Метка: Сара Назарбаева

  • Алматыда Сара Назарбаеваның стационарлық емделуі аяқталды

    Алматыда Сара Назарбаеваның стационарлық емделуі аяқталды

    Қазақстанның тұңғыш Президентінің жұбайы Сара Назарбаева ауруханадан шығарылды. Бұл туралы Sona.kz  Syrmedia.kz-ке сілтеме жасап хабарлады.

    Алматы қаласындағы Ұлттық госпиталь өкілдерінің мәліметінше, Сара Назарбаева стационарлық ем қабылдағаннан кейін амбулаториялық емдеуді жалғастырады.

    Медициналық мекемеде оның диагнозы, қазіргі жағдайы және қолданылған емдеу әдістері жарияланбайтыны атап өтілді. Бұл ақпарат дәрігерлік құпияға жатады.

    Сара Назарбаеваның ауруханаға 2025 жылдың сәуір айында жатқызылғаны хабарланды.

    Ол медициналық мекемеде шамамен он ай бойы ем қабылдаған.

    Қазіргі уақытта оның жағдайы дәрігерлердің бақылауында болады және емдеу амбулаториялық форматта жалғасады.

    Ұлттық госпиталь тарапынан қосымша мәлімет берілген жоқ.

  • Сара Назарбаева өмірден өтті ме?

    Сара Назарбаева өмірден өтті ме?

    84 жасына қараған шағында Қазақстанның экс-президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың жұбайы Сара Алпысқызы дүниеден озды деген ақпарат жалған болып шықты. 

    Нұрсұлтан Назарбаевтың баспасөз хатшысы Айдос Үкібай Сара Назарбаеваның қаза тапқанын жоққа шығарды.

    «Отандық БАҚ журналистерінің Сара Алпысқызына қатысты сауалына жауап бере отырып, желіде тараған оның қайтыс болғаны туралы ақпараттың шындыққа жанаспайтынын мәлімдегім келеді», – деп жазды ол өзінің X парақшасында.

    Еске салсақ, әлеуметтік желіде Сара Назарбаеваның қайтыс болғаны туралы ақпарат тарады. Сара Назарбаева жеке өмір сүреді және көпшілік алдына сирек шығады. Ол бірнеше рет адамгершілік, қоғамдық құндылықтар және әлеуметтік жауапкершілік туралы пікір білдірген.