Метка: Рейс

  • Қазақстан Нью-Йорк, Токио және Сингапурға тікелей рейстер ашуды жоспарлап отыр

    Қазақстан Нью-Йорк, Токио және Сингапурға тікелей рейстер ашуды жоспарлап отыр

    Қазақстан халықаралық әуе қатынасын кеңейтуді көздеп отыр. Бұл туралы Президент Қасым-Жомарт Тоқаев ICAO кеңесінің төрағасы Сальваторе Шаккитаномен кездесуде мәлімдеді.

    Мемлекет басшысының айтуынша, қазір еліміз 30-дан астам мемлекетпен тікелей әуе қатынасын орнатқан. Енді Нью-Йорк, Токио және Сингапур бағыттарында жаңа тікелей рейстерді іске қосу жоспары бар.

    «Өткен жылдан бастап Монреаль қаласында ICAO жанындағы Қазақстанның тұрақты өкілдігі жұмыс істеп тұр. Ал 2024 жылы Алматы, Шымкент және Қызылорда қалаларында жаңа әуежай терминалдары пайдалануға берілді. Алматы әуежайының өткізу қабілеті алты есеге — жылына 2,5 миллионнан 14 миллион жолаушыға дейін ұлғайды», — деді Президент.

    Сондай-ақ кездесуде азаматтық авиацияны дамытуға арналған мастер-жоспардың маңыздылығы атап өтілді. Бұл құжат саладағы ұзақмерзімді стратегияның негізіне айналмақ.

    ICAO басшысы Қазақстанның авиация саласындағы ілгерілеуін жоғары бағалап, тұрақтылықты, даму қарқынын және нақты институционалдық құрылымды ерекше атап өтті.

    Айта кетейік, 2025 жылы қазақстандық және шетелдік әуе компаниялары ондаған жаңа бағыт ашуды жоспарлап отыр. Олардың қатарында Мюнхен, Будапешт, Шанхай, Дананг және Каир бар. Билік өкілдері мұндай бәсекенің өсуі билет бағасын төмендетіп, жолаушыларға көбірек таңдау ұсынады деп сенеді.

  • Қатонқарағайға Алматы мен Астанадан тікелей рейстер қатынайды

    Қатонқарағайға Алматы мен Астанадан тікелей рейстер қатынайды

    Көлік министрлігінің дерегінше, Қатон-Қарағай мен Зайсан бойынша ұшу-қоны орындары айқындалды. Туристік аймақтарла әуежайлардың құрылысы 2025 жылы басталады.

    – Қатон-Қарағайда Солдатов деген жерде, ал Зайсанда Сәтбай деген жерде болады. Оған Өнеркәсіпті қолдау қоры арқылы ATR деген арнайы ұшақтар сатып алынбақ. Өйткені бізде оған ұшатын Bombardier деген 5 қана ұшақ бар, – деді министр Марат Қарабаев.

    ҚР Көлік министрінің айтуынша, ұшып-қону алаңы мәселесіне көп ойланған.

    – Біз тек қана ол жаққа Өскеменнен ұшатын өңірлік ұшу-қону алаңы бола ма кішігірім немесе үлкен жасаймыз ба деп көп ойландық. Толыққанды шешіміміз былай болды. 1000-1500 шақырымға ұша алатын Bombardier Q400 деген Qazaq Air-дің ұшақтары бар. Солардың ұшақтары ұша алатын үлкен ұшу-қону алаңын жасаймыз. Оның ұзындығы 2200 шақырым болады. Сонда Астанадан, Алматыдан тікелей Қатон-Қарағайға, Зайсанға ұшу мүмкіндігі болады. Өнеркәсіпті қолдау қоры бар, сол арқылы тағы да ATR-72 ұшақтарын сатып аламыз. Келесі жылы толығымен екі әуежайдың құрылысын аяқтаймыз, – дейді ол.

     

  • Ұшаққа билетті сатып, бірақ орын жетпей қалған: FlyArystan дауға түсінік берді

    Ұшаққа билетті сатып, бірақ орын жетпей қалған: FlyArystan дауға түсінік берді

    FlyArystan әуе компаниясы 12 жастағы қыз баланы не себепті ұшаққа отырғызбағанын түсіндірді.

    «Бұған дейін әуе кемесі жолаушылар сыйымдылығы аз ұшаққа ауыстырылғандықтан, әуекомпания Зере Галиеваға ұшақ бортынан орын бере алмады. Әуекомпания агенттері борттағы жолаушыларға Зереге орын беру туралы өтініш білдіріп, өтемақы ұсынды. Өкінішке орай, жолаушылар арасында ерікті табылған жоқ», — делінген FlyArystan әуе компаниясының хабарласында.

    Яғни, жолаушының билеті бар бірақ, орны жетпей қалған.

    «Әуекомпания бұл жағдайдағы өз кінәсін толық мойындайды. Біз болған оқиғаға шынайы өкініш білдіреміз және бұл жағдай біздің қызмет көрсету стандарттарымызға мүлдем сай келмейтініне сендіргіміз келеді. Шынайы кешірім сұрай отырып, Мусина ханым мен отбасына келтірілген моральдық зиян үшін өтемақы ұсынуға дайынбыз», -деп толықтырды FlyArystan әуе компаниясы.

    Ал, зардап шегушінің сөзінше FlyArystan компаниясы оған 4 млн теңге өтемақы ұсынған. Бірақ, Жазира Мусина әуе компнаниямен тек сотта кездесуге бекініп отыр. Тіпті, бұл оқиғаның болғанына 20 күнге жуықтаған. Сөзінше, компания бүгін ғана кешірім сұрап, хат жіберіпті.

    Естеріңізге сала кетейік, 12 жастағы қызды рейке жібермей қойғанын бұған дейін хабарлаған болатынбыз. Айта кетейік, FlyArystan әуе компаниясына қатысты бұл алғашқы дау емес. Жақында ғана Алматы-Астана бағыты бойынша рейсті кешіктіргені үшін оларға 4 млн теңгеге жуық айыппұл салынған болатын. Себебі, FlyArystan рейсті кешіктіргені үшін жолаушыларды қонақүйге орналастыруы тиіс болған. Бірақ, бұл міндеттерін орындамаған. Енді осы әрекеттері үшін 3 млн 700 мың теңге айыппұл төлейді.

  • FlyArystan 12 жастағы қызды рейске жібермегені үшін жауапқа тартылады

    FlyArystan 12 жастағы қызды рейске жібермегені үшін жауапқа тартылады

    FlyArystan әуе компаниясы 12 жастағы қызды рейске жібермегені үшін жауапқа тартылады. Азаматтық авиация комитеті оларға тексеру жүргізеді. Бұған дейін домбыраны бортқа кіргізбей басы дауға қалған компания енді кәмілеттік жасқа толмаған баланы тастап кеткен. Оқиға 20 шілдеде болған. Қазақстандық Жазира Мусинаның сөзінше, оның Америкадан егіз қызы елге оралған. Астана арқылы Оралға ұшуы тиіс болған. Бірақ, FlyArystan әуе компаниясының қызметкері егіздің бірін тіркеп, екінші сынарын тіркемеген. Жазира Мусинаның айтуынша, әуе компаниясының өкілдері егіздің сыңарын бортқа өздері отырғызамыз деп сендірген. Алайда, қызды отырғызбай, бала әуежайда жалғыз өзі қалып қойған Қазір анасы FlyArystan әуе компаниясын сотқа берді.

    «Азаматтық авиация комитеті «FlyArystan» авиакомпаниясын кәмелетке толмаған жолаушыны авиакомпанияның рейсіне жібермегені үшін әкімшілік жауапкершілікке тартады.
    Бұл өрескел жағдай. Жолаушылардың құқығы әрқашан мүлтіксіз сақталуы керек.
    Азаматтық авиация комитеті, «Қазақстанның авиациялық әкімшілігі» АҚ-мен бірлесе «FlyArystan» авиакомпаниясына қатысты жан-жақты тексеру жүргізеді.
    Кінәлі қызметкерлер міндетті түрде жауапқа тартылады»,- делінген ведомствоның хабарламасында.

     

     

  • Рейстер кешігеді: Дауыл мен бұршақтан Air Astana  ұшақтары зақымдалған

    Рейстер кешігеді: Дауыл мен бұршақтан Air Astana ұшақтары зақымдалған

    Air Astana әуекомпаниясы 9 тамыз күні рейстердің кешігуі мүмкін екендігі туралы хабарлады.

    «Рейстердің кешігу себебі 8 тамыз күні Астанада болған дауыл мен бұршақтың салдарынан болуы мүмкін. Қазіргі уақытта әуекомпания бұршақтың салдарынан төрт ұшақтың зақымдалғанын анықтады. Әуекомпания инженерлері қажетті тексеру және жөндеу жұмыстарын жүргізуде. Жөндеу жұмыстары бірнеше күннен кейін бітеді»,- делінген ведомствоның хабарламасында.

    Жолаушыларымыздан әуежайға жол тартпас бұрын рейс статусын әуекомпания сайтында тексерулерін сұрайды. Қосымша сұрақтар туындағанда осы номерлерге хабарласып, білуге болады.

    +7 727 244 44 77
    +7 7172 58 44 77
    +7 702 702 44 77
    +7 705 927 44 77
    WhatsApp: +7 702 702 00 74
    Online chat: airastana.com