Метка: су қоймасы

  • Қазақстанда төрт жаңа су қоймасы салынады

    Қазақстанда төрт жаңа су қоймасы салынады

    Елде төрт жаңа су қоймасы салынып, тағы төртеуі қайта жаңғыртылады. Сонымен қатар 115 канал жөнделіп, Астана су қоймасын толтыру жобасы қолға алынады. Бұл туралы Су ресурстары және ирригация министрлігі мәлімдеді.

    Жұмыстар Ақмола, Алматы, Жамбыл, Қызылорда, Түркістан, Батыс Қазақстан, Жетісу облыстары мен Астанада жүргізіледі. Қазір қажетті құжаттар дайындалып, мемлекеттік органдармен келісу жүріп жатыр.

    Сондай-ақ Ислам даму банкі гранты аясында елдегі су көздерін зерттеу, ерте ескерту жүйесін енгізу және “Қазсушар” мекемесін техникалық жабдықтау жоспарланған.

  • 42 жаңа су қоймасы салынады

    42 жаңа су қоймасы салынады

    Елімізде 42 жаңа су қоймасы салынады. Бұл алдағы төрт жылда яғни, 2024-2028 жылдарға арналған кешенді жоспар шеңберінде жүзеге асады. Басты мақсат – су шаруашылығы саласын дамыту. Бірінші кезеңде яғни, 2025 жылдан бастап 11 жобаны салу және реконструкциялау жоспарланған. Одан бөлек, алты облыстағы үш жарым мыңға жуық шақырым ирригациялық арналарды жаңғырту көзделген. Сонымен қатар, су үнемдеу технологиясын қолданған шаруаларға берілетін субсидия көлемі де артты. 50ден 80 пайызға дейін ұлғайтылды. Бұл жөнінде Үкіметте өткен су кеңесінің отырысында мәлім болды.Су ресурстары және ирригация министрі Нұржан Нұржігітов атқарылып жатқан жұмыстарды баяндады. Премьер министр Олжас Бектенов Президенттің су шаруашылығын дамытуға, тозығы жеткен нысандарды жаңғырту жұмыстарының барлығы уақытында жүргізілуі тиіс екенін ескертті.

  • Қонаевта судағы қауіпсіздік шаралары күшейтілді

    Қонаевта судағы қауіпсіздік шаралары күшейтілді

    Қонаев қаласының әкімі Асхат Бердіханов қалалық жағажайларды аралап шықты. Барысында тиісті бөлім басшыларына бірқатар тапсырмалар жүктеп, оқыс оқиғалардың алдын алу шаралары күшейтілуі қажет екенін атап өтті.

    «Қапшағай су қоймасына батып кетіп жатқандардың саны көбейді. Бұл – алаңдатарлық жайт. Сол себепті, сақтық шараларын күшейтуіміз қажет. Туристік нысандар мен қалалық жағажайлардағы жағдай үнемі бақылауда болуы тиіс. Күніне кезекшілікке шыққан ТЖБ-ның 100 маманы өз ісіне мұқиятпен, іждағаттылықпен қарауы керек», – деді Асхат Бердіханов.

    Сондай-ақ ол барлық демалыс орындарында құтқарушылар қызмет етуі қажеттілігін айтты. Олай болмаған жағдайда кәсіпкер заң аясында жауапкершілікке тартылады.

    «Демалушылар суда жүзу ережелерін сақтаса игі. Кейбірі мас күйінде, кейбірі жүзе алмаса да, тыйым салынған аймаққа қарай беттеп кетеді. Оларға көмектесу – міндетіміз. Су көліктерін пайдалануда да аса сақ болған жөн. Түсіндірме жұмыстарын да жиі жүргізу керек», – деді әкім.

    Бұдан кейін ол күрделі жөндеуден өтіп жатқан №4 мектепке барды. Қазіргі таңда мердігер компанияның ісі сотта қаралуда.

    Сонымен қатар шаһар басшысы «Барыс» ескерткіші орнатылған аумақты көріп қайтты. Шіліңгір шілдеде күнге күйген газонды қалпына келтіру туралы тапсырма берді.