Метка: өрт

  • Астанадағы ірі сауда орталығынан өрт шықты

    Астанадағы ірі сауда орталығынан өрт шықты

    Оқиғаға қатысты қалалық төтенше жағдайлар департаменті пікір білдірді.

    «Осы сәтте Астана қаласы өрт сөндірушілері Нұра ауданы Тұран даңғылы бойында орналасқан Сауда-ойын сауық орталығындағы өртті сөндіруде. Құтқарушылар жоғары дәрежемен жұмыс жасауда», – делінген ТЖМ хабарламасында.

    Тілсіз жаудан зардап шеккендер туралы ақпарат әзірге жоқ. Төтенше жағдайлар министрлігінің соңғы мәліметтеріне сәйкес, сауда орталығындағы өрт оқшауланған.

    «Өрт СОО негізгі ғимаратына және ғимараттың қаптамасына 2 қабатты қосымша ғимаратта орын алуда. Құрылыс материалдарын талдау мен су төгу жұмысы жүргізілуде», – деп қосты министрлік.

  • Қаскелең қаласында базар өртенді

    Қаскелең қаласында базар өртенді

    Қазақстан ТЖМ құтқарушылары Алматы облысы Қаскелен қаласындағы құрылыс дүкенінің қоймасындағы өртті сөндірді.

     Оқиға орнына өрт сөндіру жедел штабы жетті.

    Жақын орналасқан тұрғын үйлерді оттан қорғау және өртті сөндіру үшін су оқпандары берілді.

    Барлығы ТЖД 30 адамға жуық жеке құрам және 10 бірлік техникасы жұмылдырылды.

  • Қарағандыда өрттен 2 бала қаза тапты

    Қарағандыда өрттен 2 бала қаза тапты

    Қарағандыда өрт кезінде екі бала қаза тапты. Тағы екі бала жанып жатқан үйден өздігінен шыққан. Бұл туралы облыстық Төтенше жағдайлар департаменті хабарлады.

    Ресми ақпаратқа сәйкес, түнде қаладағы Пришахтинская көшесінде орналасқан екі пәтерлі тұрғын үйден өрт шыққан. Шатыр, төбе және үй ішіндегі заттар өртке оранған. 2 және 4 жасар екі бала қаза тапты.

    «ТЖМ күштерімен өрт 50 ш.м. алаңда толығымен жойылды. Құтқарушылар келгенге дейін 2017 және 2015 жылы туған екі бала өз бетінше шығып үлгерген. Олар ауруханаға жеткізілді», – делінген хабарламада.

    Оқиға орнына жедел жеткен өрт сөндірушілер 60 жастағы әйелді құтқарды,  ол ауруханаға жатқызылды. Өрттің алдын ала себебі электр сымдарының қысқа тұйықталуы делінген. Бұл факті бойынша қылмыстық іс қозғалды.

  • Астанада өрт болды

    Астанада өрт болды

    ТЖМ хабарлауынша, түнде Сарыарқа ауданында Көктал көшесінде орналасқан автокөлік шиналарын жою цехында резеңке бұйымдар, жабдықтар және шатырдың ағаш құралымдарыны жанған.

    Жалынға оранған ғимараттан өрт сөндірушілер бірінен соң бірі 2 газ және 2 оттегі баллондарын шығарып жарылыстардың алдын алды.

    Өрт 500 шаршы метр аумаққа жайылғаны белгілі болды.

    Зардап шеккендер жоқ екені хабарланды.

  • 9 сынып оқушысы «PATRIOT» төсбелгісімен марапатталды

    9 сынып оқушысы «PATRIOT» төсбелгісімен марапатталды

    Жазда, яғни 4 маусым күні Іле ауданында тұрғын үйден өрт шыққан еді. Сол кезде Іле ауданы №39 гимназиясының 9 сынып оқушысы Камитбек Ихсан өртке оранған үйден 63 жастағы қарт кісімен 12 жастағы немересін аман алып шығып, құтқарып қалды. Оған осы ерлігі үшін «PATRIOT» төсбелгісімен марапаттап, Алматы облысы білім басқармасы басшысының атынан ноутбук сыйға тартылды.

  • Павлодарда жанармай құю бекеті өртенді

    Павлодарда жанармай құю бекеті өртенді

    ТЖМ мәліметінше, құтқарушылар ЖҚС жарылысының алдын алған.

    – Павлодар қаласының шығыс өнеркәсіптік аймағында жанармай құю станциясының аумағында сыйымдылығы 3 текше метр жерасты газгольдері жанып, кейіннен өрт автожуу ғимаратына ауысқан. Өрт 41,5 шаршы метр алаңда сөндірілді, – делінген ақпаратта.

    Зардап шеккендер жоқ. Өрттің себебі анықталуда.

  • Алматыда көпқабатты үй өртенді

    Алматыда көпқабатты үй өртенді

    Алматыда көпқабатты үй өртеніп, адамдар құтқарылды.

    ТЖМ мәліметінше, Алматы ауданындағы көпқабатты тұрғын үйлердің бірінде 1-қабаттағы пәтерден өрт шыққан.

    ТЖД қызметкерлері баспалдақ маршымен 5 адамды эвакуациялап, бір кейуана мен екі баланы құтқарды.

    Өрт сөндірушілер жалынның таралуына жол бермей, оны жедел сөндірді. Өрттің аумағы – 8 шаршы метр.

    Оқыс оқиғадан зардап шеккендер жоқ.

  • Жітіқарадағы оқиға: 5 баласынан айырылған отбасыға пәтер берілді

    Жітіқарадағы оқиға: 5 баласынан айырылған отбасыға пәтер берілді

    Қостанай облысы Жітіқара қаласында өрт шығып, бір сәтте бес баласынан айырылған отбасыға пәтер берілді.

    Өңір әкімдігінің мәліметінше, жеке үйде шыққан өртте бес баласынан айырылған отбасыға қажетті психологиялық, құқықтық және материалдық көмек көрсетілген.

    Жерлеу рәсімі ұйымдастырылып, жергілікті бюджеттен 100 АЕК көлемінде біржолғы әлеуметтік көмек берілді, білім беру бөлімінің қоры есебінен 100 АЕК көлемінде төлем беру жоспарлануда. Қаладағы екі ірі кәсіпорының бастамасымен отбасыға екі бөлмелі пәтер сатып алынды», – делінген әкімдік хабарламасында.

  • Астанада жатақхана өртеніп, 5 адам зардап шекті

    Астанада жатақхана өртеніп, 5 адам зардап шекті

    Оқиға Байқоңыр ауданындағы Тараз көшесінде болған. Өрт сөндірушілер оқиға орнына келгенде жатақхананың шатыры мен 3 және 4-қабаттағы бөлмелер жанып жатқан. Қызыл жалын ортасынан алты адам арнайы өрт сөндірушілердің баспалдағының көмегімен құтқарылды.

    «ТЖМ күштері үш иінді баспалдақтың көмегімен 3-қабаттан 6 адамды құтқарды. Алдын ала мәліметтер бойынша жану өнімдерімен уланған 5 адам жедел медициналық жәрдем қызметкерлеріне тапсырылды», — делінген Астана қаласының Төтенше жағдайлар қызметінің хабарламасында.

    Төтенше жағдайлар министрілігінң мәліментінеше,  өртті сөндіру жұмыстарын ғимараттың жан-жағындағы автокөліктердің көптігі  қиындатқан. Тілсіз жау 850 шаршы метр алаңға тараған. Өрт сөндірілді. Шығу себебі анықталуда.

     

  • Павлодарда өртенген үйден ер адамның мәйіті табылды

    Павлодарда өртенген үйден ер адамның мәйіті табылды

    Павлодар облысының Малиновка ауылында өртеніп кеткен үйден ер адамның мәйіті табылды. 1969 жылы туған марқұм үйде жалғыз тұрған.

    Шарбақты ауданы Малиновка ауылында 1969 жылғы ер адам өз үйінде тосыннан болған өрттен көз жұмды. Оқиға бүгін таңертең болған.

    14 қазан күні сағат 06.12-де Шарбақты ауданы Малиновка ауылындағы жер үйден өрт шыққаны туралы хабарлама келіп түсті. Өрт сөндірушілер оқиға орнына жедел жетіп, жалынды сөндіруге кірісті. Алаңы 15 шаршы метр аумақта ағаш еден және терезе жақтаулары өртенген. Өрт сөндіру барысында үйден 1969 жылғы ер адамның мүрдесі. Ол аталған үйде жалғыз тұрған. Өртке ӨСБ-7 күштері мен құралдары жұмылдырылды. Оқиғаның себебі анықталып жатыр, – деп хабарлады Павлодар облысы ТЖД баспасөз қызметі.