Метка: соққы

  • Шымкенттегі мектеп оқушылары арасындағы төбелес: 10-сынып оқушысы көршісін аяусыз соққыға жыққан

    Шымкенттегі мектеп оқушылары арасындағы төбелес: 10-сынып оқушысы көршісін аяусыз соққыға жыққан

    Шымкент қаласында мектеп оқушысының кіші жастағы баланы аяусыз соққыға жыққан сәті бейнебақылау камерасына түсіп қалды. Өңірлік полиция мәліметінше, оқиғаға қатысушылар — бір ауылда тұратын 10-шы және 5-ші сынып оқушылары. Жанжал алдымен сөзге келуден басталып, кейіннен жоғары сынып оқушысы кіші баланы көшеде кезіктіріп, оған қарсы күш қолданған. Бейнежазбада жасөспірімнің баланы аяусыз ұрып-соғып, тепкілегені анық көрінеді, бұл жағдай қоғамда үлкен наразылық тудырды.

    фото: скриншот

    Қазіргі уақытта оқиғаға қатысты барлық тұлғалар ата-аналарымен бірге полиция бөліміне жеткізілді. Кәмелетке толмаған баланың ата-анасы бала тәрбиесіне немқұрайлы қарағаны үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Жиналған материалдар тиісті шешім қабылдау үшін кәмелетке толмағандар істері жөніндегі комиссияға жолданды. Сондай-ақ аталған факті бойынша қылмыстық іс қозғалып, тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.

    Құқық қорғау органдары мектептердегі буллинг пен жасөспірімдер арасындағы қылмыстың алдын алу мақсатында профилактикалық шараларды күшейтуді көздеп отыр.

  • Олимпиада чемпионы Серік Сәпиевті оның орынбасары соққыға жығты

    Олимпиада чемпионы Серік Сәпиевті оның орынбасары соққыға жығты

    Қарағандыда олимпиада чемпионы Серік Сәпиев пен оның орынбасары Дәурен Есімханов арасында дау-дамай шықты. Алғашында сөзбен басталып жанжал кейін төбелеске ұласқан, нәтижесінде Сәпиевке дене жарақаты келді.

    Әлеуметтік желілерде тараған мәліметке қарағанда, оқиға 21 қаңтарда Қарағандағы Облыстық көпсалалы арнайы балалар-жасөспірімдер спорт мектебінің аумағында болған. Қылмыстық іс бойынша Сәпиевке жарақат келтірген адам оның орынбасары Дәурен Есімханов болуы мүмкін. Есімханов өзі де джиу-джитсудан әлем чемпионы ретінде танымал.

    «Қарағанды қаласының 42 жастағы тұрғынының арызы негізінде ұрып-соғу дерегі бойынша қылмыстық іс қозғалды. Қазір полиция қызметкерлері оқиғаның барлық мән-жайын анықтап жатыр. Тергеу мүддесіне байланысты өзге ақпарат жарияланбайды», — деп хабарлады полиция.

    Қазіргі уақытта оқиға себептері мен толық деректері тергеу мүддесіне байланысты жарияланбай отыр. Қосымша ақпарат тергеу аяқталғаннан кейін беріледі.