Метка: Сарбаз өлімі

  • Президент Ұлттық ұлан сарбазына қатысты оқиғаны бақылауына алды

    Президент Ұлттық ұлан сарбазына қатысты оқиғаны бақылауына алды

    ҚР Президентінің кеңесшісі – Президенттің Баспасөз хатшысы Берік Уәли Мемлекет басшысының әскердегі әлімжеттікке қатысты Ішкі істер министріне шұғыл тапсырма жүктегенін мәлімдеді.
    Ол: «Президент белгісіз адамдардың Ұлттық ұлан сарбазын пойыз тамбурында ұрғаны таспаланған бейнематериалмен танысып шықты. Мемлекет басшысы Ішкі істер министрі Ержан Сәденовке қаскөйлерді ұстап, заңнамаға сәйкес жауапқа тарту үшін шұғыл шаралар қабылдауды тапсырды. Әскердегі және басқа да күштік ұйымдардағы зорлық-зомбылықтың барлық фактісі Президентке баяндалады. Мұндай жағдайлар бақылауға алынады», – деді әлеуметтік желідегі жазбасында.
    Айта кету керек, Қасым-Жомарт Тоқаев биылғы 2 қыркүйектегі Жолдауында жас сарбаздардың денсаулығы мен абырой-беделіне қол сұғуға жол бермеу қажет екеніне назар аударған еді. Сонымен қатар бұл мәселеге әскери құрылымдардың басшылары тікелей жауапты екенін айтқан болатын.
  • «Әскердегі әлімжеттік»: Ұлттық ұлан желіде тараған бейнежазбаға қатысты түсініктеме берді

    «Әскердегі әлімжеттік»: Ұлттық ұлан желіде тараған бейнежазбаға қатысты түсініктеме берді

    «Әлеуметтік желілерге мониторинг жүргізу барысында ҚР Ұлттық ұланының формасын киген азаматқа азаматтық киімдегі белгісіз тұлға қорлық көрсетіп жатқан бейне анықталды.

    2024 жылғы 23 қыркүйекте Батыс өңірлік қолбасшылығы әскери полициясы әскери қызметшілер арасындағы өзара қарым-қатынастардың уставтық ережелерін бұзу туралы ҚР ҚК 440-бабының 1-бөлігі бойынша алдын ала тергеу бастады» деп мәлімдеген Ұлттық ұланының «Батыс» ӨңҚ баспасөз қызметі.

    Қазір бұл іске қатысты тергеу басталды.

     

     

    Посмотреть эту публикацию в Instagram

     

    Публикация от SONA.KZ — НОВОСТИ КАЗАХСТАНА (@sonanews.kz)

  • Қорғаныс министрі Жақсылықов үстелді ұрып, генералдарға шүйлікті

    Қорғаныс министрі Жақсылықов үстелді ұрып, генералдарға шүйлікті

    Себебі,   әскери қызметкердің, сарбаздың өлімі туралы ақпарат жиілеп кетті. Ал министр бұған генералдарды кінәлап, үстел ұрып, зекіп сөйледі.

    «Біз Беларусияға айналып барамыз ба? Әлде жоғары лауазымға қол жеткізіп алған соң босаңсып қалдыңдар ма? Дегендеріңе қол жеткіздіңдер, болды ма? Бірінше кезекте, қоғам сендерден нені талап етеді? Жастардың өмірін сақтап қалу. Сендер алдымен қол астындағы адамдардың өміріне жауаптысыңдар. Олардың жұмыс істеуіне барлық жағдайды жасауларың керек», – деді Жақсылықов. 

    Қорғаныс министрі Жақсылықов үстелді тоқпақтап, генералдарға айқай салды

    Ол Әуе қорғанысы күштері бас қолбасшысының орынбасары полковник Талғат Сыздықовқа ескерту жасап, әуе шабуылына қарсы қорғаныс әскерлерінің қолбасшысы генерал-майор Нұртас Қабақовты лауазымынан алу туралы өтініш беретінін айтты.

    Айта кетейік, елімізде 2020 жылдан бері әскерде қаза тапқан сарбаздардың саны 310 адамға жеткен.

     

    Посмотреть эту публикацию в Instagram

     

    Публикация от SONA.KZ — НОВОСТИ КАЗАХСТАНА (@sonanews.kz)

  • Аягөз әскери гарнизонында офицер «өзіне-өзі қол салды»

    Аягөз әскери гарнизонында офицер «өзіне-өзі қол салды»

    Аягөз гарнизонының баспасөз қызметінің дерегінше, қайғылы оқиға 19 қыркүйекте жұмыстан тыс уақытта болған. 10810 әскери бөлімінің лейтенанты Нұрсұлтан Алдамұратовтың денесі өзінің тұрғылықты жерінде табылды.

    Гарнизондағы әскери бөлімдердің бірінде қызмет ететін офицердің денесі үйінен табылды. Алдын ала ақпарат бойынша офицер өзіне-өзі қол жұмсаған. Оқиғаның жай-жапсары анықталып жатыр. Бұл дерек бойынша қылмыстық іс қозғалды, – деп жазылған хабарламада.

    «Трагедияның себептері мен мән-жайы анықталып жатыр. Құрлық әскерлерінің қолбасшылығы әскери қызметшінің туған-туыстарына көңіл айтады», – деп хабарлады гарнизонның баспасөз қызметі.
  • Арыс горнизонының әскери қызметкері басына оқ атқан

    Арыс горнизонының әскери қызметкері басына оқ атқан

    Ефрейтордың жағдайы нашар екені айтылды. Қорғаныс министрлігіне қарасты Шымкент горнизонының баспасөз қызметінің хабаралуынша, әскери қызметкер травамтикалық қарудан жарақат алған.

    «16 қыркүйекте тәуліктік кезекшілікті атқару кезінде Арыс гарнизоны әскери бөлімдерінің бірінде келісімшарт бойынша істейтін әскери қызметкері травматикалық қарудан басынан жарақат алды», – деп хабарлайды баспасөз қызметі.

    Алдын ала мәлімет бойынша, әскери қызметкер отбасылық-тұрмыстық жанжалға байланысты өз-өзіне қол жұмсамақ болған. Аудандық ауруханаға жеткізілген әскери қызметкердің жағдайы қазір тұрақты-ауыр деп бағалануда.

    «Оған барлық қажетті медициналық көмек көрсетіліп жатыр. Жағдайы тұрақты-ауыр. Өміріне қауіп төніп тұрған жоқ. Жарақат алу фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалып, тергеу іс-шаралары жүргізілуде», – деп хабарлайды Шымкент гарнизонының баспасөз қызметі.