Метка: Саясат

  • Қазақстан сырттан бақылаушы болып қалмауы тиіс: Тоқаев сыртқы саясат туралы

    Қазақстан сырттан бақылаушы болып қалмауы тиіс: Тоқаев сыртқы саясат туралы

    Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев елдің Еуразияның орталығында орналасқанын ескере отырып, әсіресе қазіргі тұрақсыз халықаралық жағдайда, сырттан бақылаушы болып қалмауы керектігін атап өтті.

    «Біз негізгі халықаралық мәселелер бойынша өз көзқарасымызды, тепе-тең ұстанымымызды қалыптастыруымыз керек», — деді мемлекет басшысы.

    2025 жылы Қазақстан экономикадағы басым секторларды дамыту мақсатында 70 миллиард доллардан астам құжатқа қол қойды. Тоқаевтың сөзінше, Біріккен Ұлттар Ұйымының мерейтойлық сессиясында Қазақстанның осы халықаралық ұйымды реформалау жөніндегі позициясын егжей-тегжейлі баяндады.

    Президент халықаралық дауларда делдал болуға немесе БҰҰ-ға қайта оралуға ниеті жоқ екенін, бірақ жабық консультациялар мен пікірталастарға қатысатынын, онда оның пікірі басқа мемлекеттердің басшылары үшін маңызды екенін айтты.

    «Бұл маңызды жұмысты БАҚ-та көрсетуге менің қажетім жоқ, мен популизмнен алыспын», — деп түйіндеді Тоқаев.

  • ПРЕЗИДЕНТ: бұрынғы жүйеден, саяси тұлғалардан кінә іздей беруге болмайды

    ПРЕЗИДЕНТ: бұрынғы жүйеден, саяси тұлғалардан кінә іздей беруге болмайды

    «Ылғи да кейін қайырылып, өткенмен өмір сүруге, бұрынғы жүйеден немесе саяси тұлғалардан кінә іздей беруге болмайды. Өз халқыңның тарихын білу керек, бірақ одан тек еңсеңді түсіріп, өзгеге өкпе артуға себеп іздемеу қажет. Қандай қасіретті болса да, өткен оқиғалардан, ең алдымен, тағылым ала білген жөн. Біз келешекке сеніммен көз тігіп, еліміздің өсіп-өркендеуі мен дамуын ойлауымыз қажет. Мен бұл туралы үнемі айтып келемін»,- деді Президент Қасым-ЖомартТоқаев халыққа жолдауында.

    Мемлекет басшысы заң барлығына ортақ екенін еске салды.

    «Тағы да қайталап айтамын: біздің қоғамымызда заң мен тәртіп үстемдік құруға тиіс. Бұл – бүкіл қоғамның және әр адамның қауіпсіздігін қамтамасыз етуге қатысты ең басты талап. Біз сонда ғана Әділетті, Таза және Қауіпсіз Қазақстанды құра аламыз. Осы стратегиялық мақсатымызға жету үшін еліміздің бейбіт өмір сүруіне және тұрақты дамуына қолайлы сыртқы жағдай қалыптастыруымыз қажет. Бұл – қазіргі аса күрделі геосаяси ахуал кезінде өте жоғары кәсібилікті талап ететін дипломатияның міндеті», -деді Мемлекет басшысы.

  • Президент: Бізге Банктер туралы жаңа заң қажет

    Президент: Бізге Банктер туралы жаңа заң қажет

    Президент Қасым-Жомарт Тоқаев халыққа жолдауында Қазақстанға Банктер туралы жаңа заң қажеттігін айтты.

    «Бізге Банктер туралы жаңа заң қажет. Бұл құжатта экономикалық белсенділікті қолдау және финтех саласын қарқынды дамыту сияқты өзекті мәселелер шешімін табуы керек. Қазір қолданып жүрген заң шамамен 30 жыл бұрын қабылданған. Ол кезде заман да мүлде басқа болды», — деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

    Мемлекет басшысы ақша-несие саясаты мен фискалды саясаттың арасындағы үйлесімсіздікті жою қажет деді.  

    «Қазір нақты секторға несие әлі де ойдағыдай берілмей жатқанын ашық айтуымыз керек. Шағын және орта бизнесті жеткілікті қаржыландыру мәселесі де шешімін тапқан жоқ. Бұл жағдай еліміздегі іскерлік ортаның белсенділігіне, экономиканың тұрақтылығына және дәйекті дамуына кедергі келтіріп отыр. Үкімет пен Ұлттық Банк бірлесіп, осыған қатысты оңтайлы шешімдер ойластыруы керек. Банктердің экономикаға көбірек қаржы құюына жағдай жасау қажет», -деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

    Мемлекет басшысы халықаралық сарапшылар қазақ банктерін ресурсқа бай елдер ішіндегі ең көп пайда табатын банктер санатына қосатынын жеткізді.

    «Сондықтан осы саладағы салық мөлшері әділ белгіленуге тиіс. Банктердің акционерлері дивидендіне сәйкес салық төлеуі керек. Банктерге мемлекет көрсеткен көмек тұрғысынан қарасақ, бұл – өте орынды ұстаным. Цифрлық активтердің айналымын қамтамасыз ету және банк саласына инновацияларды қауіпсіздік талабына сәйкес енгізу үшін оны реттейтін тетіктердің тұрақты болуы маңызды», — екеніне тоқталды Қасым-Жомарт Тоқаев.

    Президент, бізде республикалық бюджеттің кіріс бөлігі орындалмай жатырқанын сынға алды.

    «Ашығын айтуымыз керек, бізде республикалық бюджеттің кіріс бөлігі орындалмай жатыр.  Бұл – бұрынғы және қазіргі Үкімет жұмысындағы үлкен олқылық. Мұндай жағдай жиі қайталанса, түптеп келгенде, еліміздің дамуын тежейді. Сондықтан оған жол бермеу қажет. Бюджет қаржысын тиімді пайдаланып, оның шығыс бөлігін шектеп, қатаң бақылауда ұстаған жөн. Үкімет Ұлттық Банкпен бірлесіп, осы мәселеге қатысты нақты шаралар қабылдауға тиіс», — деді Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев.

    Айта кетейік, дәл қазір Президенттің халыққа жолдауы өтіп жатыр.  Жолдау телеарна эфирлерінде тікелей көрсетілуде.