Метка: рефендум

  • Қасым-Жомарт Тоқаев референдумда дауыс беріп, халыққа үндеу жасады

    Қасым-Жомарт Тоқаев референдумда дауыс беріп, халыққа үндеу жасады

    Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев жаңа Конституция жобасы бойынша өтіп жатқан республикалық референдумда дауыс берді. Президент елордадағы №51 дауыс беру учаскесіне келіп, өз таңдауын жасады. Дауыс беру процесінен кейін ол отандық және шетелдік БАҚ өкілдері үшін арнайы брифинг өткізді.

    Президент өз сөзінде бүгінгі күнді еліміз үшін «тағдыршешті сәт» деп атап, барша қазақстандықтарды мерекемен құттықтады. Тоқаев 1995 жылғы Конституцияның өз миссиясын орындағанын, бірақ уақыт талабына сай жаңа Негізгі заңды қабылдау кезек күттірмес мәселе екенін жеткізді. Ол жаңа құжаттың еліміздің тәуелсіздігі мен аумақтық тұтастығын нығайта түсетінін қадап айтты.

    Сонымен қатар, Мемлекет басшысы бұл құжаттың дайындалуына өзінің тікелей қатысқанын, әсіресе Конституцияның кіріспе бөлімі мен бірқатар маңызды нормалардың тұжырымдамасын жеке өзі ұсынғанын мәлімдеді. «Жаңа Ата заң ел игілігі мен жарқын болашағымыз үшін қызмет ететініне сенімдімін», — деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

  • Нұрсұлтан Назарбаев референдумда дауыс берді

    Нұрсұлтан Назарбаев референдумда дауыс берді

    Қазақстанның тұңғыш президенті Нұрсұлтан Назарбаев республикалық референдумда дауыс берді. Ол елордада орналасқан №228 сайлау учаскесіне келіп, өз бюллетенін жәшікке салды. Назарбаевтың дауыс беру сәті түсірілген видео әлеуметтік желілер мен ақпараттық агенттіктерде тарады. Тұңғыш президент сайлау учаскесіне күзетпен келіп, азаматтық борышын өтегеннен кейін қысқа қайырып, БАҚ өкілдеріне сұхбат берместен кетіп қалды.

  • Ауыл тұрғындары үлгі көрсетті: Қосқұдықта бір көшенің халқы түгел дауыс берді

    Ауыл тұрғындары үлгі көрсетті: Қосқұдықта бір көшенің халқы түгел дауыс берді

    Қосқұдық ауылында республикалық референдум күні ерекше жағдай орын алды. Мұнда бір көшенің тұрғындары азаматтық позицияларын білдіріп, жиналып, түгелдей дауыс берді. Бұл ауылда жалпы 103 үй ғана бар екенін ескерсек, бұл – өте жақсы көрсеткіш – дейді байқаушылар.

    «Қосқұдық ауылының тұрғындары теміржол станциясы болып құрылғаннан-ақ өте ұйымшыл. Бұл елдімекенде әулетімен теміржолшылар атанған отбасылар бар. Оның бірі – біздің жанұя. Көрші болып отырған 25 тұрғынмен келісіп, түгелдей референдумға қатысуға бел байладық. Мемлекет ертеңін айқындайтын сәтте тыс қалғымыз келген жоқ. Бастама бірден қолдау тауып, өз таңдауымызды жасадық», — деді ауылнай Келтай Шаяхметов.

  • Референдумда Үлкен ауылының халқы белсенділік танытуда

    Референдумда Үлкен ауылының халқы белсенділік танытуда

    Сағат 14:00-де Жамбыл ауданы (Алматы облысы) Үлкен ауылындағы №332 референдум учаскесінде тұрғындардың 70 пайыздан астамы дауыс берді. Ауыл тұрғындарының белсенділігі таң қалдырады: қазірдің өзінде 775 адам дауыс беріп үлгерді.

    «Бүгін біз референдумның барлық қазақстандықтар үшін маңыздылығын байқап отырмыз, сайлау учаскесінде бәрі әдеттегідей өтуде, ешқандай заң бұзушылықтар тіркелген жоқ», — деп атап өтті Үлкендегі референдум учаскелік комиссиясының төрағасы Әлия Үкібаева.

    Алматы облысында барлығы 643 референдум өткізу учаскесі ашылып, жұмысы тоқтаусыз жалғасуда. Республикалық референдумды өткізуге 655 референдум комиссиясы қатысады, оның ішінде облыстық және 11 аумақтық комиссиялар бар.