Метка: Секс-құлдық

  • Қызылордада 16 жастағы оқушы қызды секс-құлдықта ұстаған тоғыз адам сотталды

    Қызылордада 16 жастағы оқушы қызды секс-құлдықта ұстаған тоғыз адам сотталды

    Бүгін Қызылорда облысының кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты 16 жастағы оқушы қызды секс-құлдықта ұстаған оқушылар мен олардың сыбайластарын соттады.

    Қылмыстық іс кәмелетке толмаған қызды ірі мөлшерде пайда табу мақсатында қорқыту және көрінеу кәмелетке толмаған адамға қатысты азаптау, сондай-ақ кәмелетке толмағанды жезөкшелікпен айналысуға тарту баптарымен қаралды. Сотқа осы іс бойынша 9 адам күдікті деп танылған.

    «Олардың кінәсі оқиға орнын, заттар мен құжаттарды қарау хаттамаларымен, бейнежазбалармен, «WhatsApp» арқылы хат-хабарлармен, карточкалық шоттардың банктік үзінділерімен, сараптама нәтижелерімен, сондай-ақ жәбірленушінің жауабымен дәлелденген», – деп хабарлады Қызылорда соты.

    Прокурор үш адамды 6,8 жылға, бір адамды 4,6 жылға, тағы екі адамды 4 жылға. Тағы үш адамды 8 жылға соттауды талап еткен.

    «Сот жаза тағайындау кезінде сотталушылардың жазасын жеңілдететін мән-жайлар ретінде төрт адамның кәмелетке толмағанын, тағы екі адамның ісіне қатты өкінгенін ескерген. Олардың жазасын ауырлататын мән-жайлар анықталмаған. Осылайша, сот кәмелет жасына толмаған үш бала 6,8 жылға сотталды. Тағы үш адам 4,8 жылға, тағы үш адам 7,6 жылға сотталды», – деп хабарлайды Қызылорда облысының кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты

  • Қызылордада жыныстық құлдықта болған оқушы ісі бойынша алғашқы үкім шықты

    Қызылордада жыныстық құлдықта болған оқушы ісі бойынша алғашқы үкім шықты

    Қызылордада сыныптастары жыныстық құлдықта ұстады деген оқушы ісі бойынша алғашқы үкім шықты. 21 жастағы жігіттің үстінен «Қорқытып алу» бабы бойынша қылмыстық іс қозғалған. Сот оны 4,5 жылға бостандығынан айырды.

    Қызылорда қаласының №2 сотында процесс жабық өтті. Бұл жөнінде 11 қарашада облыстық соттың баспасөз қызметі хабарлады.

    – Сотталушы Т. жәбірленушіні масқаралайтын мәліметтер жариялаймын деп, кәмелетке толмаған жәбірленушіден 700 мың теңге ақша тауып беруді талап еткен, сонымен бірге оның сөмкесінен 35 мың теңге ақшаны қорқытып алған, – деді соттың баспасөз қызметі.

    Соттың мәліметінше, айыпталушының кінәсін жәбірленушінің жауаптары, оқиға орнын қарап-тексеру туралы хаттама, психология-психиатрия сараптама қорытындысы дәлелдеген.

    Сот жазаны жеңілдететін жайлар ретінде 21 жастағы жігіттің бұрын сотталмағанын және жас екенін ескерген. Үкім әлі заңды күшіне енген жоқ.