Метка: сот орындаушы

  • Алматыда жеке сот орындаушысы 370 млн теңгені заңсыз иемденгені үшін сотталды

    Алматыда жеке сот орындаушысы 370 млн теңгені заңсыз иемденгені үшін сотталды

    Алматыда жеке сот орындаушысы өндіріп берушілерге тиесілі ақшаны иемденіп, аса ірі көлемде алаяқтық жасады деп танылды. Бұл деректер қалалық прокуратура жүргізген тексеріс барысында анықталған, деп хабарлайды Sona.kz Halyqstan-ға сілтеме жасап.

    Прокуратураның мәліметінше, сот орындаушысы қызметтік өкілеттігін пайдаланып, өндіріп берушілерге арналған 370 млн теңгеден астам қаражатты заңсыз иемденген. Сондай-ақ ол Range Rover маркалы автокөлікті заңсыз иемденіп, 19 млн теңгеден астам залал келтірген.

    Алмалы аудандық соты айыпталушыны сегіз жылға бас бостандығынан айыруға, қылмыстық жолмен табылған мүлкін тәркілеуге үкім шығарды. Сонымен бірге оның сот орындаушысы ретінде қызмет атқаруына тыйым салынды.

    Үкім әлі заңды күшіне енген жоқ.

    Ақпарат Алматы қаласы прокуратурасының ресми деректеріне сүйеніп әзірленді.

  • Талдықорғанда алиментке арналған ақшаны жымқырған сот орындаушысы тергелуде

    Талдықорғанда алиментке арналған ақшаны жымқырған сот орындаушысы тергелуде

    Талдықорғанда жеке сот орындаушысы балаларға төленетін алимент қаражатын өз қалтасына қалдырды деген күдікке ілінді, деп хабарлайды Sona.kz NUR.KZ-ке сілтеме жасап.

    Прокуратура мәліметінше, сот орындаушысы алдымен заңға сәйкес борышкерлердің жалақысынан алимент ұстап, жұмыс берушілерге қаулы жіберген. Алайда, ақша келгеннен кейін соманың көбісін өзіне қалдырып, тек азын ғана ата-аналарға аударған.

    Мысалы, 2025 жылдың сәуірінен маусымына дейін бір борышкерден 570 мың теңге төленген. Сот орындаушысы тек 170 мың теңгесін берушіге жіберіп, қалғанын жымқырған. Тексеру барысында осындай әрекеттер бірнеше рет жасалғаны анықталды, жалпы 2 млн теңгеден астам қаржы өз қалтасына кеткен.

    Қазіргі таңда прокуратура сот орындаушысына қатысты ҚК 251-бабы бойынша досудебтік тергеу жүргізіп жатыр. Бұған дейін Павлодар, Жамбыл облыстары мен Астанада да жеке сот орындаушыларының заңсыз әрекеттері анықталған, шығын көлемі 26 млн теңгеден асты.