Метка: scat

  • SCAT әуе компаниясының борттық журналындағы суретке қатысты түсінбеушілік туындады

    SCAT әуе компаниясының борттық журналындағы суретке қатысты түсінбеушілік туындады

    SCAT әуе компаниясының борттық журналында жарияланған фото әлеуметтік желі қолданушыларының назарын аударып, «әдепсіз әрекет» туралы болжамдар туындады. Кадрда адам Ақжар тауларының фонында тұрғаны байқалады, алайда ракурстың ерекшелігі қате түсінікке себеп болған, деп хабарлайды Sona.kz Hola.kz-ке сілтеме жасап.

    Улытау облысының әкімдігі бұл пайымдауларды жоққа шығарып, фотоға түсірілген адамның дрон операторы екенін мәлімдеді.

    «Оның шалбарының түсі мен түсіру ракурсы ландшафт реңкімен сәйкес келіп, жаңсақ визуалды әсер тудырған», — деп хабарлады әкімдік.

    Талқылау күшейгеннен кейін авиакомпания сурет жарияланған бетті өшірді. Компания бұл қадамды түсінбеушіліктің әрі қарай жалғасуына жол бермеу үшін жасағанын атап өтті.

  • SCAT әуе компаниясына айыппұл салынды

    SCAT әуе компаниясына айыппұл салынды

    Баспасөз қызметінің мәліметтеріне қарағанда, биылғы 25 ақпанда «Өскемен-Астана» рейсі уақытынан 8 сағаттан артық кешіккен. Соған қарамастан әуе компаниясының өкілдері жолаушыларды қонақүйге орналастыруды уақтылы қамтамасыз етпеген.

    Тек кешкі сағат онға қарай кезекші прокурордың араласуынан кейін ғана жолаушыларға демалуға орын берілген. Адамдар ешқандай қызмет көрсетілместен күні бойы әуежайда өз рейсін күтіп отырған.

    – Шығыс Қазақстан көлік прокуратурасы азаматтардың құқықтарының бұзылуына ден қойды. Тексеру қорытындысымен авиакомпания әкімшілік жауапкершілікке тартылды – ҚР ӘҚБтК-нің 567-бабының 2-бөлігімен 1000 АЕК мөлшерінде айыппұл салынды, – делінген Бас көлік прокуратурасының хабарламасында.