Метка: қыз

  • Шымкентте батыл тұрғындар биіктікте тұрған қызды құлап кетуден құтқарды

    Шымкентте батыл тұрғындар биіктікте тұрған қызды құлап кетуден құтқарды

    Әлеуметтік желілерде Шымкенттегі көпқабатты үйдің жоғарғы қабатында сыртқы парапетте тұрған қыздың видеосы тарады. Қырағылық танытқан тұрғындар оның өмірін сақтап қалды, деп хабарлайды Sona.kz Tengrinews.kz-ке сілтеме жасап.

    Видеодан қыздың тар парапетке шығып, терезенің сыртында тұрғанын көруге болады. Сосын көрші пәтердің терезесінен еңкейген ер адам онымен сөйлесуге тырысып, қолынан тартады. Алайда қыз қарсы болып, көмектен бас тартуға тырысқан.

    Осы кезде тағы бір жас жігіт көрші терезеден сыртқа шығып, парапетпен қыз тұрған жерге жақындайды. Екі азамат бірігіп, қызды пәтердің ішіне қарай сүйреп алып кірген.

    Шымкент қалалық Төтенше жағдайлар департаментінің хабарлауынша, оқиға 20 қараша күні «Модерн сити» тұрғын үй кешенінде болған.

    «12 қабатты үйдің сегізінші қабатында әйел азаматша суицидке әрекет жасамақ болды. Оқиға орнына құтқару қызметтері 09:52-де жетті. Алайда оқиғаны бірінші болып байқап, оның құлап кетуіне жол бермеген — пәтерге кіріп үлгерген тұрғындар», — деді ведомствода.

    Бұған дейін Астанада да «Алмалы» ТҮК-інде парапетке шыққан қызды тұрғындар құтқарып қалған еді. Оқиға видеоға түсірілген.

  • Алматыда оқушы қыздың қазасынан кейін қылмыстық іс қозғалды

    Алматыда оқушы қыздың қазасынан кейін қылмыстық іс қозғалды

    Алматыда 17 жастағы мектеп оқушысы қайтыс болды. Алдын ала деректер бойынша, қыз бала өз-өзіне қол жұмсауға жеке мектептегі қысым мен буллинг себеп болуы мүмкін, деп хабарлайды Sona.kz Kriminal Kazakhstan-ға сілтеме жасап.

    Әлеуметтік желідегі мәліметке сәйкес, марқұмның есімі – Жанель. Ол 11-сыныпқа өтуі тиіс болған. 2 қыркүйекте салтанатты жиынға өз стилінде келген қыз мектеп әкімшілігінің сынына ұшырады. Келесі күні оқудан шығарылып, 3 қыркүйекте көпқабатты үйдің төбесінен секіріп кеткен.

    TikTok пен Instagram-дағы жазбаларда жанжалға мұғалімдер мен кейбір ата-аналардың қатысы болуы мүмкін екені айтылады. Қыздың сырт келбетіне байланысты сөзбен қорлау, тіпті күш қолдану фактілері айтылуда.

    Қайғылы оқиғадан кейін әлеуметтік желілерде әділдік талап еткен акция басталды. Қолданушылар мектеп туралы теріс пікірлер қалдыруда.

    Алматы қалалық полиция департаменті оқушының қазасын растады. Медеу аудандық полиция басқармасы ҚР ҚК «Өзiн-өзi өлтiруге дейiн жеткiзу» бабымен қылмыстық іс қозғалғанын мәлімдеді. Қайғылы жағдайдың себептері анықталып жатыр.