Метка: сыйақы

  • 19 наурыздан бастап қазақстандықтардың банктік шоттарына сыйақы ақысы түсе бастайды

    19 наурыздан бастап қазақстандықтардың банктік шоттарына сыйақы ақысы түсе бастайды

    2026 жылдың 19 наурызынан бастап Қазақстан азаматтарының банктік шоттарына 1 пайызға дейінгі мөлшерде сыйақы нақтылана бастайды. Айта кетейік, бұл тәжірибеге соңғы 7 жыл бойы тыйым салынып келген еді.
    Жүйе қалай жұмыс істейді?
    Шоттағы қалдыққа пайыз қосу: Пайыздық мөлшерлеме шоттағы бар ақша сомасына есептеледі.
    Мысалы: Егер шотта 100 мың теңге жатса және жылдық мөлшерлеме 1 пайыз болса, бір жылда шамамен 1 мың теңге сыйақы алуға болады. Шоттағы ақша неғұрлым көп болса, сыйақы да соғұрлым жоғарылайды.

    Қайта есептеу: Егер шоттан ақша алынса немесе керісінше салынса, пайыз автоматты түрде қайта есептеледі. Сыйақы тек шотта іс жүзінде болған нақты сомаға ғана қосылады.
    Бұл жаңашылдық қатардағы ағымдағы шоттарды қаражат сақтау үшін тиімдірек ете түспек.

  • Қытайда қызметкерлерге ерекше сыйақы: қолы жеткенше ақша алуға мүмкіндік берілді

    Қытайда қызметкерлерге ерекше сыйақы: қолы жеткенше ақша алуға мүмкіндік берілді

    Қытайдағы өндірістік компания Henan Kuangshan Crane жыл сайынғы сыйақы акциясын өткізді. Биыл бонусқа шамамен 26 млн доллар бөлінген  бұл өткен жылмен салыстырғанда үш есе көп.

    Ақпаратқа сәйкес, қолма-қол ақша 800-ге жуық үстелге жайылып қойылған. Қызметкерлерге өздері қалаған мөлшерде ақша алуға рұқсат берілді. Қанша көтере алса, сонша. Акцияға компанияның шамамен 7000 қызметкері қатысты.

    Мұндай сыйақы беру компанияда жыл сайын ұйымдастырылады, бірақ 2026 жылы төлем көлемі айтарлықтай ұлғайған. Кәсіпорын басшылығы бонус мөлшерінің артуына қатысты ресми түсініктеме бермеді.

    Қытайда қызметкерлерді ынталандыру үшін ірі сыйақылар төлеу тәжірибесі бар. Дегенмен мұндай акциялар қоғам назарын аударып, төлемдердің ауқымына байланысты талқыланады.

    Сарапшылардың пікірінше, қосымша төлемдер компанияның қаржылық нәтижелерімен немесе білікті мамандарды ұстап қалу стратегиясымен байланысты болуы мүмкін.

    Құқық бұзушылық немесе шағымдар туралы ақпарат жарияланған жоқ.

  • Астанада дәрігерлерге 15 миллион теңге сыйақы берілмегені анықталды

    Астанада дәрігерлерге 15 миллион теңге сыйақы берілмегені анықталды

    Астана қаласының прокуратурасы елордалық ауруханаларда тексеріс жүргізіп, медицина қызметкерлерінің құқықтары бұзылғанын анықтады, деп хабарлайды Sona.kz Azattyq Rýhy-на сілтеме жасап.

    Тексеру нәтижесінде, кейбір медициналық ұйымдарда 90 миллион теңгеден астам міндетті зейнетақы және әлеуметтік аударымдар, сондай-ақ 15 миллион теңге көлеміндегі ынталандыру сыйақылары дәрігерлерге төленбегені белгілі болды.

    Прокуратура бұл жағдайды дәрігерлердің конституциялық құқықтарының бұзылуы деп таныды.
    Қадағалау органының араласуынан кейін барлық төлемдер толық көлемде жүргізілді. Сонымен қатар, кінәлі лауазымды тұлға әкімшілік жауапкершілікке тартылды.

  • Жемқорлық жайлы хабарлағандар 35,5 млн теңге сыйақы алды

    Жемқорлық жайлы хабарлағандар 35,5 млн теңге сыйақы алды

    Бұл туралы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің ресми өкілі Данияр Бигайдаров мәлім етті.

    «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет мәселелері бойынша 5,8 мыңнан кеңес берілді. Сонымен қатар сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық белгілері бар 862 хабарлама түсті. Call-орталық арқылы келіп түскен хабарламалардың нәтижелері бойынша ашылған қылмыстық істердің саны артып келеді. Сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық фактісі туралы хабарлаған немесе сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылға өзге де жолмен жәрдем көрсететін адамдарға, егер кінәлі адамға қатысты сот қаулысы немесе айыптау үкімі заңды күшіне енген жағдайда, біржолғы ақшалай сыйақы төленетінін еске саламыз», – деді Данияр Бигайдаров ведомствода өткен баспасөз мәслихатында.

    Ресми өкілдің мәлімдеуінше, сыйақы қағидалармен регламенттелген және сыбайлас жемқорлыққа нөлдік төзімділікті қалыптастыру және азаматтық қоғамды ынталандырушы тетік.

    «Сыйақы 10%-ға дейін, бірақ 4 мың айлық есептік көрсеткіштен аспайды. Яғни, сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтар туралы сенімді ақпарат бергені үшін 15,7 млн теңгеге дейін сыйақы көзделген. 2024 жылы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет жалпы сомасы 35,5 млн теңгеге 104 азаматты көтермеледі, оның ішінде 38 мемлекеттік қызметші грамоталармен марапатталды», – дейді ол.

    Еске сала кетейік, Антикор іске қосқан WhatsApp чат-ботына жемқорлық туралы хабарласаңыз, 15,7 млн теңге сыйақы алуға мүмкіндік бар.

     

  • Қаржы министрлігі: Мемлекеттік қызметшілерге сыйақы беруге тыйым салынған жоқ

    Қаржы министрлігі: Мемлекеттік қызметшілерге сыйақы беруге тыйым салынған жоқ

    Қазақстан Республикасы үкіметінің 2001 жылдың 29 тамызындағы №1127 қаулысына сәйкес мемлекеттік қызметшілерге сыйақы төлеу, материалдық көмек көрсету, лауазымдық айлықақыларына үстемеақылар белгілеу бюджет қаражатын үнемдеу есебінен ғана жүзеге асырылады. Бұл туралы Қаржы министрлігі мәлімдеді.

    Министрліктің мәліметінше, аталған қаулы арқылы шығыс баптарының нақты тізбесі айқындалған. Олардың есебінен үнемдеу қалыптасқан жағдайда ғана сыйақы төленуі мүмкін (іссапарларға, коммуналды және көлік қызметтеріне, байланыс қызметтеріне, үй-жайларды жалға алуға және т.б. шығыстар бойынша үнемдеу).

    «Бүгінде аталған қаулыға, сондай-ақ басқа да заңнамалық актілерге сыйақыларды шектейтін өзгерістер енгізілмегендіктен мемлекеттік қызметшілерге сыйақыларды беруге тыйым салатындай негіз жоқ. Қаржы министрлігінің осыған дейінгі хабарламасында үкімет қаулысының нормаларын бұлжытпай ұстану қажеттігі және бағдарлама әкімшілерінің қызметкерлерді тізбеде көрсетілгендерден бөлек бюджеттік баптардан қаражатты сыйақыға пайдалануға жол бермеу туралы айтылған болатын. Инвестициялық жобаларды іске асырудан және мемлекеттік аппараттың жұмысына әсер етпейтін материалдық активтерді сатып алудан үнемделген қаражат бюджетке қайтарылуға тиіс», – делінген хабарламада.

  • Жемқорлықты хабарлағанғандар 15 млн теңгеге дейін сыйақы алады

    Жемқорлықты хабарлағанғандар 15 млн теңгеге дейін сыйақы алады

    Жемқорлық фактілері туралы хабарлаған қазақстандықтар 15 млн теңгеге дейін сыйақы ала алады.

    Антикордың хабарлауынша, сыйақы көлемі 10%-ға жетеді. Бірақ 4000 АЕК- тен (14 млн 768 мың) аспайды дейді.

    «Биыл 9 айда пара беру немесе пара алуы мүмкін фактісі туралы Антикорға хабарлаған 76 азаматқа 28,9 млн теңге көлемінде сыйақы берілді»,- деді  Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің ресми өкілі Данияр Бигайдаров.