Метка: Ресей

  • Украинадағы соғыс: Ресей мәлімдеме жасады

    Украинадағы соғыс: Ресей мәлімдеме жасады

    Ресей Украинадағы соғысты уақытша тоқтатуға дайын емес. Бұл туралы Путиннің көмекшісі Юрий Ушаков мәлімдеді.

    Ушаковтың айтуынша, Ресейге уақытша атысты тоқтату қажет емес. Оның сөзінше, уақытша бітім туралы ұсыныс – бұл украин әскері үшін тек уақытша үзіліс қана.

    Сондай-ақ, Ушаков «бейбіт әрекетті имитациялайтын қадамдар ешкімге қажет емес» деп санайды. Бұдан бөлек, Ушаков Владимир Путиннің бүгін Украинада уақытша атысты тоқтату режиміне қатысты «нақтырақ және мазмұнды баға» беруі мүмкін екенін айтты.

    Айта кетейік, Украина президенті соғысты бір айға тоқтатуға келіскен болатын. Джидда қаласында өткен келіссөздердің қорытындысы бойынша Украина мен АҚШ делегациялары бірлескен мәлімдеме жасады.

    Оның ең маңызды тармақтары:

    Украина «30 күндік уақытша бітім режиміне» келісуге дайын. Бұл мерзім өзара келісім бойынша ұзартылуы мүмкін, бірақ Ресей Федерациясы бұл шарттарды қабылдап, толығымен орындауы қажет.

  • Ақтаудағы ұшақ апаты: Ресей Әзербайжанға өтемақы төледі

    Ақтаудағы ұшақ апаты: Ресей Әзербайжанға өтемақы төледі

    Өткен жылдың желтоқсан айында болған Ақтаудағы ұшақ апатына байланысты ресейлік сақтандыру компаниясы Azal әуекомпаниясының Embraer 190 ұшағы үшін өтемақыны толығымен төледі, деп хабарлайды Malim.kz. 

    Сондай-ақ ресейлік компания мерт болған және аман қалған жолаушыларға төлем төлеуді бастады. Бұл туралы компания бас директорының авиациялық және ғарыштық сақтандыру жөніндегі орынбасары Илья Кабачник мәлімдеді. 

    Ұшақ үшін төлем ақпан айында толық көлемде жасалды, – деді ол.

    Алайда өтемақы мөлшері қанша болғаны айтылмады. Сарапшылардың пікірінше, бұл шамамен 25-30 миллион доллар болуы мүмкін

  • Қазақстан Ресейден 1500 бағдаршам сатып алды

    Қазақстан Ресейден 1500 бағдаршам сатып алды

    Былтыр Қазақстан Ресей Федерациясынан бір жарым мыңға жуық бағдаршам сатып алды. 

    28 ақпанда «Ростек» мемлекеттік корпорациясы 2024 жылы Яламов атындағы Орал оптикалық-механикалық зауыты, ШҚО 1-де орналасқан Трафикті қосқанын хабарлады Қазақстанға жарық. Тапсырыс берушілер Қостанай, Павлодар, Өскемен және Ақтөбе қалаларының әкімдіктері болды. Оның үстіне қазақстандықтар Екатеринбургтен бағдаршамды Ресей Федерациясы өңірлерінен келген тұтынушыларға қарағанда екі есе белсенді сатып алады.

    «Тек өткен жылы біз Ресей өңірлеріне 717 бағдаршам жеткізіп, Қазақстанға 1494 бағдаршам жібердік, ал соңғы үш жылда сегіз мыңнан астам құрылғы саттық», – деді «Швабе» бас директорының орынбасары Лев Борисов.

    Бағдаршамдарға қатысты сұрақ жоқ: олар заманауи, олар Smart City инфрақұрылымына біріктірілуі мүмкін, оларға бейнебақылау модульдерін қосуға болады және т.б.

    Олардың өндірушісі қызықтырақ: UOMZ шығаратын өнімдердің тек 13% азаматтық мақсаттарға арналған. Зауыт әскери техникаларға арналған жабдықтарымен танымал. Ол ресейлік жауынгерлік ұшақтар мен тікұшақтарға арналған оптикалық-локациялық станцияларды, сондай-ақ әскери кемелер мен жерүсті техникасына арналған оптикалық-электрондық жүйелерді шығарады.

    Екатеринбургтегі кәсіпорын кіретін «Швабе» холдингі «Ростек» құрамына кіреді. 2022 жылдың маусымында Ресейдің Украинаға басып кіруінен кейін АҚШ Швабеге қарсы санкциялар енгізді, ал 2022 жылдың желтоқсанында ЕО да соны ұстанды.

  • Трамп: Ресеймен қақтығысқа Зеленскийді кінәлі

    Трамп: Ресеймен қақтығысқа Зеленскийді кінәлі

    «Ресей мен Украинаның соғысын 24 сағаттың ішінде тоқтатамын» деп бірнеше рет мәлімдеген Дональд Трамп Украина президенті Владимир Зеленский келісімге келуге дайын екенін айтты.

    Алайда, Трамп Ресеймен қақтығысқа Зеленскийді кінәләді.

    Ол (Зеленский) бұл соғысты болдырмауы керек еді. Зеленский – періште емес. Ол әлдеқайда үлкен, әлдеқайда алып, күшті құрылыммен күресіп жүр. Ол бұған жол бермеуі керек еді, себебі келісімге келуге болатын, – дейді АҚШ президенті Fox News телеарнасына берген сұхбатында. 

    Еске салайық, бұған дейін Трамп Путинге арнап пост жариялаған болатын. АҚШ президенті Дональд Трамп Украинамен соғысты тоқтату туралы келісім жасалмаса, Ресейге жаңа санкциялар мен сауда баждарын енгізетінін мәлімдеген. Бұл туралы ол өзінің Truth Social әлеуметтік желісінде жазды.

    Егер біз «мәміле» жасаспасақ жақын арада Ресейдің Америка Құрама Штаттарына және басқа елдерге сататын барлық тауарына жоғары салықтар, баждар мен санкциялар салудан басқа амалым қалмайды. Мен президент болсам, ешқашан басталмауы тиіс болған осы соғысты аяқтайық! Біз мұны оңай немесе қиын жолмен жасай аламыз, бірақ оңай жолы қашан да жақсырақ. «Мәміле жасасар» уақыт келді, – деді АҚШ президенті.   

  • Ресейдің әуе кеңістігін айналып ұшу ұсынылды

    Ресейдің әуе кеңістігін айналып ұшу ұсынылды

    Еуропалық авиациялық қауіпсіздік агенттігі (EASA) Ресейдің әуе кеңістігін пайдалану жөніндегі нұсқаулықты күшейтті. Осылайша әуе компанияларына елдің еуропалық бөлігін айналып өтуді ұсынды.

    Жаңартылған талаптарға сүйенсек, тасымалдаушыларға Ресейдің еуропалық бөлігін қамтитын Мәскеу, Санкт-Петербург, Дондағы Ростов, Екатеринбург және Самарадағы рейстерді тоқтату ұсынылды.

    «Ресей Украинаға басып кіргеннен кейін жалғасып жатқан қақтығыс азаматтық ұшақтардың әуе кеңістігінде байқаусызда шабуылға ұшырау қаупіне әкеледі», – делінген EASA таратқан ақпаратта.

    Тиісті ұсыныс осы жылдың 31 шілдесіне дейін қолданыста болады. Бұл EASA рұқсат берген үшінші елдердің әуе компанияларына таратылады. Еуропалық тасымалдаушылар Ресейдің Украинаға басып кіруінен кейінгі санкциялардан соң Ресейге ұшпайды.

  • Жапония қазақстандық компанияға қарсы санкция жариялады

    Жапония қазақстандық компанияға қарсы санкция жариялады

    Жапония Украинадағы соғысқа байланысты Ресейге қосымша санкциялар енгізуді мақұлдады. Жапондық шектеулер қазақстандық бір компанияға да әсер етті.  Бұл туралы Жапония министрлер кабинетінің отырысында белгілі болды.

    Экспорттауға тыйым салынған тауарлар тізіміне 335 позиция қосылды. Олардың ішінде кран қозғалтқыштарына арналған бөлшектер, басқа да арнайы жабдықтар мен шағын мотоциклдер бар, бұл Ресейдің өнеркәсіптік әлеуетін арттыруы мүмкін. Сондай-ақ, химиялық қару жасауға пайдаланылуы мүмкін капсаицин сияқты химиялық заттарға да экспорттық тыйым салынды.

    Бұл тауарларды экспорттауға тыйым 23 қаңтардан бастап күшіне енеді.

    Үкіметтің шешімінде санкцияларды айналып өтуге ықпал етті деп күдікке ілінген алты елдің 31 ұйымына экспорттауға тыйым салу қарастырылған. Бұл ұйымдар Қазақстан, Біріккен Араб Әмірліктері (БАӘ), Қытай, Қырғызстан, Таиланд және Түркия елдерінде орналасқан.

    Санкция салынған ұйымдардың атаулары есепте көрсетілмеген. Осыған байланысты қосымша ақпарат алу үшін Қазақстанның Индустрия және құрылыс министрлігінің баспасөз қызметіне сұрау жіберілді.

    Сонымен қатар, тыйым салынған активтер тізіміне Ресейден 11 жеке тұлға, 29 ұйым және 3 банк қосылды. Активтерді бұғаттау бір ресейлік емес жеке тұлға мен бір банкке де қатысты болады.

    Жапония министрлер кабинетінің бас хатшысы Ёсимаса Хаяши баспасөз мәслихатында Жапонияның Украина төңірегіндегі жағдайды реттеуге халықаралық қауымдастықпен, оның ішінде жеті ірі экономика (G7) елдерімен ынтымақтаса отырып, халықаралық күш-жігерге өз үлесін қоса беретінін мәлімдеді.

  • Ақтаудағы ұшақ апатына Ресейдің ракетасы кінәлі ме?

    Ақтаудағы ұшақ апатына Ресейдің ракетасы кінәлі ме?

    Әзірбайжандық үкіметтік көздер Euronews-ке Ақтаудағы Azerbaijan Airlines ұшағының апатына Ресейдің зениттік зымыраны себеп болғанын растады. 

    Дереккөздің мәліметінше, зымыран 8432 рейсіне Грозный үстінде ұшып бара жатқан кезде атылған, оның қалдықтары ұшақтың жолаушылары мен экипажын зақымдап, ұшақтың қасында жарылған.

    Үкіметегі дереккөздердің айтуы бойынша, ұшақтың Ресейдегі әуежайларда қонуына тыйым салынғанын және ұшқыштардың мәжбүрлі қонуға өтініш жасағанына қарамастан рұқсат бермеді. Экипаж мәжбүрлі түрде Каспий теңізі үстімен Ақтауға бет бұрды.

    Слонымен қатар, ұшақтың теңіз үстінен ұшқанда GPS-навигациясы жол бойы бұғатталды.

  • Ресейде ер адамдарға төрт әйел алуға дейін рұқсат берілді

    Ресейде ер адамдарға төрт әйел алуға дейін рұқсат берілді

    Ресей Мұсылмандары діни басқармасы (ДУМ) Ғұламалар кеңесі ер адам жұбайларына әділ және тең қарым-қатынас жасаған жағдайда төрт әйелге дейін діни неке қиюға рұқсат берді. Бұл туралы РИА басылымы хабарлайды.

    Мұндай шешім қабылданғаны туралы кеңес төрағасының орынбасары әрі мұсылмандар діни басқармасы төрағасының орынбасары, Мәскеу мүфтиі Ильдар Аляутдинов мәлімдеді.

    «Ер адамның бір уақытта екінші, үшінші, тіпті төртінші діни некеге тұру мүмкіндігі туралы шешім қабылданды. Әйелі денсаулығына байланысты бала көтере алмаса, бұл жағдайға рұқсат етіледі», — деді ол.

    Сонымен қатар, репродуктивті жастың аяқталуына байланысты бірнеше діни неке қиюға рұқсат етілген. Мұндайда әйелінің бала туғысы келмейтіні де ескеріледі, деп қосты Аляутдинов.

    Сол сияқты ол көп әйел алуға рұқсат етудің басты шарты күйеуінің әйелдеріне әділ және тең қарауы екенін баса айтты. Ал бұл әйелдеріне бірдей материалдық қолдау көрсету арқылы, яғни олардың әрқайсысына жеке баспана алып беруінен көрінетінін ерекше атап өтті. Егер бұл шарттар орындалмаса, ер адамның бірнеше әйел алуына рұқсат берілмейді.

    Сонымен қатар, ер адам басқа әйелге үйленетін ниеті туралы қазіргі жұбайына хабарлауы керек, деді ол. Бұған қоса, үйленген ер адам басқа діни некеге тұрғанда, ол әйелдің барлық баласын асырап алуға міндетті болады.

  • Ресей Башар Асадқа саяси баспана берді

    Ресей Башар Асадқа саяси баспана берді

    Сирияның бұрынғы президенті Башар Асад Ресейден саяси баспана алды. Ол Мәскеуге отбасымен бірге келді.  Бұл туралы ТАСС агенттігіне Кремльдегі дереккөз хабарлады. Дереккөздің мәліметінше, Асад отбасымен бірге Мәскеуге келген.

    «Ресей гуманитарлық тұрғыдан Асад пен оның отбасына баспана беруді жөн көрді», – деді агенттік өкілі. ондай-ақ Ресей билігі Сириядағы жағдайды реттеу үшін БҰҰ аясында бейбіт келіссөздерді қайта бастауды қажет деп санайды.

    Бұл оқиға халықаралық қауымдастықтың назарын аударып, Сириядағы ұзаққа созылған қақтығысты шешу жолдарын іздестірудің маңыздылығын арттырды.

  • Келер жылы Қырғызстан ҰҚШҰ-ға төрағалық етеді

    Келер жылы Қырғызстан ҰҚШҰ-ға төрағалық етеді

    Президент Қасым-Жомарт Тоқаев ҰҚШҰ Ұжымдық қауіпсіздік кеңесінің кеңейтілген құрамдағы отырысына жыл бойы өзекті сын-қатерлерге қарсы іс-қимыл мәселесіне ерекше ден қойылғанын айтты.

    – Қазақстан мен ҰҚШҰ-ға мүше басқа да елдер аумағында бір уақытта «Наемник», «Канал», «Нелегал» және «ПРОКСИ» секілді арнайы операциялардың түрлі кезеңдері өтті. Бұл іс-шаралар халықаралық терроризмге, есірткі саудасына, заңсыз көші-қонға және ақпараттық ортадағы сын-қатерлерге қатысты қауіптің алдын алуды көздейді. Биыл біздің бастамамызбен алғаш рет заңсыз қару-жарақ, оқ-дәрі айналымына және ұйымдасқан трансұлттық қылмысқа қарсы іс-қимыл жөнінде консультациялар өтті. ҰҚШҰ аясында арнаулы жұмыс тобын құру мәселесі пысықталып жатыр. Қазақстан төрағалығының үйлестіруімен Тәжік-ауған шекарасын нығайту жөніндегі ҰҚШҰ-ның мақсатты мемлекетаралық бағдарламасын дайындау жұмыстары аяқталды. Құжатты әзірлеу 2013 жылы басталған болатын. Бүгін біз Ұйымның оңтүстік шебіндегі қауіпсіздікті нығайтуға бағытталған осы маңызды шешімге қол қоямыз, – деді Мемлекет басшысы.

    Қасым-Жомарт Тоқаевтың айтуынша, ҰҚШҰ төрағасы ретінде Қазақстан айқындаған басымдықтар жүйелі әрі қарқынды түрде жүзеге асырылып келеді. Серіктестердің қолдауына сүйене отырып, ҰҚШҰ аясында аталған бастамаларды одан әрі ілгерілету ісі белсенді жалғасады.

    Мемлекет басшысы Ұйымның Бас хатшысына, ҰҚШҰ-ның Тұрақты кеңесі мен жұмыс органдарына атқарылған ауқымды жұмыс үшін ризашылығын жеткізді.

    ҰҚШҰ Ұжымдық қауіпсіздік кеңесінің кеңейтілген құрамдағы сессиясы барысында Қырғызстан Президенті Садыр Жапаров пен ҰҚШҰ Бас хатшысы Иманғали Тасмағамбетов сөз сөйледі.

    Қасым-Жомарт Тоқаев Садыр Жапаровты 2025 жылдың 1 қаңтарынан бастап ҰҚШҰ-ға төрағалықтың Қырғыз Республикасына өтуі туралы шешімнің қабылдануымен құттықтап, қырғыз тарапының жауапты міндетті табысты атқаруына тілектестік білдірді.