Метка: судья

  • Хасан Қасымбаевтың адвокаты судьяға қарсылық білдірді

    Хасан Қасымбаевтың адвокаты судьяға қарсылық білдірді

    Хасан Қасымбаев ісі бойынша өткен сот отырысында оның қорғаушысы Ерлан Мендешев төрағалық етуші судья Айнагүл Тұкубаеваға қарсылық білдірді, деп хабарлайды Sona.kz Tengrinews.kz-ке.

    Қорғау тарапының айтуынша, сот істі қарау барысында мінездемелік материалдарды, соның ішінде бейнежазбаларды қоса беруге бірнеше рет рұқсат етпеген.

    «Қорғау тарабы Қасымбаев Ержанның ұялы телефон пайдаланбағанын растайтын материалдарды қосу туралы бірнеше рет өтініш жасағанымен, сот оны қабылдамады. Бейнежазбаны қоса беру туралы өтініш те қанағаттандырылған жоқ. Бұл істің бейтарап қаралмағанын көрсетеді. Сондықтан мен сізге қарсылық білдіремін», — деді адвокат.

    ҚР Қылмыстық-процестік кодексінің 87-бабына сәйкес, егер судьяның бейтараптығына күмән туындаса немесе істің нәтижесіне мүдделілік байқалса, оған қарсылық білдіруге болады. Дегенмен сот тараптардың өтініштерін қабылдамауы немесе сұрақтарды шектеуі қарсылық білдіруге негіз болып саналмайды.

    Бұған дейін сот жәбірленушінің және өзге қатысушылардың айғақтарын БАҚ-та жариялауға тыйым салған болатын.

  • «Ең мейірімді судья» қайтыс болды

    «Ең мейірімді судья» қайтыс болды

    88 жасында американдық судья Фрэнк Каприо өмірден өтті. Ол әлемге әділдігімен әрі мейірімділігімен танылды.

    Ресми Instagram парақшасында Каприоның ұзақ уақыт бойы ұйқы безі қатерлі ісігімен күресіп, өмірден өткендігі айтылды.

    Ол адамдарға деген ерекше көзқарасы үшін «ең түсіністікпен қарайтын судья» атанды. Әлеуметтік желілерде оның соттағы жылы шырайлы бейнежазбалары миллиондаған қаралым жинады.

    Жақындары Фрэнк Каприоны тек құрметті судья ғана емес, сонымен қатар сүйікті жар, әке, ата, дос ретінде есте сақтайды.

  • Алты судья ​заңдылықты бұзғаны үшін жазаланды

    Алты судья ​заңдылықты бұзғаны үшін жазаланды

    Жоғары Сот Кеңесі жанындағы Сот жюриінің кезекті отырысы өтті. Онда 8 судьяға қатысты 8 тәртіптік іс қаралды.

    Істерді қарау қорытындысы бойынша заңдылықты өрескел бұзғаны үшін 6 судья тәртіптік жауапкершілікке тартылды: 4 судьяға қатысты сөгіс түріндегі тәртіптік жаза, 2 судьяға қатысты ескерту түрінде жаза қолданылды.

    Сонымен қатар 2 судьяға қатысты тәртіптік іс жүргізу олардың іс-әрекеттерінде тәртіптік теріс қылық құрамының болмауына байланысты тоқтатылды.

    Сот жюриінің шешімдері заңды күшіне енген жоқ, тәртіптік жаза қолданылған судьялар Жоғары Сот Кеңесіне шағымдануға құқылы.

  • Сенат Жоғарғы соттың судьяларын қызметтен босатты

    Сенат Жоғарғы соттың судьяларын қызметтен босатты

     Ботагөз Ералиева мен Қамбар Нұрышев Жоғарғы сот судьясы қызметінен кетті.

    Жоғарғы Сот Кеңесінің төрағасы Дмитрий Малахов Президентке оларды зейнеткерлікке шығатын болған соң, босату туралы ұсыныс жасады.

    «Судьялар зейнеткерлік жасқа жетті. Сот жұмысында 28-37 жылдық тәжірибелері бар. Кәсіби ортада құрметтері бар», – деді Малахов.

    Сонымен қатар сенаторлар Жоғареы есеп палатасының мүшесі Рашид Ахметовты босату жайлы мәселені де қарастырды.

    «2022 жылдан бастап Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитетінің, одан кейін Жоғарғы аудит басқармасының мүшесі болды. 81-тармаққа сәйкес ескерту. Сенат Регламентінің 4-тармағына сәйкес Қаржы және бюджет комитеті Парламент Сенаты тағайындаған Жоғарғы Төрелік Соттың мүшесі Рашид Сайранұлы Ахметовтің өкілеттігін тоқтатып, қызметінен босатуды ұсынады», – деп түйіндеді сөзін депутат.

  • Шымкентте судья тергеуге алынды

    Шымкентте судья тергеуге алынды

    Шымкенттің Қылмыстық істер жөніндегі ауданаралық сотының судьясына қатысты тергеу аяқталды, — деп хабарлайды Антикор.

    Агенттік Шымкенттің Қылмыстық істер жөніндегі ауданаралық сотының судьясына және басқа да адамдарға қатысты тергеуді аяқтады.

    «Олар алаяқтық жасағандары және үкім шығарған кезде жазасын жеңілдету үшін сотталушының жұбайын 110 миллион теңге мөлшерінде пара беруге итермеледі деп айыпталған. Бас прокуратура биылғы 5 желтоқсанда қылмыстық істі сотқа жолдады», — делінген хабарламада.

    Қылмыстық-процестік кодекстің 201-бабының ережелеріне сәйкес, өзге ақпарат жария етуге жатпайды.

    Конституцияның 77-бабы 3-тармағының 1-тармақшасына және Қылмыстық-процестік кодекстің 19-бабы 1-бөлігіне сәйкес, қылмыстық құқық бұзушылық жасаудағы кінәсі соттың заңды күшіне енген үкімімен белгіленгенге дейін, әрбір адам кінәсіз болып саналады.

  • 9 айда 21 судья жауапқа тартылған

    9 айда 21 судья жауапқа тартылған

    Қазақстанда 9 ай ішінде 21 судья жауапқа тартылды. Бұл туралы Жоғарғы сот кеңесінің мүшесі Нұрия Сисенова мәлімдеді.

    2024 жылдың тоғыз айында сот істерін қарау кезінде заңдылықты өрескел бұзғаны үшін 21 судья жауапқа тартылды, – деді Сисенова Сенат отырысында.

    Оның айтуынша, 2023 жылдың осы кезеңінде тоғыз судья жауапқа тартылған.

  • Президент: Судьялар адалдықтың, дербестіктің және әділдіктің жарқын үлгісі болуы керек

    Президент: Судьялар адалдықтың, дербестіктің және әділдіктің жарқын үлгісі болуы керек

    Әділ сот — мемлекеттің тірегі, сондықтан сот билігі қашанда абыройлы әрі мінсіз болуға тиіс. Президент Қазақстан Судьяларының ІХ съезінде осылай деді. Сондай-ақ, бұл басымдықтарға қол жеткізу үшін атқарылуы тиіс жұмыстарға тоқталды. Келер жылы шілде айынан бастап, сот шешіміне кассациялық тәртіппен шағымдану мүмкіндігі пайда болады. Одан бөлек, саланың цифрлану деңгейін жетілдіре түсу де маңызды. Бұл соттың ашықтығы мен судьялардың жауапкершілігін арттыра түседі. Ал сот кезінде пайдаланылатын деректер қатысушылардың барлығына қолжетімді болады.

    ,«Судьялар адалдықтың, дербестіктің және әділдіктің жарқын үлгісі болуы керек. Сондықтан судьялардың этикалық нормаларды сақтауы ерекше маңызды. Жаңа өзгерістерге сай енді сот ісін қарау кезіндегі барлық өрескел қателікті қазылар қауымы тексереді. Бұл – соттардың тәртіптік жауапкершілігін күшейтуге бағытталған жаңа тәсіл», — деді  Қазақстан Республикасының Қасым-Жомарт Тоқаев.