Метка: шетелдік

  • «Күтпеген жүк»: Алматы әуежайында шетелдік қолға түсті

    «Күтпеген жүк»: Алматы әуежайында шетелдік қолға түсті

    Алматы халықаралық әуежайында Пхукеттен ұшып келген 42 жастағы шетелдік ұсталды. Оның сөмкесінен есірткі табылды, деп хабарлайды Sona.kz Polisia.kz-ке сілтеме жасап.

    ІІМ дерегінше, жолаушының жүгінен жалпы салмағы 3 келіден асатын кептірілген марихуана салынған алты пакет анықталған. Тергеу мәліметіне сай, ол Бангкокта бейтаныс адамдардан сыйақы үшін жүк алып, оның құрамын тексермей Қазақстанға жеткізген.

    Полиция азаматтарды бөтеннің затын тасымалдаудан бас тартуға шақырды. Мұндай әрекеттер қылмыстық жауапкершілікке, соның ішінде ұзақ мерзімге бас бостандығынан айыруға әкелуі мүмкін. Сондай-ақ әуежайларда күмәнді жағдайға тап болған жолаушыларға бірден полицияға жүгіну ұсынылады.

  • Қазақстанға вейп әкеліп сатпақ болған шетелдік сотталып кетті

    Қазақстанға вейп әкеліп сатпақ болған шетелдік сотталып кетті

    Қазақстанға электронды темекі әкеліп сатпақ болған шетелдік сотталып кетті.

    Маңғыстау облыстық прокуратураның мәліметінше, Бейнеу ауданының соты шетел азаматын электрондық тұтыну жүйелерін (вейптерді) елге әкелгені үшін ҚР Қылмыстық кодексінің 301-1-бабының 2-бөлігімен кінәлі деп танып, оған 1 жылға бас бостандығынан айыру жазасын тағайындады.

    Шекара бекетін тексеру барысында автокөліктің жүк салғышында 4 550 дана «WAKAsoPro20000» маркалы электрондық тұтыну жүйелері анықталған.

    Заңды күшіне енген сот үкімі бойынша көрсетілген тауарлар жоюға жіберілді.

    «Қылмыстық кодекстің 301-1 жаңа бабы темекі бұйымдарының, электрондық тұтыну жүйелерінің (вейптердің), оларға арналған хош иістендіргіштер мен сұйықтықтардың айналымы үшін жауапкершілікті белгілейді.

    Құқық бұзушылықтың ауырлығына байланысты айыппұл салу, түзеу жұмыстары, қамауға алу немесе екі жылға дейін бас бостандығынан шектеу не айыру жазалары қарастырылған.

    Маңғыстау облысының прокуратурасы электронды тұтыну жүйелерін сату және тарату қылмыстық жауаптылыққа әкеп соғатынын ескертеді», – делінген прокуратура хабарламасында.

  • Биыл Қазақстанның 5 164 азаматы шетелдіктермен неке қидырған

    Биыл Қазақстанның 5 164 азаматы шетелдіктермен неке қидырған

    2023 жылдың 1 шілдесінен бастап қазақстандықтардың некелері «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясында тіркеледі.

    Ведомствоның баспасөз қызметі осы жылдың 10 айында 107 256 неке қиылғанын хабарлады. Жаздың бір айында 13 257 қазақстандық жұп үйленген.

    Қазақстанның заңнамасы бойынша кәмелетке толған азаматтар, яғни 18-ге толғандар некеге тұра алады. Бірақ тіркеу органдарының неке жасын екі жылға төмендетуінің екі себебі бар: бұл жүктілік және ортақ бала. Биыл осындай жағдайларға байланысты 532 жұп үйленген.

    Сонымен қатар, 5 164 Қазақстан азаматы шетелдіктермен неке қидырған.

     

     

  • Қазақстан шекарасында 40-тан аса шетелдік ұсталды

    Қазақстан шекарасында 40-тан аса шетелдік ұсталды

    ҰҚК Шекара қызметі қарашада мемлекеттік шекара арқылы заңсыз өткізу әрекетінің 1313 дерегін тіркеді, – деп хабарлайды ҰҚК баспасөз қызметі.

    ҰҚК Шекара қызметі Мемлекеттік шекараны күзету мен қорғауды қамтамасыз ету аясында 2024 жылғы қарашада құзырлы органдармен өзара әрекеттесе отырып: шекара кеңістігінде 5 785 Қазақстан Республикасының заңнамаларын бұзушы ұсталды, соның ішінде:

    • 17 шетел азаматы шекараны бұзғаны үшін ұсталды;
    • 19 шетел азаматымен шекараны бұзу әрекеттерінің жолы кесілді.

    Мемлекеттік шекара арқылы 1 313 заңсыз алып өту деректерінің алды алынды, соның ішінде:

    • 26 – есірткі заттары;
    • 62 – қарулар мен оқ-дәрілер (30 дана атуға жарамсыз, 1 дана ату, 1 дана пневматикалық, 43 дана суық қарулары, 136 дана оқ-дәрілер, 18 дана электрошокерлер);
    • 35 – діни әдебиет (1 215 дана);
    • 414 – жалпы сомасы 50 миллион теңгеден асатын жанар-жағармай материалдары (55 литрден астам);
    • 644 – жалпы сомасы 3,5 миллиард теңгеден астам халық тұтыну тауарлары;
    • 132 – жалпы сомасы 3 миллиард теңгеден астам шетел валютасы.

    Каспий акваториясында 7 браконьерлік деректерінің алды алынды, сондай-ақ:

    • 1 дана жүзу құралдары;
    • жалпы ұзындығы 44,3 шақырым торды құрайтын браконьерлік аулау құралдары;
    • 206 дана (1 633 келі) бекіре тұқымдас балықтар;
    • 46 дана (30 келі) таза тұқымдас балықтар;
    • 28 дана итбалығы;
    • алды алынған залал сомасы 620 миллион теңге болады.

    «Бұл фактілер бойынша материалдар бұзушыларды жауапкершілікке тарту үшін құқық қорғау және сот органдарына жіберілді. Мемлекеттік шекарада қандай да бір шектеу шаралары енгізілген жоқ, барлық өткізу пункттері штаттық режимде жұмыс істеп жатыр», – делінген ҰҚК баспасөз қызметі хабарламасында.

  • Қазақстанның 900 азаматы жазасын шетелде өтеп жатыр

    Қазақстанның 900 азаматы жазасын шетелде өтеп жатыр

    Ал, 1 мыңнан астам шетелдік Қазақстанда жазасын өтеп жатыр. Бұл туралы ҚР Бас прокурорының орынбасары Ғалымжан Қойгелдиев айтты.

    «Қазір еліміздің 900 азаматы жазасын шетелде өтеп жатыр. Кейінгі 5 жылда 160 адамды Қазақстанға қайтардық. Биылғы 9 айда 24 адам қайтарылды. Сонымен қатар үшеуіне қатысты қайтарудан бас тарттық», — деді Ғ. Қойгелдиев Мәжілістің жалпы отырысында.

    Сонымен қатар ол Мәжілістің жалпы отырысынан кейін тілшілерге шетелде жазасын өтеп жүрген 900 адамның басым бөлігі Ресейде қамауда отырғанын айтты.

    «1 мыңнан астам шетелдік Қазақстанда жазасын өтеп жатыр, олардың көбісі Өзбекстан азаматы», — деді Бас прокурордың орынбасары.

    Оның сөзіне қарағанда, еліміздің жастары оңай ақша табамыз деп шетелге барып, келеңсіз жағдайларға ұрынып жатыр.

    «Осындай оқиғалар өте көп. Әсіресе, есірткі тасымалдау әрекетімен істі болып отыр. Бұл жаза бойынша сотталғандарға өте ауыр түседі», — деді Ғалымжан Қойгелдиев.