Метка: Сын

  • Депутат «Руың кім?» комедиясын сынға алды және фильмдерді алдын ала тексеруді ұсынды

    Депутат «Руың кім?» комедиясын сынға алды және фильмдерді алдын ала тексеруді ұсынды

    Мәжіліс депутаты Ерлан Саиров кейбір продюсерлер мен кәсіпкерлер трайбализмді коммерцияландыруда, мысалы, ру аттары бар киім шығаруда және жастарға рудың психологиясын насихаттауда деп сын айтты, деп хабарлайды Sona.kz Nege.kz-ке cілтеме жасап.

    Оның айтуынша, бұл тенденция кино саласына да жеткен. Апта бұрын прокатқа шыққан «Руың кім?» комедиясының мазмұны мен идеясы депутатта күмән туғызды.

    «Фильм авторлары не айтқысы келгенін түсіну қиын. Тіпті жарнамалық экспозицияда Қазақстан картасы үш жүзге бөлінген түрде көрсетілген, бұл жауапсыздықтың айқын көрінісі. Біртұтас мемлекеттің идеясы қайда? Творчестволық еркіндік қажет, бірақ ол ұлттық бірлікті бұзуға және мемлекеттің негіздеріне зиян келтіруге жол бермеуі керек», — деді Саиров.

    Депутат ақпарат және мәдениет министрлігі жанында отандық фильмдердің мазмұнын прокатқа шығару алдында тексеретін тұрақты көркемдік комиссия құруды ұсынды.

    Продюсерлік орталық Tiger Films 18 желтоқсаннан бастап «Руың кім?» комедиясын кинотеатрларда көрсетпейтінін хабарлады.

  • ПРЕЗИДЕНТ: денсаулық саласына 3,3 триллион теңге  бөлінді. Нәтиже жоқ

    ПРЕЗИДЕНТ: денсаулық саласына 3,3 триллион теңге бөлінді. Нәтиже жоқ

    Президент Қасым-Жомарт Тоқаев денсаулық саласына қыруар қаржы бөлініп жатқанын жеткізді. Бірақ, нәтиже жоқ деп сынға алды.

    «Биыл денсаулық сақтау саласына бюджеттен 3,3 триллион теңге қаржы бөлінді. Бірақ, оның нәтижесі әлі көрініп жатқан жоқ. Медициналық сақтандыру жүйесіне қатысушылар арасында міндеттердің дұрыс бөлінбеуі бұрмаланған ақпараттың көбеюіне әкеп соқтырды. Науқастарға мемлекет кепілдік берген қызметтерді ақылы негізде алуды немесе бірнеше ай бойы кезек күтуді ұсыну жайттары аз емес. Бұған жол беруге болмайды», -деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

    Президент бюджеттің мүмкіндігі мен міндеттемесін ескере отырып, мемлекет кепілдік беретін медициналық көмектің бірыңғай базалық топтамасын жасау қажет екенін жеткізді.

    «Ал одан асып кеткен шығынның бәрі сақтандыру жүйесі арқылы төленуге тиіс. Цифрландыру болмаса, мұндай ауқымды өзгерістерді сәтті жүзеге асыру мүмкін емес.
    Бір-біріне байланысы жоқ ондаған бағдарлама мен ақпараттар базасының орнына бірыңғай мемлекеттік медициналық ақпарат жүйесін жасау керек. Жаңа жүйе, меншік түріне қарамастан, мемлекеттік тапсырыс алатын медицина мекемелерінің бәріне толық бақылау жасалуын және мәліметтердің шынайы болуын қамтамасыз етуі қажет. Үкімет осы маңызды мәселені шешуге дереу кірісіп, бұл бағыттағы жұмыстың барысы жөнінде маған және депутаттық корпусқа есеп беріп отыруға тиіс», -деп толықтырды Мемлекет басшысы.

  • Қасым-Жомарт Тоқаев спорт саласын сынға алды

    Қасым-Жомарт Тоқаев спорт саласын сынға алды

    Қасым-Жомарт Тоқаев спорт саласын сынға алды

    Президент спорт саласында жемқорлық фактілері жиі кездесетінін айтты.

    Мемлекет басшысының айтуынша, соңғы бес жылда жоғары жетістіктер спортына шығын екі есе өскен, бірақ соған лайық нәтиже жоқ.



    «Салалық министрлік, Ұлттық олимпиада комитеті, өңірлердегі спорт басқармалары мен федерациялардың жұмысында олқылық көп әрі өзара үйлесімді жұмыс жоқ. Қазіргі жағдайға қарағанда, спорт функционерлері саланы дамытумен емес, миллиардтаған бюджет қаржысын игерумен әлек. Олар түпкі нәтижеге бас ауыртпайды. Спорт саласында жемқорлық фактілері жиі кездеседі. Бұл тек отандық спорттың дамуына ғана емес, елдің абырой-беделіне нұқсан келтіреді. Мұндайға жол беруге болмайды!» – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

    Президент бүгінде әр өңір қандай спортты қолдайтыны туралы шешімді өз бетінше қабылдайтынын сынға алды. Үкіметке жағдайды бақылауға алып, спортқа қатысты мекемелердің барлық деңгейіндегі басқару вертикалін қалпына келтіру жөнінде тапсырма берді.

    Мемлекет басшысы V Дүниежүзілік көшпенділер ойындарының мән-маңызына тоқталды.

    «Олимпиада кезінде түбі бір түркі жұрты өзара тілектестік пен жанашырлықтың шынайы үлгісін көрсетті. Спортшылар да, жанкүйерлер де көрші елдердің әрбір жеңісіне шын жүректен қуанды. Бір-біріне қолдау білдіріп, қажет болса көмектерін де аяған жоқ. Тіпті, балуандарымыз жеңіс тұғырына туған бауырлар сияқты бірге көтерілді. Көшпенділер ойындары бауырлас елдердің осындай мызғымас бірлігін бекемдей түспек. Сондықтан оны жоғары деңгейде ұйымдастыруымыз керек», – деді Президент.