Метка: Сотталғандар

  • Қазақстан түрмелеріне 40 мың бақылау камерасы орнатылды

    Қазақстан түрмелеріне 40 мың бақылау камерасы орнатылды

    Бас прокуратура кезекті кеңесінде колонияларда 40 мың бейнебақылау орнатылып, сотталғандар тікелей өтініш бере алатын 600 электронды терминал қойылғанын айтты.

    Бас прокурор Берік Асылов пенитенциарлық жүйеде азаптаудың алдын алуға ерекше мән беретінін айтты. Сотталғандардан түскен кез келген қатыгездік туралы сигнал азаптау призмасы арқылы қаралады.

    «Сотталғандардың құқықтарын, бостандықтарын және заңды мүдделерін құрметтеу мен қорғау – бұл заңның тікелей талабы. Сондай-ақ, олардың сәтті әлеуметтенуі қоғамдағы құқықтық тәртіпті сақтаудың маңызды аспектісі», – деді қадағалау органының басшысы.  

    Соңғы жылдары қылмыстық-атқару жүйесінде реформа жүргізіліп, қоғамдық бақылау кеңейтілді. Осының аясында колонияларда толық бейнебақылау жүйесі енгізілді 40 мың бейнекамера орнатылған сондай-ақ сотталғандардың тікелей өтініш беруі үшін 600 электронды терминал қойылды.

  • Жамбыл облысында 98 тұлға бас бостандығынан айырылды

    Жамбыл облысында 98 тұлға бас бостандығынан айырылды

    Жамбыл облысының прокуратурасы «Сотталғандардың өңірдегі криминализацияға әсерін төмендету» жобасын іске асыру барысында облыс бойынша ҚАЖД-нің пробация қызметімен пробациялық бақылау жүргізу кезінде бірқатар бұзушылықтарды анықтады.

    Пробация қызметтері мен ішкі істер органдары арасында жеткіліксіз өзара әрекеттестік, сондай-ақ,  заңбұзушылардың жазаның өтелмеген бөлігін бас бостандығынан айырумен ауыстыру туралы сотқа уақытылы ұсыныстарды жолдамау фактілері анықталды.

    Сот үкімдерімен белгіленген шектеулердің орындалуын талдау нәтижесінде есепте тұрған тұлғалармен қатысты қылмыстық және әкімшілік құқық бұзушылықтар жасалғаны, бақылаудағы аумақтан шығу жағдайлары анықталды.

    Қадағалау актісі бойынша пробация қызметі бас бостандығынан айыру жазасына ауыстыру туралы 45 ұсыныс жолданды, олардың 15-і сотпен қанағаттандырылды, қалғандары қаралу сатысында.

    Жалпы биылдың өзінде белгіленген сот шектеулерін бұзғаны үшін 98 азамат бас бостандығынан айырылды.

    Бұл шаралар қайталама қылмыстардың төмендеуіне және криминогендік жағдайдың жақсаруына ықпал етті.

  • Қазақстанда сотталғандар теракт ұйымдастырмақ болды

    Қазақстанда сотталғандар теракт ұйымдастырмақ болды

    Қазақстанның бірнеше өңіріндегі қылмыстық-атқару жүйесі (ҚАЖ) мекемелерінде радикалды діни идеологияны ұстанушылардың әрекеті тоқтатылды.

    Ұлттық қауіпсіздік комитетінің баспасөз қызметінің хабарлауынша, күдіктілердің бірі қамауда отырып теракті ұйымдастыруға дайындалған, ал басқалары терроризмді насихаттау және террористік әрекеттерді ұйымдастыру мақсатында адамдарды тартуға қатысқан.

    «2024 жылғы 22 қарашада Ұлттық қауіпсіздік комитеті Ішкі істер министрлігімен және Алматы облысы прокуратурасының үйлестіруімен Алматы, Қостанай және Жетісу облыстарындағы қылмыстық-атқару жүйесі мекемелерінде радикалды діни идеология ұстанған 10 адамның әрекетін тоқтатты» делінген хабарламада.

    Тінту барысында жазасын өтеп жатқан адамдардан суық қару, смартфондар және басқа да дәлелдер тәркіленді.