Метка: Соғыс

  • Трамп: Ресеймен қақтығысқа Зеленскийді кінәлі

    Трамп: Ресеймен қақтығысқа Зеленскийді кінәлі

    «Ресей мен Украинаның соғысын 24 сағаттың ішінде тоқтатамын» деп бірнеше рет мәлімдеген Дональд Трамп Украина президенті Владимир Зеленский келісімге келуге дайын екенін айтты.

    Алайда, Трамп Ресеймен қақтығысқа Зеленскийді кінәләді.

    Ол (Зеленский) бұл соғысты болдырмауы керек еді. Зеленский – періште емес. Ол әлдеқайда үлкен, әлдеқайда алып, күшті құрылыммен күресіп жүр. Ол бұған жол бермеуі керек еді, себебі келісімге келуге болатын, – дейді АҚШ президенті Fox News телеарнасына берген сұхбатында. 

    Еске салайық, бұған дейін Трамп Путинге арнап пост жариялаған болатын. АҚШ президенті Дональд Трамп Украинамен соғысты тоқтату туралы келісім жасалмаса, Ресейге жаңа санкциялар мен сауда баждарын енгізетінін мәлімдеген. Бұл туралы ол өзінің Truth Social әлеуметтік желісінде жазды.

    Егер біз «мәміле» жасаспасақ жақын арада Ресейдің Америка Құрама Штаттарына және басқа елдерге сататын барлық тауарына жоғары салықтар, баждар мен санкциялар салудан басқа амалым қалмайды. Мен президент болсам, ешқашан басталмауы тиіс болған осы соғысты аяқтайық! Біз мұны оңай немесе қиын жолмен жасай аламыз, бірақ оңай жолы қашан да жақсырақ. «Мәміле жасасар» уақыт келді, – деді АҚШ президенті.   

  • Солтүстік Корея әскерлері Украинаға қарсы соғыспақ

    Солтүстік Корея әскерлері Украинаға қарсы соғыспақ

    Ресейдің Курск облысында  Солтүстік Кореяның 8 мыңға жуық әскері бар, олар жақын арада Украинаға қарсы соғысуы мүмкін.

    АҚШ-тың мемлекеттік хатшысы Энтони Блинкен Вашингтонда өткен брифингте сарбаздардың «артиллерия, ұшқышсыз ұшу аппараттары, негізгі жаяу әскер операциялары, соның ішінде траншеяларды тазарту» бойынша дайындықтан өткенін айтты. АҚШ бұл сарбаздар Ресейге келген 10 мың жауынгерден құралған топтың бір бөлігі деп санайды. Қорғаныс министрі Ллойд Остин Украинаның осы өңірдегі позицияларын сақтай алатынына сенім білдірді.

    Сондай-ақ, Блинкен жақын арада Украинаға қосымша әскери қолдау жіберуге ниетті екенін мәлімдеп, Қытайды Солтүстік Кореяға ықпалын пайдаланып, арандатушылық әрекеттерін тоқтатуға шақырды.

    Біз Ресейдің оның (Солтүстік Корея) әскери әлеуетін күшейту үшін не істейтініне қатты алаңдаймыз. Бұл Қытай үшін де күрделі мәселе болуы тиіс, өйткені  аймақтағы жағдайды айтарлықтай тұрақсыздандырады», — деді CNN Блинкеннің сөзін келтіріп.

  • АҚШ Украинаға тағы 425 млн доллар көмек береді

    АҚШ Украинаға тағы 425 млн доллар көмек береді

    Азаттықтың жазуына қарағанда, «Америка дауысы» сайтының мәліметінше, Пентагон қорынан берілетін қосымша көмек пакетіне NASAMS зенит зымыран жүйесі оқ-дәрілері, әуе қорғанысына арналған RIM-7 ракеталары, Stinger зенит зымырандары, HIMARS зымыран жүйесіне керек оқ-дәрілер, кассеталық оқ-дәрілер, танкіні жоятын Javelin қаруы және тағы басқалар кіреді.

    Блинкен Украинаны АҚШ пен оның аясындағы халықаралық коалиция қолдайды деп бұған дейін бірнеше рет айтқан президент Джо Байденнің сөзіне сілтеді деп жазды «Америка дауысы» сайты.

    АҚШ 2022 жылғы 24 ақпаннан бастап Украинаға құны 61 млрд доллардан асатын әскери көмек және Ресейдің Украинаға 2014 жылғы шабуылынан бергі кезеңде 64 млрд долларға жуық әскери көмек көрсеткен.