Метка: қылмыстық топ

  • Соңғы екі жылда 120 ұйымдасқан қылмыстық іс тіркелді

    Соңғы екі жылда 120 ұйымдасқан қылмыстық іс тіркелді

    Ішкі істер министрлігі қоғамда заң мен тәртіпті қамтамасыз ету, қылмысқа қарсы күрес жүргізу бағытында жұмыстарын жалғастыруда, – деп хабарлайды Polisia.kz.

    Соңғы екі жылда ұйымдасқан қылмыстық топтарды құру, басқару және оларға қатысу фактілері бойынша 120-дан астам қылмыстық іс тіркелді, соның ішінде 13-і трансұлттық қылмыстық топтарға қатысты. Қылмыстық кодекстің әртүрлі баптары бойынша 600-ден астам қылмыскер жауапкершілікке тартылды. Халықаралық іздестіруде болған ұйымдасқан қылмыстық топтардың 27 мүшесі, яғни «қылмыс әлемінің беделділері» ұсталды.

    Жақын шет елдерден келген алты «заңдағы ұрының» Қазақстан аумағында болуының алдын алынды. ІІМ ҰҚК-мен бірлесіп, бопсалау және басқа да ауыр қылмыстарды жасаған 160 қылмыстық топтың заңсыз әрекетін тоқтатты. Бопсалау фактілері бойынша барлығы 1300-ден астам қылмыстық іс қозғалды. 400-ден астам адам саудасымен байланысты қылмыстар анықталды.

    – Министрлік ұйымдасқан қылмыстық топтармен күресті жалғастырады және бұл бағытта нақты шаралар қабылданатын болады, – деп атап өтті ведомствода.

  • ІІМ басшысы Талғардағы жасөспірімнің өліміне қатысты істі өз бақылауына алды

    ІІМ басшысы Талғардағы жасөспірімнің өліміне қатысты істі өз бақылауына алды

    «Алматы облысының Талғар ауданында орын алған кәмелетке толмаған баланың өліміне қатысты мән-жайлар менің жеке бақылауымда. Оқиға орнында бірінші орынбасарымның басшылығымен ІІМ қызметкерлерінен құралған топ жұмыс істеуде. Кінәлілер тиісті жазасын алады», делінген жазбада.

    Бұған дейін 2024 жылы 4 қазанға қараған түні Талғарда бір топ жастар арасында болған өзара келіспеушілік төбелеске ұласқаны хабарланған болатын. Төбелес салдарынан екі жігіт аудандық ауруханаға түсті, бірақ олардың бірі алған жарақаты салдарынан жансақтау бөлімінде жан тапсырды. Кейін полиция Талғардағы тәртіпсіздікке қатысушыларды ұстаған сәттерінің видеосын жариялады.

  • Белсенді қылмыстық топтардың 50 мүшесі ұсталды

    Белсенді қылмыстық топтардың 50 мүшесі ұсталды

    Ұлттық қауіпсіздік комитеті еліміздің түрлі өңірлерінде әрекет етіп жүрген қылмыстық топтардың 50 мүшесін қолға түсірді.

    ҰҚК баспасөз қызметінің мәліметінше, ұсталғандар тауарлар мен автокөліктерді аса ірі көлемде ұрлау арнасын ұйымдастырды, сондай-ақ ұйымдасқан қылмысты қаржыландырды деген күдікке ілініп отыр.

    Сонымен қатар, олар 2 млрд. теңгеден аса қаражатқа бағаланатын мүлік тонаған.