Метка: Қызылорда

  • Қызылордада 16 жастағы оқушы қызды секс-құлдықта ұстаған тоғыз адам сотталды

    Қызылордада 16 жастағы оқушы қызды секс-құлдықта ұстаған тоғыз адам сотталды

    Бүгін Қызылорда облысының кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты 16 жастағы оқушы қызды секс-құлдықта ұстаған оқушылар мен олардың сыбайластарын соттады.

    Қылмыстық іс кәмелетке толмаған қызды ірі мөлшерде пайда табу мақсатында қорқыту және көрінеу кәмелетке толмаған адамға қатысты азаптау, сондай-ақ кәмелетке толмағанды жезөкшелікпен айналысуға тарту баптарымен қаралды. Сотқа осы іс бойынша 9 адам күдікті деп танылған.

    «Олардың кінәсі оқиға орнын, заттар мен құжаттарды қарау хаттамаларымен, бейнежазбалармен, «WhatsApp» арқылы хат-хабарлармен, карточкалық шоттардың банктік үзінділерімен, сараптама нәтижелерімен, сондай-ақ жәбірленушінің жауабымен дәлелденген», – деп хабарлады Қызылорда соты.

    Прокурор үш адамды 6,8 жылға, бір адамды 4,6 жылға, тағы екі адамды 4 жылға. Тағы үш адамды 8 жылға соттауды талап еткен.

    «Сот жаза тағайындау кезінде сотталушылардың жазасын жеңілдететін мән-жайлар ретінде төрт адамның кәмелетке толмағанын, тағы екі адамның ісіне қатты өкінгенін ескерген. Олардың жазасын ауырлататын мән-жайлар анықталмаған. Осылайша, сот кәмелет жасына толмаған үш бала 6,8 жылға сотталды. Тағы үш адам 4,8 жылға, тағы үш адам 7,6 жылға сотталды», – деп хабарлайды Қызылорда облысының кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты

  • Қызылордада қылмыстық топқа қатысты үкім шығарылды

    Қызылордада қылмыстық топқа қатысты үкім шығарылды

    Қызылорда қаласының №2 соты 2023 жылдың желтоқсанында күш қолдану арқылы өз көлігінде облыс орталығының тұрғынын қала сыртына алып шығып, оған өлтіру қатерін төндірумен 1 миллион теңге талап еткен қылмыстық топтың 4 мүшесіне қатысты Республикасының Қылмыстық кодексінің 194-бабының 2-бөлімінің 1) және 2) тармақтарымен айыптау үкімін шығарды.

    Облыс прокуратурасының үйлестіруімен қылмыстық топтың барлық мүшелері мен орналасқан жерлері анықталып, оларды ұстау шаралары қабылданды.

    Барлық ұсталған тұлғалар бұрын ауыр қылмыстар жасағаны үшін сотты болған. Ұстау кезінде қылмыстық топтың бір мүшесінен атыс қаруы мен оған оқ-дәрілер табылып, алынды.

    Сотпен 3 айыпталушыға 6 жылға бас бостандығынан айыру, ал қылмыстық топтың бір мүшесіне шынайы өкінуіне байланысты 3 жыл 6 айға бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды.

    Материалды көшіріп басқанда және басқаша пайдалану кезінде azh.kz сайтына гиперсілтеме міндетті түрде қойылуы тиіс. Сондай-ақ ВК, Instagram пабликтерінде жариялауға тыйым салынады.

  • Жаңа босанған әйел қан құюдан кейін АИТВ жұқтырған

    Жаңа босанған әйел қан құюдан кейін АИТВ жұқтырған

    Денсаулық сақтау министрі Ақмарал Әлназарова Қызылордада жаңа босанған әйелдің қан құюдан кейін АИТВ жұқтырғанын растады.

    «Бұл жағдай министрліктің бақылауында. Тиісті тексерістер жүргізіліп жатыр. Қазір ешкім жауапкершілікке тартылмады деп айта алмаймыз. Тергеу қорытындысы бойынша тисті шешім қабылданады», –  деді ведомство басшысы Мәжіліс кулуарында.

  • Қызылордада кәсіпкерлік басқармасының бұрынғы басшысы 9 айға  сотталды

    Қызылордада кәсіпкерлік басқармасының бұрынғы басшысы 9 айға сотталды

    Қызылорда қалалық соты облыстық Кәсіпкерлік және өнеркәсіп басқармасының басшысы Д.Әбсаттаровқа қатысты үкім шығарды.

    Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің мәліметінше, ол бизнес өкілдеріне ұлының оқуына 1,4 млн теңге сомасында ақы төлеу және құны 6,8 млн теңге дизель отынын беру қажеттігі туралы заңсыз нұсқаулар беру арқылы лауазымдық өкілеттіктерін асыра пайдаланғаны үшін кінәлі деп танылды.

    Сот Дінмұхаммед Әбсаттаровқа 9 айға бас бостандығынан айыру жазасын кесті. Оның өмірбақи мемлекеттік қызметте жұмыс істеуіне тыйым салынды. Сот үкімі заңды күшіне енді.

     

  • Қоғамның жағасын ұстатқан қызылордалық оқушы қыздың ісіне қатысты 8 күдікті қамалды

    Қоғамның жағасын ұстатқан қызылордалық оқушы қыздың ісіне қатысты 8 күдікті қамалды

    Қоғамның жағасын ұстатқан қызылордалық оқушы қыздың ісіне қатысты 8 күдікті қамалды


    Қызылордада 16 жастағы қызды жезөкшелікке мәжбүрлеген қылмыстық іс бойынша күдіктілер саны 9-ға жетті. Қазір соның сегізі сот шешімімен уақытша абақтыға, бір күдікті үй қамаққа алынды.

    Құқық қорғау органдары қоғамда үлкен дау туғызған іс әлі тергеліп жатқанына байланысты, мән-жайды ашып айтпады. Белгілісі зәбір көрген қыз қаладағы 7-ші мектептің оқушысы болған. Бастапқыда сыныптастары, одан кейін өзгелер де қосылып, 6 ай бойы жезөкшелікпен айналысуға мәжбүрлеген. Қазір қылмыстық іс бойынша 9 адам күдікті ретінде тергеліп жатыр.