Метка: Қыз ұрлау

  • TikTok-тағы жалған қыз ұрлау видеосы сотқа дейін жеткізді

    TikTok-тағы жалған қыз ұрлау видеосы сотқа дейін жеткізді

    Алматы облысындағы Қарасай ауданаралық мамандандырылған әкімшілік соты әлеуметтік желіде жалған бейнежазба жариялаған қазақстандыққа қатысты істі қарады, деп хабарлайды Sona.kz Syrmedia.kz.

    Іс TikTok платформасында жарияланған бейнероликке байланысты қозғалған. Видеода қызды еріксіз алып кетіп, тұрмысқа шығармақ болғандай көрініс көрсетілген.

    Бейнежазба әлеуметтік желі қолданушылары арасында кеңінен таралып, қоғамдық резонанс тудырған.

    Сот отырысында қыз аталған видеоны қасақана жариялағанын мойындады. Оның айтуынша, мақсаты — көрілім санын арттырып, назар аударту болған.

    Сот қылмыстық құқық бұзушылық белгілерінің жоқ екенін анықтады.

    Алайда, оның әрекеті Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 456-2-бабын бұзған деп танылды.

    Алғашқыда салынған 20 айлық есептік көрсеткіш мөлшеріндегі айыппұл сот шешімімен екі есе қысқартылды.

    Нәтижесінде, сот шешімімен қыз 60 550 теңге көлемінде айыппұл төлеуге міндеттелді.

  • Атыраудағы қыз ұрлау ісіне қатысты үкім шықты

    Атыраудағы қыз ұрлау ісіне қатысты үкім шықты

    Атырауда 22 жастағы қызды көлікке күштеп мінгізген ер адамға 78 600 теңге көлемінде әкімшілік жаза тағайындалды.

    Сот барысында 22 жастағы азамат пен қыз бастапқыда бірге кетуге келісіп, бірақ жолда жанжал туындағаны белгілі болды. Кейін бойжеткен көліктен түсіп кеткен. Алайда жігіт ашуланып, оны қайтадан көлікке күштеп мінгізіп, үйіне апарған.

    Сотта жәбірленуші жігітінің әрекетіне шағымы жоқ екенін айтты.

    Атырау қаласының мамандандырылған әкімшілік сотында бұл іс Қазақстан Республикасы Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 434-бабының 1-бөлігі («Ұсақ бұзақылық» – қоғамдық орындарда әдепсіз сөздер айту және дөрекі мінез-құлық) бойынша қаралды.

    Сот азамат Е.-нің кінәсін мойындағанын және өкінгенін ескеріп, оған 78 600 теңге көлемінде айыппұл салынды.

    Сот үкімі заңды күшіне енген жоқ.