Метка: құжат

  • 2026 жылдан бастап Қазақстанда паспорт пен жүргізуші куәлігі қымбаттайды

    2026 жылдан бастап Қазақстанда паспорт пен жүргізуші куәлігі қымбаттайды

    2026 жылғы 1 қаңтардан бастап Қазақстанда паспорт, жеке куәлік, жүргізуші куәлігі және басқа да негізгі құжаттарды рәсімдеу құны өседі. Бұл өзгерістер республикалық бюджетте белгіленген айлық есептік көрсеткіштің (АЕК) 3 932 теңгеден 4 325 теңгеге дейін өсуімен байланысты.

    МРП-ның ұлғаюы мемлекеттік баждардың қымбаттауына әкеледі. 16 жасқа дейінгі балаларға арналған 24 беттік паспорттың құны 17 300 теңге болады (4 АЕК). 36 беттік паспорт – 34 600 теңге, 48 беттік паспорт – 51 900 теңге. Жеке куәлік 865 теңге тұрады, ал жыл ішінде бірнеше рет жоғалтқан жағдайда төлем 4 325 теңгеге дейін өседі.

    Жүргізуші куәлігін алу 5 406 теңгеге (1,25 АЕК) дейін қымбаттайды. Некені тіркеу 4 325 теңге болса, ажырасу үшін төленетін баж 8 650 теңге болады. Туу туралы куәлікті алғашқы рет алу тегін, бірақ құжатты қайта ресімдеу үшін 2 163 теңге төлеу қажет.

    Құжаттарды рәсімдеу үшін төлемнен босатылатын азаматтар санатына ел қаһармандары, жоғары мемлекеттік наградалары бар тұлғалар, көпбалалы аналар, соғыс ардагерлері, мүгедектігі бар адамдар, жетім балалар және әлеуметтік осал топтар кіреді.

    8 желтоқсанда Президент Қасым-Жомарт Тоқаев қол қойған 2026–2028 жылдарға арналған республикалық бюджет елдің негізгі қаржылық параметрлерін және жаңа әлеуметтік мөлшерлемелерді белгілейді. Олардың ішінде АЕК көрсеткіші де бар, ол мемлекеттік қызметтердің құнына тікелей әсер етеді.

  • Мопедті тіркеуге арналған құжаттар тізімі жарияланды

    Мопедті тіркеуге арналған құжаттар тізімі жарияланды

    Енді әрбір қазақстандық мопедті тіркеуге міндетті. Ол үшін қандай құжат керек? Ішкі істер министрлігі тізімді жариялады. Яғни, 5 құжаттар керек.

    • жеке басты куәландыратын құжатты (жеке басты сәйкестендіру үшін) немесе цифрлық құжаттар сервисінен электрондық нысанда;
    • Салық кодексінінің 553 және 615-баптарында көзделген тіркеу алымымен КҚТК, МТНБ бергені үшін мемлекеттік баждың төленгенін растайтын құжаттарды;
    • бар болған жағдайда техникалық құжатты немесе мопедтің техникалық сипаттамалары туралы ашық ақпараттық көздерден алынған  мәліметті; иесінің өтінішін;
    • көлік құралын қарап тексеру актісін (көлік құралын бастапқы тіркеу кезінде).

    Осы құжаттар болған жағдайда мопедті тіркей аласыз. Естеріңізге сала кетейік, мопедті тіркеуге осы көліктің қатысуымен болған жол-көлік оқиғаларының жиі орын алуы себеп болды.  Заңға өзгеріс енегізілді. Оған сәйкес, мопедтерді тіркеуге арналған құжаттар тізімі белгіленді. Айта кетейік, мәселен Алматының өзінде жыл басынан бері мопедтің қатысумен 350-ден аса жол-көлік оқғасы тіркелген. 364 адам зардап шегіп, 6 адам көз жұмған.