Метка: Ринат Зайытов

  • Уақыт белдеуі қайтарыла ма? – Депутат Ринат Зайытов

    Уақыт белдеуі қайтарыла ма? – Депутат Ринат Зайытов

    Мәжіліс депутаты Ринат Зайытов уақыт белдeуі наурызда кері қайтарылатынын айтты. 

    Депутат «Airan» YouTube-арнасына берген сұхбатында уақыт белдеуінің сұрағы шешімін наурыз айында табатынын айтты.

    «Наурызда отырыс жасаймыз. Сол кезде не бүк, не шүк болады», – дейді депутат.

    Зайытовтың айтуынша, уақыт белдeуін өзгертуге қатысты Үкімет нақты дәлел ұсынбады.

    «Үкіметтің позициясы әлсіз, ешнәрсе дәлелдей алмайды. Уақыт белдеуі ауысқанның не пайдасы тиді? Уақыт қайтарылады», – деп қосты Зайытов.

    Қасым-Жомарт Тоқаев уақыт белдеуінің өзгеруінің азаматтардың өмір сүруіне және ел экономикасына әсерін жан-жақты зерттеуді 1 наурызға дейін жүргізуді тапсырған еді.

  • Ринат Зайытов ЛГБТ-ны насихаттауға тыйым салуды ұсынды

    Ринат Зайытов ЛГБТ-ны насихаттауға тыйым салуды ұсынды

    Мәжіліс депутаты Ринат Зайытов ЛГБТ-ны насихаттауға толық тыйым салуды ұсынды. Бұл туралы Зайытов премьер-министр Олжас Бектеновке жолдаған депутаттық сауалында айтты.

    Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 18 ақпандағы «Экстремизмге қарсы іс-қимыл туралы» № 31 Заңының 1-бабына сәйкес феминита қауымдастығына Қазақстан Республикасының аумағында шектеу қоюды және ЛГБТ-ны насихаттауға толықтай тыйым салуды талап етеміз, – деген Зайытов.

    Депутат мұндай ұйымдардың өңірлерді аралап, кәмелетке толмағандар арасында насихат жұмыстарын ашық жүргізіп жатқанын айтады.

    Алматының көшелерінде өрімдей жастарды жинап алып митинг өткізгенде де, мәжілістің 11 депутаты қол қойып, сауал жолдағанда да құқық қорғау органдары саусақ қозғалтқан жоқ, – дейді депутат.