығу өтті

    Маймыл шешегі: Астана мен Алматы әуежайларында сақтану бойынша оқу-жаттығу өтті

    Оқу-жаттығулар барлық негізгі қызметтердің санитариялық-эпидемиологиялық, шекаралық, кедендік, әуежай, желілік полиция бөлімі, әуежайдың медициналық пункті, жедел медициналық көмек және медициналық ұйымдардың өзара іс-қимылын пысықтауға бағытталған.

    Инфекциялық ауруларға күдікті жолаушылар анықталған кезде іс-қимылды үйлестіруге ерекше назар аударылады.

    «Оқу-жаттығу барысында шартты түрдегі маймыл шешегі ауруы тартылды. Персонал жолаушыдан ауру белгілерін анықтаудан бастап оны ауруханаға жатқызуға және қажетті эпидемияға қарсы және дезинфекциялық шараларды жүргізуге дейінгі іс-шаралардың толық циклінен өтті»,- делінген ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің хабарламасында.

    Жаттығу кезінде барлық қызметтер іс-қимылдың жоғары дәрежедегі дайындығы мен үйлесімділігін көрсетті. Бұл олардың ықтимал қауіптерге ден қоюға дайын екендігін растайды.

    Оқу-жаттығу қорытындысы бойынша семинар-кеңес өткізілді. Онда әр қызметтің іс-қимылы талқыланып, ведомствоаралық өзара іс-қимылды күшейту бойынша ұсыныстар берілді.

    Естеріңізге сала кетейік, әлемде маймыл шешегі дерті дендеп тұр. Жағдайдың ушығуына байланысты Дүниежүзілік Денсаулық сақтау ұйымы төтенше жағдай жарияланған хабарлаған болатынбыз

    Маймыл шешегі дендеп тұр: Халықаралық деңгейде төтенше жағдай жарияланды