Метка: Сергек

  • «Сергек» жаңа функциясын іске қосты

    «Сергек» жаңа функциясын іске қосты

    Бұл жаңалықты қалалық Полиция департаменті хабарлады.

    Достық даңғылынан Ш.Уәлиханов көшесіне дейін Қ.Сәтбаев көшесінің оңтүстік және солтүстік жағын бақылайтын камералар тұраққа қою ережелерін бұзған көліктерді, сондай-ақ екінші қатармен қойылған көліктерді анықтамақ.

    Осылайша, «Сергек» бейнебақылау камераларының екінші тынысы ашылып, жаңа функциясы іске қосылып отыр.

    – ҚР Жол қозғалысының ережелерінің 87, 88 пункттерінде көлiк құралының басқа көлiк құралдарының жүрiсiне мүмкiндiк бермейтiн (кіру немесе шығу) немесе басқа көлiк құралдарының қозғалысына кедергiлер туғызатын (кептелiс) орындарда тоқтауға тыйым салынады. Бұл қағидаларды бұзғандарға 10 АЕК (39 мың 320 теңге) айыппұл салынады, – деп хабарлады Полиция департаменті.

  • «Сергек» Астана қаласынан кетті

    «Сергек» Астана қаласынан кетті

    Астана қаласының бейнебақылау жүйесі енді Біріккен Араб әмірліктерінің жекеменшік компаниясына өтеді. Бұл туралы бүгін мәслихат отырысында цифрландыру және мемлекеттік қызметтер басқармасының басшысы Дидар Сүлейманов мәлім етті.

    «Сергек» компаниясымен арадағы келісімшарт бір айдан кейін, яғни, 2025 жылдың 13 наурызында тоқтайды. Әкімдік ары қарай бұл компаниямен келісімшарт орнатуға ниетсіх.

    «Өздеріңіз білетіндей, «Сергек» жобасы 2017 жылы басталды. Биыл 13 наурыз күні «Көркем Телеком» компаниясымен («Сергек» камераларының иесімен) келісімшарттың мерзімі аяқталады. Мемлекет басшысының тапсырмасына байланысты, сондай-ақ, жобаны одан әрі дамыту үшін біз G42 холдингінің ішіне кіретін Presight халықаралық компаниясымен бірге «Астана қаласы үшін жасанды интеллект базасында қалалық инфрақұрылымды басқаруға арналған шешімдер» атты жобаны жасадық. Бұл жобада алдыңғы жобаның кемшіліктерін жойдық», – деп мәлім етті ол.

    Оның айтуынша, арабтардың жаңа компаниясы Астанада жалпы бейнебақылау жүргізетін 22 мың камера, көшелердің қиылысында 732 аппарат-бағдарлама кешенін, жол бойында тура осындай 470  кешен орнатпақ. Бұл камералар 15 түрлі жол ережесін бұзу фактілері мен 35 түрлі видеоаналитика жүргізеді. Араб компаниясымен арадағы келісімшарт 2030 жылға дейін жалғасады деген болжам бар.

  • Сергектің жаңа түрі орнатыла бастады

    Сергектің жаңа түрі орнатыла бастады

    Енді, бақылау камералары ереже бұзған жүргізушілерді аңдып жүріп тіркей алады. 360 градусқа айналатын камералар жедел-жәрдем көліктері мен автобустарда пайда болады.

    Алматы жыл соңына дейін бірыңғай бейнемониториң жүйесіне 50 мың камера қосылады. Бұл туралы мегаполистің цифрландыру басқармасы хабарлап отыр.

    Жыл басынан бері қала әкімдігінің жобалық офисінің қолдауымен бірыңғай бейнемониториң жүйесіне 45 мың камера қосылды, ал 2025 жылға қарай олардың саны 70 мыңға дейін артады. Видеожазбалар 209 жеке және 613 мемлекеттік нысандардан алынды.

    Сонымен қатар қалада жол қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін «Сергек» аппараттық-бағдарламалық кешенінің (АБК) 300 камерасы орнатылған. Осылайша, қазір 1 641 АБК жұмыс істейді.