Метка: Сарань

  • Қарағандыда жылусыз қалған халық: Үкімет басшысы жауаптыларға қатаң ескерту жасады

    Қарағандыда жылусыз қалған халық: Үкімет басшысы жауаптыларға қатаң ескерту жасады

    Қарағандыда жылусыз қалған халықтың мәселесіне қатысты  Үкімет басшысы жауаптыларға қатаң ескерту жасады.  Бұл жағдай Үкіметтің бақылауында. 
     

    Үкімет отырысында Саран қаласындағы жылу беру маусымының басталуы туралы мәселе күн тәртібінен тыс қаралды. Қарағанды облысының әкімі Ермағанбет Бөлекпаев ағымдағы жағдай мен атқарылып жатқан жұмыстар туралы баяндады.

    «Бүгін бәрін аяқтау қажет. Бірінші кезекте, бұл – Саран қаласы әкімінің жеке жауапкершілігі және облыс әкімдігі тарапынан тиісті бақылаудың жоқтығы. Менің тапсырмам бойынша қазір тексеріс жүріп жатыр. Жылу беретін нысанның дайындығы туралы жалған ақпарат берген адамдардардың барлығы жауапкершілікке тартылады. Осы отырыстан кейін энергетика министрі Саран қаласына барып, өзі бәрін тексереді. Тексеру нәтижесі бойынша материалдарды құқық қорғау органдарына жібереміз. Егер қылмыстың құрамы бар болатын болса, кінәлі адамдардың бәрі қылмыстық жауапкершілікке тартылады», — деп атап өтті Олжас Бектенов.
    Естеріңізге сала кетейік, бұған дейін Саран қаласының 80-ге жуық үйі жылусыз отырғанын хабарлаған болатынбыз.
  • Қарағанды облысында 80-ге жуық үй жылусыз қалды

    Қарағанды облысында 80-ге жуық үй жылусыз қалды

    Қарағанды облысына қарасты Саран қаласының су жаңа жылу орталығы сыр беріп, 80-ге жуық үй жылусыз қалды. Басы даудан арылмай, 13 жылға созылып, әзер аяқталған жылу желісі әлі қалыпты күйіне жетпеген. Қазір үйлер қосымша желілік қазандықтарға қосылды. Қанша жыл бойы орталық жылыту жүйесін армандап келген Сарандықтардың қуанышы су сепкендей басылды. Бүгінде 77 үй әлі де жылусыз отыр. Қазір пәтерлер салқын, тұрғындар электр жылытқыш қосуға мәжбүр.

    «Алда қыс келе жатыр. Ал бізде әлі жылу жоқ. Үй суық. Бұнын бәрін болдырмай алдын ала дайындап қоюы керек еді. Қыс келсе не боламыз?»,- деді Саран қаласының тұрғыны Людмила Костюк.

    Жаңа қазандық қажетті температураға жеткен соң барлық үйге жылу берілуі тиіс. Жалпы қала бойынша орталық қазандыққа 168 көпқабатты үй жалғанған. Оның 91-і желілік қазандықтармен амалдаса, қалғандарына бүгін жылу беріледі деп сендірді.

    «Орталық қазандық жұмыс істеп жатыр. Режимдік жұмысына шығайын деп жатыр. Бұл – жаңадан салынған қазандық, жаңа қондырғылар, бүкіл мамандар бар. Бізге қалай жұмыс істеу керектігін үйретіп жатыр», — деді Саран қаласының әкімі Еркін Баулықов.