Метка: сібір жарасы

  • Атбасарда сібір жарасы: 19 адам бақылауда, екі ауыл карантинге жабылды

    Атбасарда сібір жарасы: 19 адам бақылауда, екі ауыл карантинге жабылды

    Ақмола облысы Атбасар ауданында сібір жарасы жұқтырғандар саны артты. Ауыл шаруашылығы министрі Айдарбек Сапаровтың айтуынша, індет жеті адамнан анық расталған, тағы 12 адам медициналық бақылауда. Бұған дейін Денсаулық сақтау министрлігі төрт жағдай туралы хабарлаған еді.

    Індеттің ошағы – Магдалиновка мен Новомариновка ауылдарынан жеті шақырым жерде орналасқан, бұған дейін сібір жарасынан өлген мал көмілген аумақ. Дәл осы маңда екпе салынбаған, тіркеуге алынбаған мал жайылған. Ауру жұқтырған 10 бас ірі қара өртеліп жойылды.

    «Мал заңсыз жайылған, қауіпсіздік шаралары сақталмаған. Оқиға орнында залалсыздандыру жүргізіліп, шлагбаум орнатылды, екі ауыл карантинге жабылды. Ет өнімдері дер кезінде тәркіленді. Астана базарларындағы барлық ет өнімдерінен сынама алынды, нәтижелері теріс. Халыққа қауіп жоқ», – деді министр.

    Карантин 15 күнге созылады. Кейін қайта сынама алынып, карантинді ұзарту немесе тоқтату мәселесі шешіледі. Қазір ауданда республикалық эпизоотикалық отряд жұмыс істеп жатыр. Залалданған мал иесі жауапқа тартылады.

  • Атырауда қасапшыдан сібір жарасы расталды

    Атырауда қасапшыдан сібір жарасы расталды

    Атырау облысында ірі қараны әкелуді бақылау үшін төрт полиция және ветеринарлық бақылау бекеті құрылды. Қажетті құжаттарсыз малды тасымалдауға және союға қатаң тыйым салынады.

    Атырау облысы әкімінің баспасөз хатшысы Руслан Жұмағазиевтің айтуынша, зертханалық сараптама қорытындысы бойынша мал сою пунктінің бір қызметкерінен сібір жарасы анықталған.

    Науқас қазір ауруханада жатыр. Емдеу бекітілген медициналық хаттамаға сәйкес жүргізілуде. Оның жағдайы қазір тұрақты. Қалған адамдарда аурудың белгілері байқалмаған.

    «Инфекция ошағында санитарлық және ветеринариялық нормаларға сәйкес жұмыс жалғасуда. Ветеринариялық бақылау мамандары карантиндік аймақта орналасқан барлық жануарларға толық вакцинациялауды аяқтады. Дезинфекциялау жұмыстары жүргізілуде», – деді Руслан Жұмағазиев.

    Облысқа ірі қара малдың әкелінуін бақылау үшін барлық бақылау-өткізу пункттерінде егілгенін растайтын құжаттар тексеріліп, малдардың жағдайы тексеріліп, термометрия жүргізілуде.

    Осындай іс-шаралар санитарлық қауіпсіздік мақсатында Атырау қаласындағы мал сою пункттерінде де ұйымдастырылды. Ветеринариялық құжатсыз малды тасымалдауға және союға қатаң тыйым салынады.

  • Үлкен Ақсу ауылына мал өнімдерін әкелуге, әкетуге тыйым салынды

    Үлкен Ақсу ауылына мал өнімдерін әкелуге, әкетуге тыйым салынды

    5 қыркүйекте Республикалық ветеринариялық зертхана 2 бас ІҚМ сынамаларында сібір жарасының болуын растайтын бактериологиялық зерттеулердің нәтижелерін алды.

    Үлкен Ақсу ауылында тірі жануарлар мен мал шаруашылығы өнімдерін әкелуге және әкетуге тыйым салынды. Аумақтық ветеринариялық инспекция ЖАО ветеринариялық дәрігерлерімен бірлесіп жануарларды аулалық тексеру, вакцинациялау және жануарлар иелерімен түсіндіру жұмыстарын жүргізеді.

    Елді мекенге тарату іс-шараларын жүргізу, оның ішінде дезинфекция жүргізу үшін АШМ-нің Республикалық эпизоотияға қарсы отряды көшіріледі, қажетті мамандар мен арнайы техника штаты бар.

    Ол жерде Ветеринариялық бақылау және қадағалау комитеті төрағасының міндетін атқарушы Самат Төлегенов жүр.

    Қолданыстағы алгоритмге сәйкес барлық қажетті ветеринариялық-санитариялық шаралар өткізіледі және ауыл шаруашылығы министрлігінің ерекше бақылауында болады.

  • Ұйғыр ауданындағы Сібір жарасына қарсы күрес шаралары жалғасуда

    Ұйғыр ауданындағы Сібір жарасына қарсы күрес шаралары жалғасуда

    Ветеринария мамандары ауыл шаруашылығы жануарларын қауіпті індеттерден қорғау үшін шараларды үздіксіз жүргізуде. Атап айтқанда, Жарық тума учаскесінде мал дәрігерлері 141 бас ірі қара малға сібір жарасына қарсы екпе екті.

    Сонымен қатар, ветеринарлар инфекция ошағын жою мақсатында 1800 шаршы метр қора жайды дезинфекциялады. Залалсыздандыру жұмыстары дезстройлайт препаратының 1 пайыздық ерітіндісімен жүргізілді.

    Ал Үлкен Ақсу ауылдық округінде ауру жұқтыруы мүмкін 25 ит пен 4 мысық ауланып, тиісті ветеринарлық тексеруден өтті. Бұл шаралар адамдар мен жануарлардың денсаулығын қорғауға бағытталған.

    Ветеринария мамандары ауыл тұрғындарын мал ауруларының алдын алу үшін санитарлық-эпидемиологиялық ережелерді қатаң сақтауға шақырады.

     

  • Алматы облысында сібір жарасы өршіді

    Алматы облысында сібір жарасы өршіді

    Ұйғыр ауданының Шонжы ауылында қауіпті ауру — сібір жарасы өршіді. Жақында екі тұрғын ауру малдың өлімінен кейін ауруханаға жатқызылды, олардың қолдарында жаралар пайда болған.

    Қазіргі уақытта ветеринарлар талдаулар жүргізуде. Сиырлардан алынған сынамалар диагнозды растау үшін зертханаға жіберілді.

    Жергілікті тұрғындарға ет сатып алғанда сақ болу қажеттілігі ескертілді, әсіресе, арзан бағада ұсынылған етті сатып алмау керек.

    Алматы облыстық ветеринария басқармасының басшысы Нұртас Қиялбеков жағдайдың бақылауда екенін айтты.

    «Біз оқиға орнында жүрміз. Ауру малдың еті сараптамаға жіберілді. Барлық мал басынан сынамалар алып, жергілікті тұрғындарды ауру туралы ескерту жасап жатырмыз. Қорытындылар әлі дайын емес, бірақ жағдай бақылауда. Екі адам ауруханаға жатқызылды, олардың жағдайы тұрақты. Ауру жұққаны жайлы басқа деректер тіркелген жоқ», — деп сендірді Қиялбеков.