Метка: сайлау

  • Халықтық қолдау: Экзитпол нәтижесі бойынша 88,6% сайлаушы «ИӘ» деді

    Халықтық қолдау: Экзитпол нәтижесі бойынша 88,6% сайлаушы «ИӘ» деді

    Республикалық референдумның алдын ала нәтижелері елдегі реформаларға деген халықтың зор сенімін көрсетті. Қоғамдық саясат институты жүргізген Exit-poll қорытындысы бойынша, дауыс берушілердің 88,6 пайызы жаңа Конституцияны қолдаған. Жалпы келу көрсеткіші 72,1 пайызды құрады.

    Осы тарихи сәтте Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев «Қазмедиа орталығына» барып, үгіт-насихат жұмыстарына белсене атсалысқан жастар ұйымдарының өкілдерімен кездесті. Президент бұл күннің маңыздылығын атап өтіп, ел болашағына бейжай қарамайтын жас буынға ризашылығын білдірді.

    Кездесуде «Жастар рухы» ұйымының төрайымы Ақерке Ескендірова, кәсіпкер Камиль Байрамов және басқа да белсенділер сөз сөйледі. Жастар бір айдың ішінде 1,5 миллионнан астам азаматты қамтыған 5 мыңға жуық іс-шара өткізгендерін жеткізді. Олар жаңа Конституцияның заң мен тәртіпті нығайтудағы рөлін жоғары бағалап, Президент бастамаларына толық қолдау білдіретіндерін растады.

  • Трамп 2028 жылы сайлауға түспейтінін мәлімдеді

    Трамп 2028 жылы сайлауға түспейтінін мәлімдеді

    АҚШ-тың бұрынғы президенті Дональд Трамп қарашада жеңілсе, 2028 жылы сайлауға түспек емес. Мұны ол жергілікті телеомпаниялардың біріне берген сұқбатында хабарлады.

    Осыған дейін Трамп сайлауда ұтылу туралы өте сирек айтатын. Өзінің митингілерінде экс-президент үнемі келешектегі жеңіс жайында мәлімдеме жасады. Алайда, кейінгі төрт күнде ол жеңілу туралы екі рет айтқан.

    Ал жексенбіде NBC телеарнасы сауалнама жүргізді. Оған қатысқан мың респонденттің 48 пайызы демократ Камала Харристі, 40 пайызы Трампты қолдайтындарын білдірген.

    Айта кетсек, Солтүстік Каролинадағы жақтаушыларымен кездесуде Трамп Харриспен теледебат өткізуге келіспейтінін тағы да ескертті.

     

    «Проблема сол — тағы бір дебат өткізу тым кеш. Дауыс беру басталып қойды. Пікірсайысты Fox телекомпаниясында ұйымдастыруға болатын еді. Бірақ Харрис келіспеді. Ол CNN  арнасының эфиріне шыққысы келеді. Жеңілетінін түсінгесін дәл сайлау алдында осындай ұсыныс жасап отыр деп ойлаймын», — АҚШ-тың бұрынғы Президенті Дональд Трамп.

     

     

     

  • Камала Харрис: бұл әйел кім және АҚШ-тың саясатындағы рөлі қандай

    Камала Харрис: бұл әйел кім және АҚШ-тың саясатындағы рөлі қандай

    Бала шақ пен білім

    Камала Харрис 1964 жылдың 20 қазан күні Калифорния штатының Окленд аумағында дүниеге келген. Отбасы – иммигранттар: анасы Үндістаннан, әкесі Ямайкадан. Ол мультимәдениетті отбасыда өсті. Бұл өз кезегінде оның көзқарастары мен танымына әсер етті. Харрис Говард Университетін саясаттану және экономика мамандығы, Калифорния университетін құқық мамандығы бойынша аяқтады.

    Құқық қорғау саласындағы мансап

    Университет аяқтаған Камала Аламеда аймағының прокуратурасына жұмысқа орналасты. Бұл жердегі қызметі оған құрмет пен танымалдық сыйлады. 2003 жылы ол Сан-Францисконың прокуроры, ал 2010 жылы Калифорнияның бас прокуроры болды. Аталған қызметте ол халықтың осал тобының құқығы мен сот әділдігіне реформа енгізу үшін күресті.

    Саясаттағы мансап

    2016 жылы Камала Харрис Калифорнияның атынан сенатор болып сайланды. Ол Сенатта сот, полиция реформасы, денсаулық сақтау, иммигранттардың құқығын қорғау секілді іс-шаралармен айналысты.

    Вице-президент

    2020 жылы Джо Байден Камала Харристі вице-президентке үміткер ретінде таңдады. Мұнда ол экономиканы дамыту, коронавируспен күрес, әлеуметтік әділет мәселелерінің шешілуіне белсене кірісті.