Метка: Шабуыл

  • Түркиядағы мектептегі атыс: 16 адам жараланып, шабуылдаушы өзіне қол жұмсады

    Түркиядағы мектептегі атыс: 16 адам жараланып, шабуылдаушы өзіне қол жұмсады

    Түркияның Сиверек қаласындағы мектептердің бірінде жантүршігерлік оқиға орын алды, деп хабарлайды Sona.kz 24KZ-ке сілтеме жасап.

    Жергілікті билік өкілдерінің хабарлауынша, осы білім ордасының 19 жастағы бұрынғы түлегі мектеп ғимаратына басып кіріп, бейберекет оқ жаудырған. Шабуыл салдарынан кем дегенде 16 адам түрлі дәрежедегі жарақат алды, олардың арасында кәмелетке толмаған оқушылар мен ұстаздар бар. Барлық зардап шеккендер жедел түрде қалалық ауруханаларға жеткізілді, дәрігерлер олардың бір бөлігінің жағдайы тұрақты екенін, алайда кейбірінің әлі де бақылауда екенін мәлімдеді.

    Құқық қорғау органдары шабуылдаушыны құрықтау кезінде күдіктінің өзіне қол жұмсағанын растады. Ол полиция қолына түспес үшін оқиға орнында атып өлген. Қазіргі уақытта Сиверек полициясы бұл қылмыстың себебін және 19 жастағы жігіттің мұндай қадамға неліктен барғанын анықтау үшін тергеу амалдарын жүргізіп жатыр. Мектеп айналасы қоршауға алынып, қауіпсіздік шаралары күшейтілді. Бұл оқиға 2026 жылдың 14 сәуірінде бүкіл әлемдік БАҚ-тың назарына ілігіп, Түркиядағы мектептердегі қауіпсіздік жүйесінің осалдығы туралы пікірталастарды қайта жандандырды.

  • Алматыда дүкендегі қарақшылық шабуыл ашылды

    Алматыда дүкендегі қарақшылық шабуыл ашылды

    Алматыда криминалдық полиция қызметкерлері қарақшылық шабуылды ашты. Қылмыс қаладағы азық-түлік дүкендерінің бірінде жасалған. Белгісіз ер адам әйелге күш қолдану арқылы шабуыл жасап, оған дене жарақатын келтіріп, алтын әшекейін ашық түрде тартып алып, оқиға орнынан қашып кеткен, деп хабарлайды Sona.kz almaty_ police_departament-несілтеме жасап.

    Жәбірленушіге уақытылы медициналық көмек көрсетілген. Аталған факті бойынша қылмыстық іс қозғалды. Жедел-іздестіру шаралары барысында күдікті анықталып, ұсталды. Ұрланған мүлік тәркіленіп, қылмыстық іс материалдарына тіркелді.

    Күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды. Қазіргі уақытта сотқа дейінгі тергеу жалғасуда.

    Алматы қалалық полиция департаментінің Криминалдық полиция басқармасының бастығы Асхат Даулетияровтың айтуынша, күдіктінің қысқа мерзімде ұсталуына жедел және үйлесімді әрекеттер ықпал еткен.

  • КТК-дағы танкерлерге ұшқышсыз аппараттардан шабуыл жасалды: жарылыс болды, өрт шықпады

    КТК-дағы танкерлерге ұшқышсыз аппараттардан шабуыл жасалды: жарылыс болды, өрт шықпады

    Қазақстаннан мұнай тиеуге бағытталған төрт танкер КТК терминалына бара жатқан кезде БПЛА шабуылына ұшырады. Олардың қатарында Matilda мен Delta Harmony, сондай-ақ Freud және Delta Supreme бар, деп хабарлайды Sona.kz PRO КАДРЫ KZ-ке сілтеме жасап.

    КМГ мәліметінше, 13 қаңтарда «Казмортрансфлот» компаниясына тиесілі Matilda танкері жарылысқа ұшырады. Экипаж зардап шекпеді, өрт шыққан жоқ, кеме теңізде жүруге жарамды. Жүк тиеу 18 қаңтарға жоспарланған. Қазіргі уақытта залалды бағалау жүргізіліп жатыр.

    Энергетика министрлігі ВПУ-1 арқылы тиеу технологиялық процесі штаттық режимде өтетінін хабарлады.

  • Новороссийскідегі «Шесхарис» кешеніне шабуыл: ҚР Энергетика министрлігі түсініктеме берді

    Новороссийскідегі «Шесхарис» кешеніне шабуыл: ҚР Энергетика министрлігі түсініктеме берді

    БАҚ Новороссийск қаласындағы ірі мұнай құю терминалы «Шесхариске» жасалған шабуыл туралы хабарлады. Бұл кешен арқылы қазақстандық мұнайдың бір бөлігі де тасымалданады. Шабуыл салдарынан мұнай базасы мен жағалау инфрақұрылымы зақымданғаны айтылады, деп хабарлайды Sona.kz t.me/tengrinews сілтеме жасап.

    Осы жағдайға байланысты әріптестеріміз ҚР Энергетика министрлігінен түсініктеме сұралды. Ведомство мұнай тасымалы қалыпты режимде жүріп жатқанын мәлімдеді.

    Министрліктің ресми жауабы:

    «Қазіргі уақыттағы жағдай бойынша Атырау – Самара және Ақтау – Махачкала бағыттары арқылы қазақстандық мұнайды қабылдау және тасымалдау қалыпты режимде, ешқандай шектеусіз жүргізілуде.
    Ведомство жедел ақпарат алу үшін „Транснефть“ компаниясымен байланыста. Жағдай тұрақты бақылауда».

  • Мотоцикл жүргізушісіне шабуыл жасаған ер адам 11 жылға сотталды

    Мотоцикл жүргізушісіне шабуыл жасаған ер адам 11 жылға сотталды

    Жамбыл облысында жанармай бекетінде мотоцикл жүргізушісіне пышақпен шабуыл жасаған ер адамға үкім шықты. Ол 11 жыл 3 айға бас бостандығынан айырылды, деп хабарлайды Sona.kz Tengrinews.kz-ке сілтеме жасап.

    Оқиға сәуір айында болған. Видеода ер адамның жәбірленушінің артынынан келіп, арқасы мен кеудесіне бірнеше рет пышақ сұғып, оқиға орнынан қашып кеткені көрінеді. Шабуыл жеке жанжал салдарынан болғаны болжанады.

    Сотта айыпталушы Ә. бұзақылық ниетпен әрекет етіп, кісі өлтіруге оқталғаны анықталды. Куәгерлердің көмегімен қайғылы жағдайдың алдын алған.

    Жәбірленуші 11 миллион теңгеден астам өтемақы талап етті. Ал айыпталушы кінәсін мойындамағанымен, өкінетінін айтты.

  • Ливандағы елдімекенге қайта шабуыл жасалды

    Ливандағы елдімекенге қайта шабуыл жасалды

    Израиль Ливан астанасы Бейрут жанындағы халық көп тұратын елдімекенге қайта шабуыл жасады. Одан 4 адам қаза тауып, 20-дан астам тұрғын жараланған. Бұған дейін Израиль әскері осы маңдағы аурухана астында Хезболланың басқару орталығы бар деп мәлімдеген еді. Тұрғындарға ауданнан кету туралы ескерту де жасалды. Ал Ливанның денсаулық сақтау министрлігінің өкілдері «әл-Сахел» ауруханасының астында туннель бар деген ақпаратты жоққа шығарды. Бұған дәлел болу үшін ауруханаға халықаралық бақылаушылар шақырылғанын мәлімдеді. «Хезболла» болса, әзірге ешқандай түсініктеме берген жоқ.