Метка: Светлана Жолманова

  • Экс-судья Светлана Жолмановаға қатысты қылмыстық іс сотқа жолданды

    Экс-судья Светлана Жолмановаға қатысты қылмыстық іс сотқа жолданды

    Алматыда Медеу аудандық сотының бұрынғы судьясының алаяқтық жасады деген күдікпен ұсталған болатын. 

     Аса ірі көлемдегі алаяқтық жасап айыпталған бұрынғы судья Светлана Жолмановаға қатысты қылмыстық іс бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру аяқталды.

    Тергеудің мәліметінше 2021 жылдан 2024 жылға дейінгі кезеңде ол жылжымайтын мүлік сатып алуға және тендерлік жобаларға қатысуға жәрдемдесу сылтауымен, алдау және сенімге қиянат жасау арқылы азаматтардың 1 миллиард теңгеден астам сомадағы ақшалай қаражатын қолды қылған. Тергеп-тексеру барысында қылмыстық әрекеттің 48 эпизоды анықталып, олар бір іс жүргізуге біріктірілді.

    Тергеп-тексеру аяқталғаннан кейін қылмыстық іс Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 190-бабы 4-бөлігінің 2) тармағы (аса ірі мөлшердегі алаяқтық) бойынша айыптау актісімен мәні бойынша қарау үшін сотқа жолданды.

  • Светлана Жолманова екі айға қамалды

    Светлана Жолманова екі айға қамалды

    Алматы қаласы Медеу ауданының бұрынғы судьясы Светлана Жолманова екі айға қамауға алынды, деп хабарлайды.

    Бұл іске Атырау облысының бұрынғы әкімі, сол кездегі Алматы әкімі және ҰҚК төрағасы қатысы бары айтылды. Бұрынғы судья Светлана Жолманованың сыбайлас жемқорлық тарихы 2021 жылдың сәуірінде, Қазнетте оның үйінен үш миллион доллар, ал көліктен тағы 600 мың доллар табылғандығы туралы ақпарат пайда болған кезде басталды.

    Кейінірек қалақы соттың баспасөз қызметі бұл ақпаратты жоққа шығарды. Алайда, миллиондаған сомалар туралы ақпарат ақыр жарыққа шықты. Олар кәсіпкер Виктор Мащенконың есімімен байланысты болды.

  • Экс-судья Светлана Жолманова алаяқтық жасады деген күдікке ілінді

    Экс-судья Светлана Жолманова алаяқтық жасады деген күдікке ілінді

    Светлана Жолманова аса ірі көлемде алаяқтық жасады деген күдікке ілінген. Медеу аудандық полиция Басқармасы алаяқтық дерегі бойынша қылмыстық іс қозғады. Күдікті полицияға жеткізілді. Тергеу шаралары жүргізіліп жатыр, – деді Алматы қаласы полиция департаментінің ресми өкілі Салтанат Әзірбек.

    Естеріңізге сала кетейік, 2021 жылдың 28 сәуірінде Алматы қаласы Медеу аудандық сотының судьясы Светлана Жолманова алаяқтық жасады деген күдікке ілінген болатын. Тінту кезінде судьяның кабинетінен 10 мың доллар тәркіленген. Ол сот шешімін белгілі бір адамдардың пайдасына шығаруға көмектескен. 29 сәуірде Жоғарғы сот төрағасының өкімімен Светлана Жолманованың өкілеттігі тоқтатылды. 2023 жылдың 12 мамырында Тоқаевтың Жолманованы жұмыстан шығарғаны белгілі болды.