Метка: Ресей түрмесі

  • Шетелде сотталған қазақстандықтардың дені Ресей түрмелерінде отыр

    Шетелде сотталған қазақстандықтардың дені Ресей түрмелерінде отыр

    Бас прокурордың орынбасары Ғалымжан Қойгелдиев шетелде істі болып, түрмеде отырған қазақстандықтар туралы пікір білдірді.

    Тілшілер спикерден шетелде жазасын өтеп жатқан ел азаматтарының саны туралы сұрады.

    «Өкінішке қарай, қазіргі таңда 1100-ге жуық отандасымыз шетелде жазасын өтеп жатыр. Олардың дені Ресей Федерациясында. Қазақстанда 900-ге жуық шетелдік қамауда отыр. Оларды өз Отанына қайтару бойынша жұмыс жүргізіп жатырмыз. Басым бөлігі ұзақ мерзімге сотталған. Оларды ұстауға және басқа да шығындарға көп қаражат кетеді», – деді ол тілшілердің сауалына берген жауабында.

  • Іздеуде жүрген қазақстандық Ресей түрмесінде отырған

    Іздеуде жүрген қазақстандық Ресей түрмесінде отырған

    Бұл туралы Бас прокуратура мәлімдеді. Ер адам 2021 жылдың наурыз айында тағы да жеке тұлғаға қарсы ауыр қылмыс жасаған.

    Атап айтқанда, күдікті Қостанай қаласындағы жәбірленушінің пәтерінде бірге алкогольдік ішімдік ішу кезінде өзара араздық салдарынан жәбірленушінің басы мен денесіне соққылар жасағаны салдарынан жәбірленуші қайтыс болды.

    Жауаптылықтан құтылғысы келген күдікті қашып кеткен, сол себепті оған халықаралық іздеу жарияланған. Күдікті іздеуде жүргенде Ресей аумағында қарақшылық шабуыл жасап, сол үшін Ресей сотымен сотталған.

    Көрші мемлекетте жазасын өтегеннен кейін Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының сұрауы бойынша отанына экстрадицияланып, қазіргі уақытта тергеу изоляторына қамалды.

    Жәбірленушінің өліміне әкеп соқтырған ауыр дене жарақатын келтіргені үшін ол 8 жылдан 12 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы қарастырыған.