Метка: шетел

  • Токиодан Сан-Францискоға дейін: Шетелдегі қазақстандықтар референдумда дауыс беріп жатыр

    Токиодан Сан-Францискоға дейін: Шетелдегі қазақстандықтар референдумда дауыс беріп жатыр

    Сыртқы істер министрінің орынбасары Арман Исетов республикалық референдум аясында шетелдегі дауыс беру барысы туралы ресми мәлімет берді. Қазіргі уақытта әлемнің 54 елінде 71 учаске жұмыс істеп тұр, бірақ кейбір мемлекеттердегі жағдайға байланысты дауыс беру өтпейтін болды. Атап айтқанда, күрделі әскери-саяси жағдай мен азаматтарымыздың аздығына байланысты 10 елдегі 11 учаске ашылмады. Олардың қатарында Иран, Израиль, Иордания, Катар, Оман, Ливан, Кувейт, Украина, Эфиопия және Біріккен Араб Әмірліктері бар.

    Шетелде дауыс беруге құқылы Қазақстан азаматтарының жалпы саны 14 380 адамды құрайды. Саяси науқан Астана уақытымен таңғы сағат 03:00-де Токио мен Сеулде басталды. Таңғы сағат 08:00-ге дейінгі мәлімет бойынша, шетелдегі 23 учаске өз жұмысына кірісіп, 198 отандасымыз таңдауын жасап үлгерді. Әлем бойынша дауыс беру процесі ең соңынан АҚШ-тың Сан-Франциско қаласындағы Қазақстанның Бас консулдығы жанындағы учаскеде аяқталады. СІМ барлық жұмыс істеп тұрған учаскелердегі қауіпсіздік шараларын жіті қадағалап отыр.

  • Шетел аумағындағы қарулы қақтығысқа қатысу – қылмыс!

    Шетел аумағындағы қарулы қақтығысқа қатысу – қылмыс!

    Алматы облысы, Қонаев қаласының сотында шетел мемлекетінің аумағындағы қарулы қақтығысқа қатысы бар Қазақстан Республикасының азаматына қатысты қылмыстық іс қаралды.

    Сот талқылауы барысында К. есімді азаматтың Қазақстан Республикасының аумағынан шығып, қарулы құрылымға қосылғаны, кейін шетел мемлекетінің аумағында ұрыс қимылдарына қатысқаны анықталды.

    Істі қарау нәтижесінде сот оны Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 172-бабында көзделген қылмыстық құқық бұзушылықты жасағаны үшін кінәлі деп танып, орташа қауіпсіздік деңгейіндегі қылмыстық-атқару жүйесі мекемесінде жазасын өтеумен 4 жыл 6 ай мерзімге бас бостандығынан айыру жазасын тағайындады.

    Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 172-бабына сәйкес, Қазақстан Республикасының азаматының шетел мемлекетінің аумағындағы қарулы қақтығысқа немесе соғыс қимылдарына қасақана қатысуы үшін 9 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы қарастырылған.

    Сонымен қатар, Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 170-бабына сәйкес, жалдамалылық (наемничество) үшін 20 жылға дейін немесе өмір бойына бас бостандығынан айыру түрінде қылмыстық жауаптылық көзделген.

  • Қазақстандықтар «Болашақ» гранттары бойынша шетелде оқи алады

    Қазақстандықтар «Болашақ» гранттары бойынша шетелде оқи алады

    Қазақстандық мамандар «Болашақ» бағдарламасы аясында шетелде оқып, стажировкадан өте алады. деп хабарлайды Sona.kz.

    2025 жылы шәкіртақы тағайындау конкурсы жаңа ережелер бойынша өткізілді. Үміткерлер үш кезеңнен өтті және жыл ішінде қайта қатысу мүмкіндігіне ие болды. Конкурс қорытындысы бойынша 225 қазақстандық шәкіртақы алды. Орташа есеппен бір орынға төрт үміткер болды.

    Отырыста 2026 жылға арналған жаңа кәсіби стажировка категориясы – «жасанды интеллект жүйесінің қолданушылары» бекітілді. Бұл шешім экономикадағы цифрлық трансформацияны масштабтау және ІТ-компетенцияларды дамыту қажеттілігімен байланысты.

    Сонымен қатар 2026 жылдан бастап атом энергетикасы саласында магистратура, докторантура және стажировкаға арналған жеке категория енгізіледі. Жыл сайынғы квота – 20 шәкіртақы.

    Ақорда баспасөз қызметі мәлімдегендей, бұл өзгерістер ұлттық экономиканың негізгі салалары үшін мамандар дайындауға және цифрлық трансформацияны қолдауға бағытталған.

    Ерлан Карин бағдарлама іске асыруды әрі қарай жетілдіру, халықаралық «Болашақ» шәкіртақысын тиімдірек ету жөнінде тапсырмалар берді.

    Сарапшылар жаңа бағыттағы шәкіртақылар жастарға халықаралық еңбек нарығында сұранысқа ие білім мен дағдылар алуға мүмкіндік беретініне тоқталды.