Метка: сорғы станциясы

  • Қонаев қаласында 11 кәріздік сорғы станциясы жаңартылып жатыр: жұмыстардың 95%-ы аяқталды

    Қонаев қаласында 11 кәріздік сорғы станциясы жаңартылып жатыр: жұмыстардың 95%-ы аяқталды

    Қонаев қаласында коммуналдық инфрақұрылымды жаңғырту аясында 11 кәріздік сорғы станциясы (КСС) қайта жөндеуден өтуде. Жұмыстар 2023 жылдың қазанында басталған. Жобаға тапсырыс беруші – Қонаев қаласының ТҮКШ және тұрғын үй инспекциясы бөлімі.

    Қазіргі нәтижелер:
    • 11 станцияның 9-ында жер қазу мен құбыр төсеу толық аяқталған;
    • №1, 3, 4, 4А, 5, 6, 7, 8, 9 КСС-те резервтік сорғылар орнатылған;
    • №1, 4, 5, 6 (жартылай), 7, 8 (1 сорғы), 9 КСС-те горизонталды сорғылар қойылған;
    • Электр желісіне қосу бойынша техникалық шарттарға өтінімдер беріліп, монтаж жұмыстары жүргізілуде;
    • Көптеген нысандарда ішкі және сыртқы әрлеу аяқталған;
    • Кейбір жерлерде абаттандыру, қоршау орнату және асфальт төсеу жүргізілген.

     Жүріп жатқан жұмыстар:
    • №4А, 6, 11 КСС-те ішкі әрлеу, электрмен қамту, аумақты абаттандыру және жол төсеу жалғасып жатыр;
    • №11 КСС-те 8 резервтік және 2 горизонталды сорғы орнату жоспарланған – бұл ең ірі жұмыс көлемі;
    • Барлық КСС-те электр жүйелерін қосу бойынша жұмыстар жалғасуда;
    • Құдықтар орнатылып, қоршаулар тартылуда.

     Негізгі көрсеткіштер:
    • Орнатылды: 9 резервтік сорғы станциясы, 11 горизонталды сорғы;
    • Жоспар: қосымша 8 резервтік және 6 горизонталды сорғы орнату (№3, 4А, 6 және 11 КСС).

    Жөндеу жұмыстары кезең-кезеңімен жүргізілуде. Жоба аяқталған соң Қонаев қаласының кәріз жүйесі анағұрлым сенімді әрі тиімді жұмыс істейтін болады.