Метка: сатып алу

  • Мемлекеттік активтер және сатып алу бөлімінің басшысы тағайындалды

    Мемлекеттік активтер және сатып алу бөлімінің басшысы тағайындалды

    Қонаев қаласы әкімінің өкімімен Мутталгазы Парасат Нурланулы мемлекеттік активтер және сатып алу бөлімінің басшысы лауазымына тағайындалды.

    Ол 1996 жылы Қонаев (бұрынғы Қапшағай) қаласында дүниеге келген. Білімі – жоғары, 2020 жылы Қазақ қатынас жолдары университетін қаржы мамандығы бойынша тәмамдаған.

    Еңбек жолын 2020-2021 жж. Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігіне қарасты «Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитетінің Ботаника және фотоинтродукция институты» ШЖҚ РММ кәсіпорнының директорының орынбасары лауазымын атқарды. 2021 жылдан Қапшағай қаласының экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімінің бас маманы болған.
    ___

  • ШҚО шенеуніктері 1,4 млрд. теңгеге заңсыз келісімшарт жасаған

    ШҚО шенеуніктері 1,4 млрд. теңгеге заңсыз келісімшарт жасаған

    ШҚО прокуратурасы мемлекеттік сатып алу шарттарын жасасудың заңдылығын талдады.

    Талдау нәтижесінде 1,4 млрд теңге сомасына заңсыз жасалған 78 келісімшарт анықталды.  Шарт жасау кезеңінде төтенше жағдай шарт жасасуға негіз болмағаны анықталды.

    Атап айтқанда, ЖАО осындай шартпен қар шығару, әкімшілік ғимараттарды жөндеу, мұздан тазартатын реагенттер және т.б. тауарларды, жұмыстарды және қызметтерді сатып алды.

    Қолданыстағы заңнамада көзделмеген жағдайларда тікелей шарт жасасу арқылы мемлекеттік сатып алуды жүзеге асырғаны үшін лауазымды адамдар әкімшілік жауапкершілікке тартылды.

    Бүгінгі күнге дейін шенеуніктер 14 млн теңге көлемінде айыппұл төледі.