Метка: Қылмыстық кодекс

  • Қыз алып қашқандар 5 жылға сотталуы мүмкін

    Қыз алып қашқандар 5 жылға сотталуы мүмкін

    Мәжіліс депутаты Мұрат Әбеновтің айтуынша, заңға толықтыру ҚР Қылмыстық кодексінің оңтайландыру жөніндегі жұмыс тобының қарауында.

    Жауапкершілік бас бостандығынан айыру, айыппұлдар, қоғамдық жұмыстар секілді түрлері қарастырылған.

    Барлығы жағдайға байланысты. Егер кәмелет жасына толмаған қыз балаға қатысты ма және оны адамдар тобы жасады ма, қандай да бір зиян келтірілді ме, психологиялық немесе физикалық қысым жасалды ма, оның бәрі бөлек қаралады, – деп нақтылады депутат.

     

  • Қазақстанның бірнеше өңірінде діни радикалдар ұсталды

    Қазақстанның бірнеше өңірінде діни радикалдар ұсталды

    2025 жылғы қаңтарда ҰҚК полициямен бірлесе және прокуратура органдарының үйлестіруімен Алматы қаласында, Ақтөбе және Жамбыл облыстарында діни радикалдар әрекетінің жолын кесті.

    Терроризмді, оның ішінде телекоммуникация желілерін пайдалану арқылы насихаттады деген күдікпен 3 адам қамауға алынды.

    Екі фигурант бұрын денсаулыққа қасақана ауыр зиян келтіргені, қарақшылық жасағаны, есірткі заттарын заңсыз алғаны және сақтағаны үшін сотталған. Тағы біреуі бұрын шетелдік содырлар лагерлерінде дайындықтан өтіп, Қазақстанға тапсырмамен оралған, сонда ұсталып, сотталған. Ұзақ мерзімді жазасын өтеп бостандыққа шыққаннан кейін де радикалды идеологиядан бас тартпаған.

    Тергеу әрекеттері барысында олардың тұрғылықты мекенжайлары бойынша діни әдебиет және басқа да заттай дәлелдемелер тәркіленді.

    Қылмыстық кодекстің 256-бабы бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізілуде. Қылмыстық-процестік кодекстің 201-бабының 1-бөлігіне сәйкес өзге ақпарат жария етуге жатпайды.