Метка: Шавкат Рахмонов

  • Шавкат Рахмоновтың жұбайы өлімге әкелген жол апаты бойынша күдікті деп танылды

    Шавкат Рахмоновтың жұбайы өлімге әкелген жол апаты бойынша күдікті деп танылды

    Шавкат Рахмоновтың жұбайы Гулайым Рахмонованың өлімге әкелген жол апаты бойынша күдікті деп танылғаны расталды. Бұл туралы ІІМ басшысының орынбасары Санжар Адилов мәлімдеді, деп хабарлайды Sona.kz Криминальный Казахстан-ға сілтеме жасап.

    Бұған дейін Гулайым Рахмонова тергеуде қорғану құқығымен куәгер ретінде қатысып келген. Енді оған күдікті мәртебесі берілген, яғни тергеу оның әрекеттерінде қылмыс белгілерін анықтаған.

    Естеріңізге салсақ, жол апаты 2025 жылдың 27 шілдесінде Алматы–Екатеринбург тас жолында, Жамбыл облысында болған. Toyota Land Cruiser автокөлігін Гулайым Рахмонова басқарған. Көлікте оның кәмелетке толмаған баласы және екі құрбысы болған.

    Апат салдарынан екі жолаушы қаза тапты, ал Гулайым мен оның баласы түрлі дене жарақаттарымен ауруханаға жатқызылды.

    Тергеудің келесі кезеңдері мен мүмкін болатын жаза шаралары туралы ақпарат әзірге жарияланбайды. Құқық қорғау органдары жағдайды зерттеу аясында мәліметті шектеулі түрде береді.

  • Шавкат Рахмоновтің жұбайы қатысқан ЖКО: тергеу аяқталу сатысында

    Шавкат Рахмоновтің жұбайы қатысқан ЖКО: тергеу аяқталу сатысында

    Шавкат Рахмоновтің жұбайы қатысқан жол-көлік оқиғасын тергеу аяқталу сатысына жақындап қалды. Бұл туралы ішкі істер вице-министрі Санжар Адилов Мажилис кулуарында журналистердің сұрақтарына жауап беру кезінде айтты, деп хабарлайды Kazinform агенттігінің тілшісі. Оның сөзінше, қылмыстық іс Жамбыл облысы полиция департаментінің өндірісінде, барлық қажетті тергеу шаралары жүргізіліп жатыр, деп хабарлады Sona.kz Kazinform-ға сілтеме жасап.

    Адиловтың түсіндіруінше, ағымдағы аптада соңғы сот сараптамасының нәтижесі күтілуде, сол арқылы құқық қорғау органдары күдікті тұлғаның әрекетіне соңғы құқықтық баға бере алады. Содан кейін іс материалдары прокуратура органдары арқылы сотқа жолданатын болады. ІІМ барлық сараптамалық қорытындылар алынғаннан кейін ғана соңғы шешім қабылданатынын атап өтті.

  • Шавкат Рахмоновтың жұбайы мен ұлы Жамбылдағы апаттан зардап шекті — дәрігерлер жағдайын айтты

    Шавкат Рахмоновтың жұбайы мен ұлы Жамбылдағы апаттан зардап шекті — дәрігерлер жағдайын айтты

    UFC жұлдызы Шавкат Рахмоновтың әйелі мен баласы Жамбыл облысындағы жол апатынан кейін ауруханаға түсті, деп хабарлайды Sona.kz Жамбыл облыстық денсаулық сақтау басқармасына сілтеме жасап.

    Мамандардың айтуынша, олардың жағдайы – орташа ауыр. Алдын ала диагноз – жабық бас-ми жарақаты, ми соғылуы.

    Еске салайық, бұған дейін әлеуметтік желіде бұл апатта екі адам қаза тауып, тағы екі адам жараланғаны туралы ақпарат тарады. Куәгерлер апат кезінде көлікті Рахмоновтың жұбайы басқарғанын жазған. Алайда полиция ресми түрде бұл мәліметті растаған жоқ. Қазір қылмыстық іс қозғалып, тергеу жүріп жатыр.

  • Шавкат пен Белал мамыр айында кездеседі

    Шавкат пен Белал мамыр айында кездеседі

    Бұл Белал Мұхаммедтің жартылай орта салмақтағы алғашқы жекпе-жегі болмақ, ал Шавкаттың шаршы алаңдағы 20-шы кездесуі. Қазіргі уақытта UFC 315 турнирінің қай жерде өтетіні туралы ресми ақпарат жоқ. Әдетте, UFC оқиғаның өтетін орнын бірнеше ай бұрын хабарлайды.

    Жанкүйерлер, пікір алаңында Шавкатқа сақ болу керектігін, Белалды Хабибтің дайындап жатқанын айтып ойларын жазуда.

    Еске сала кетейік, Шавкат пен Белал 2024 жылы 7 желтоқсанда Лас-Вегаста жекпе-жек өткізуі керек еді, бірақ Мұхаммед аяғына микроб жұқтырғандықтан келісім тоқтаған болатын.

  • Шавкат Рахмонов UFC-дегі жекпе-жегі алдында мәлімдеме жасады

    Шавкат Рахмонов UFC-дегі жекпе-жегі алдында мәлімдеме жасады

    Қазақстандық файтер Шавкат Рахмонов (18-0) ирландиялық спортшы Иэн Гэрримен (15-0) UFC 310 турнирінде өтетін жекпе-жегі алдында мәлімдеме жасады.

    Бұл туралы қазақстандық спортшы Instagram-дағы ресми парақшасында жазды.

    Шавкат келесі жеңіске бет алды, — деп жазып, жаттығу барысынан бірнеше суретін жариялады.

    Сондай-ақ DAR PRO TEAM командасының Instagram желісіндегі ресми парақшасында қазақстандық файтер Шавкат Рахмонов пен Иэн Мачадо Гэрридің бір жаттығу залында дайындалып жатқан видеосы жарияланған болатын.

    Айта кетейік, Шавкат Рахмонов 7 желтоқсанда Лас-Вегаста UFC 310 турнирінде ирландиялық файтер Иэн Мачадо Гэрримен жекпе-жек өткізеді.

    Шавкат Рахмонов – Иэн Гарри жекпе-жегінің жеңімпазы UFC чемпионы Белал Мухаммадтың келесі қарсыласы болады. Қазақстандық файтер Шавкат Рахмонов соңғы жекпе-жегін 2023 жылы желтоқсанда өткізіп, америкалық спортшы Стивен Томпсонды екінші раундта ұтқан болатын.

    Шавкат MMA-да 18 рет, UFC-де 6 рет жеңіске жеткен. Ал 27 жастағы Иэн Гэрри өз мансабында 19 жекпе-жек өткізіп, бәрінде жеңіске жеткен. Ол соңғы рет 29 маусымда Майкл Пейджді төрешілердің бірыңғай шешімімен жеңді.

  • Шавкат Рахмонов мәлімдеме жасады

    Шавкат Рахмонов мәлімдеме жасады

    30 жастағы қазақстандық файтер  Шавкат Рахмонов титулдық жекпе-жегі өтпейтіннен кейін жартылай орта салмақтағы UFC чемпионы америкалық Белал Мұхаммедке жүгінді. Ол өзінің үндеуін X (Twitter) әлеуметтік желісіндегі жеке парақшасында жариялады.

    Рахмонов ең алдымен Белалдың тезірек сауығып кетуін тіледі. Содан кейін ол өзінің жоспарлары туралы айтты.

    «Сізді 100% қалпына келтірген кезде көреміз, мен UFC310-да уақытша титул үшін кез келген қарсыласпен күресуге дайынмын», – деді Ш.Рахмонов. 

    Тарихи титулдық жекпе-жектің жойылғаны 2024 жылдың 31 қазанында белгілі болды. Жартылай орта салмақтағы чемпиондық белбеу үшін жекпе-жек 8 желтоқсан күні таңертең Лас-Вегаста (АҚШ) өтуі керек еді, бірақ америкалық спортшы тарапынан белгісіз себептермен кездесу белгіленген уақытта өтпейді.

    Қазір Nomad енді UFC 310 турниріне қатыса ма, әлде палестиналықтың қайтып келуін күте ме деген келіссөздер жүріп жатыр.