Метка: Семейдегі жасөспірімдер

  • Семейде қатарластарынан соққы көрген Әлинұрға жаңа пәтер берілді

    Семейде қатарластарынан соққы көрген Әлинұрға жаңа пәтер берілді

    Бұл туралы ақпарат TikTok-та нотариустан суреттерді жүктеген  желі қолданушысы: «Семейлік балаға жаңа пәтер сатып алынды», – деп жазды.

    Еске салсақ, Семейде аса қатыгездікпен жасалған оқиға қоғамды дүр сілкіндірді. 24 ақпанда әлеуметтік желілерде жасөспірімдердің баланы жерге құлатып, тепкілеп, оның басынан теуіп, үстіне секіріп, түрлі жолмен қорлаған видеосы тарады.

    Абай облысының полиция департаменті оқушыны соққыға жығу дерегі бойынша қылмыстық іс қозғады. Сондай-ақ оқиғаны ерекше бақылауға алғанын хабарлады. Барлық қатысушылар ата-аналарымен бірге полиция бөліміне жеткізілген, ал зардап шеккен жасөспірімге қажетті көмек көрсетілген.

      Оған халық 24 млн теңге жинап берген болатын.

  • Семейде оқушыны аяусыз тепкінің астына алған жасөспірімдер арнайы мектепке жіберіледі

    Семейде оқушыны аяусыз тепкінің астына алған жасөспірімдер арнайы мектепке жіберіледі

    Семейде оқушыны аяусыз тепкінің астына алған жасөспірімдер арнайы мектепке жіберіледі. Бүгін кәмелетке толмағандардың құқықтарын қорғау жөніндегі комиссия осындай шешім қабылдады.

    Оқиғаға қатысқан барлық жасөспірімдер девиантты мінез-құлықтағы балаларға арналған арнайы мектепке жіберіліп, түзету курсынан өтеді. Оларға психологтар көмек көрсететін болады. Сонымен қатар, үш жасөспірімнің әке-шешесі ата-ана құқығынан айырылып, екі балаға қатысты қамқоршылық тоқтатылды.

    «Құқықбұзушыларға қатысты сотқа дейінгі тергеу басталды. Материалдар одан әрі қарау үшін сотқа жолданды», – деп мәлімдеді полиция оқиғаға қатысты.  

    Еске сала кетсек, күні кеше бір топ жасөспірім төменгі сынып оқушысын аяусыз соққыға жыққан болатын. Жәбірленушіге жасалған зорлық-зомбылық бейнеленген видео әлеуметтік желілерде тарады. Кадрларда жасөспірімдердің баланы теуіп, басынан ұрып, тіпті үстіне секіргені анық көрінеді. Полиция аталған факт бойынша қылмыстық іс қозғады.

    Қазіргі уақытта зардап шеккен оқушы арнайы орталықта. Онымен психологтар мен бала құқықтары жөніндегі уәкіл жұмыс істеуде.