Метка: Қысқы каникул

  • Оқушылар қысқы каникулда неше күн демалады?

    Оқушылар қысқы каникулда неше күн демалады?

    Оқу-ағарту министрлігі ақпаратына сәйкес, қысқы каникул кезеңі 2024 жылдың 30-желтоқсаны мен 2025 жылдың 8-қаңтарын қоса алғанда он күнге созылады.

    Мектеп оқушыларының қысқы демалыстағы бос уақытын тиімді өткізу және жеке тұлғалық қасиеттерін дамыту мақсатында «Біртұтас тәрбие» бағдарламасы аясында іс-шаралар жоспары жасалды. Ол бойынша мектептерде бірқатар білім беру, спорттық, мәдени және шығармашылық іс-шаралар өткізу жоспарланған:

    • «Оқуға құштар мектеп» жобасын іске асыру аясында «Қыста кітап оқимыз, жадымызға тоқимыз» мектепішілік іс-шарасы;
    • театр фестивальдері мен қойылымдары;
    • жаңа жылдық әшекейлер жасау бойынша шеберлік сабақтары;
    • қауіпсіздік сабақтары;
    • мұражайларға, ғылыми орталықтарға және тарихи ескерткіштерге танымдық экскурсиялар;
    • спорттық ойындар, коньки, шаңғы тебу;
    • қайырымдылық акциялары және басқа да шаралар.

    Балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында ата-аналармен бірге жол-көлік жарақаттарының алдын алуға, мектептің ішкі тәртібін сақтауға, балалардың көшедегі қауіпсіздігіне, үйдегі өрт қауіпсіздігі және киберқауіпсіздікке ерекше назар аударылады.