Метка: сарапшы

  • Сарапшы: “Шерзаттың жарасы — әдейі күшпен салынған соққы”

    Сарапшы: “Шерзаттың жарасы — әдейі күшпен салынған соққы”

    Талдықорғанда өтіп жатқан Шерзат Болат ісі бойынша тәуелсіз сарапшы Тахир Халимназаров сотта жауап берді. Оның айтуынша, пышақ қатты күшпен салынған.

    Сарапшының сөзінше, жарақат тереңдігі пышақтың ұзындығынан асып кеткен. Бұл пышақ сабына дейін толық кіріп, күшпен салынғанын білдіреді.

    — Егер пышақ 9-10 см болса, ал жара 12 см терең болса, онда бұл қатты күшпен сұғылған деген сөз, — деді ол.

    Халимназаров жәбірленуші тараптың сұранысымен сараптама жасаған. Қорытындысында: Шерзат кеуде жарақатынан көз жұмған.

  • Британиялық сарапшы АЭС-қа қатысты пікір білдірді

    Британиялық сарапшы АЭС-қа қатысты пікір білдірді

    Британиялық сарапшылар алдағы 50-100 жылда әлем толығымен таза энергияға бет бұрады дейді. Осы тұрғыда ядролық энергетикаға көшудің маңызы зор деп отыр. Саймон Маршалл — Дүниежүзілік энергетикалық конгрестің өкілі. Штаб пәтері Лондонда орналасқан ұйыммен, 100-ге жуық мемлекет жұмыс істейді. Конгрестің негізгі мақсаты энергетика саласының бүгіні мен болашағын талқылау үшін әлем сарапшыларының басын біріктіру. «KAZENERGY» Қазақстан мұнай-газ және энергетика кешені ұйымдарының қауымдастығы да конгреспен қоян-қолтық жұмыс істейді. Маршаллдың пікірінше, атом электр станциясын салудың пайдасы көп.

    «Әлбетте, АЭС құрылысы кезінде және пайдалануға берілгеннен кейін де жұмыс орындары ашылады. Таза және сенімді энергия көзі энергетикалық тәуелсіздікке жетелейді. Сырттан тасымалданатын қуат көздеріне деген қажеттілікті азайтады. Және ең бастысы — АЭС экологиялық таза энергия береді», — деді Дүниежүзілік энергетикалық конгрестің сату бойынша директоры  Саймон Маршалл.