Метка: Солтүстік Корея

  • Зеленский Украинаға қарсы соғысып жүрген КХДР сарбазы қолға түскенін хабарлады

    Зеленский Украинаға қарсы соғысып жүрген КХДР сарбазы қолға түскенін хабарлады

    Владимир Зеленский өзінің телеграм-арнасында Украинаға қарсы соғыста Солтүстік Кореяның Ресей Федерациясы жағында қатысып жатқаны туралы дәлелдер табылғанын мәлімдеді. Украина әскерилері Солтүстік Кореяның екі сарбазын – атқыш пен снайперді тұтқынға алды. 

    Украина президентінің айтуынша, «оларды қолға түсіру оңай болған жоқ».

    «Әдетте ресейліктер мен Солтүстік Кореяның басқа сарбаздары қолға түспеу үшін жараланған сарбаздың көзін жояды. Олар Украинаға қарсы соғысқа басқа мемлекеттің, атап айтқанда  — Солтүстік Кореяның қатысуы туралы ешқандай дәлел қалмауы үшін бәріне барады», — дейді президент. 

    Оның айтуынша, тұтқынға түскен Солтүстік Корея сарбаздары жараланып, Киевке жеткізілген. Шетелдіктердің бірінде Ресейдің әскери билеті болса, екіншісінде мүлде құжат болмаған.

    Зеленский «барлық тұтқындар сияқты Солтүстік Кореяның бұл екі сарбазы да қажетті медициналық көмек алып жатыр» деп қосты. Ол сондай-ақ Украина қауіпсіздік қызметіне журналистердің тұтқындармен кездесуін қамтамасыз етуді тапсырды.

    Украина қауіпсіздік қызметі өзінің ресми сайтында тұтқынға алынған Солтүстік Корея сарбаздары туралы мәліметтерді жариялады.

    «Тиісті қылмыстарды құжаттап, тергейтін Украина қауіпсіздік қызметіне Солтүстік Кореяның біздің мемлекетке қарсы ресейлік соғысқа қатысқаны туралы бұлтартпайтын дәлел тапты. Әңгіме Солтүстік Кореядан келген екі сарбаз туралы болып отыр, олардың бірін 2025 жылы 9 қаңтарда арнайы операциялық күштердің № 84 тактикалық тобының сарбаздары, екіншісін Украина қарулы күштерінің десантшылары тұтқынға алды» деп жазды ресми сайт .

     

    Шетелдіктерге тұтқынға түскеннен кейін бірден Женева конвенциясында көзделген барлық қажетті медициналық көмек көрсетілді. Олар бірінші кезектегі тергеу шараларын жүргізу үшін Киевке жеткізілді. Олар халықаралық құқық талаптарына сай келетін тиісті жағдай жасалады»,  деп хабарлады Украина қауіпсіздік қызметі.

    «Тұтқындар украин, ағылшын немесе орыс тілдерін білмейді, сондықтан олармен байланыс Оңтүстік Кореяның LDC барлау қызметімен бірлесіп корей аудармашылары арқылы жүзеге асады» деп жазылған хабарламада.

  • Солтүстік Корея әскерлері Украинаға қарсы соғыспақ

    Солтүстік Корея әскерлері Украинаға қарсы соғыспақ

    Ресейдің Курск облысында  Солтүстік Кореяның 8 мыңға жуық әскері бар, олар жақын арада Украинаға қарсы соғысуы мүмкін.

    АҚШ-тың мемлекеттік хатшысы Энтони Блинкен Вашингтонда өткен брифингте сарбаздардың «артиллерия, ұшқышсыз ұшу аппараттары, негізгі жаяу әскер операциялары, соның ішінде траншеяларды тазарту» бойынша дайындықтан өткенін айтты. АҚШ бұл сарбаздар Ресейге келген 10 мың жауынгерден құралған топтың бір бөлігі деп санайды. Қорғаныс министрі Ллойд Остин Украинаның осы өңірдегі позицияларын сақтай алатынына сенім білдірді.

    Сондай-ақ, Блинкен жақын арада Украинаға қосымша әскери қолдау жіберуге ниетті екенін мәлімдеп, Қытайды Солтүстік Кореяға ықпалын пайдаланып, арандатушылық әрекеттерін тоқтатуға шақырды.

    Біз Ресейдің оның (Солтүстік Корея) әскери әлеуетін күшейту үшін не істейтініне қатты алаңдаймыз. Бұл Қытай үшін де күрделі мәселе болуы тиіс, өйткені  аймақтағы жағдайды айтарлықтай тұрақсыздандырады», — деді CNN Блинкеннің сөзін келтіріп.

  • Сеул Украинаға әскер жіберуі мүмкін

    Сеул Украинаға әскер жіберуі мүмкін

    Сеул егер Солтүстік Кореяның әскері Ресейге болысатын болса, Украинаға өз барлау қызметі мен әскер жіберуі мүмкін екенін мәлімдеді.

    Солтүстік кореялық әскери қызметкерлер қолға түссе, оңтүстіккореялық әскери қызметшілер Украинаға тергеу жүргізіп, аударма қызметін көрсетуге дайын. Мұның бәрі Ресей мен Солтүстік Кореяның бірігіп әрекет етуінен төнген қауіпті сейілтуге бағытталып отыр.

    Еске сала кетсек, бұған дейін Украина президенті Владимир Зеленский Солтүстік Кореяның Ресейге жақтасуға 12 мыңнан аса арнаулы жасақ жіберу туралы шешімі қауіпті екенін мәлімдеген болатын. Ол мұндай жағдай бола қалса, дүниежүзілік соғыс басталуы мүмкін екенін ескертті.

    Солтүстік Кореядан келетін қауіптерге жауап ретінде Оңтүстік Корея президенті Юн Сук Ёль де өз елінің мүддесін қорғау мен өңірде бейбітшілікті сақтауға бағытталған шара қабылдау қажеттігін атап өтті.

  • Солтүстік Корея тұңғыш мемлекеттің қалыптасу мерекесін атап өтіп жатыр.

    Солтүстік Корея тұңғыш мемлекеттің қалыптасу мерекесін атап өтіп жатыр.

    Солтүстік Корея тұңғыш мемлекеттің қалыптасу мерекесін атап өтіп жатыр. Корей түбегінде ежелгі мемлекет біздің дәуірімізге дейінгі 2333 жылы пайда болған.Тарихи мерекені Пхеньян да, Сеул де жыл сайын атап өтеді. Дәстүрлі рәсімдермен бірге түрлі мерекелік шара өтеді. Бұдан бөлек Солтүстік Корея лидері қарулы күштермен кездесуде елдің егемендігіне нұқсан келсе, шабуыл күштерінің бәрін, оның ішінде ядролық қаруды қолданудан тайынбайтынын мәлімдеді. Оңтүстік Корея болса, Ким Чен Ынның бұл ескертуі аймақ қауіпсіздігіне қатер төндіреді деп мәлімдеді.